Математика пәнінен сабақ жоспары 10 саны

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: 10 саны

Мақсаты: Дамыту ойындары арқылы математикалық түсініктер туралы білімдерін бекіту; 10

көлеміндегі сандар құрамы туралы білімдерін пысықтау;

Балалардың ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз бетімен

ізденушілігін дамыту; Тура, кері санау, ауызша есептер шығару дағдыларын

қалыптастыру;

Балалардың сөздік қорын молайтып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытып,

шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;

Қажетті құралдар: Әліппе дәптер, жай қарындаш, көк және сары түсті қарындаштар.


Мотивациялық қозғаушы








Ізденіс. Ұйымдас-тырушы.


























































































Рефлексті коорекциялау.

-Балалар, бүгін біздің математика сабағымыз ерекше отеді. Біз сандар әлеміне, математика еліне саяхатқа шығамыз. Математика елі коптеген кішкентай қалалардан тұрады екен. Әр қалада ойындар мен тапсырмалар бар екен. Сендер дұрыс жауап берулерің керек. Барлықтарың математиканы біледі деп ойлаймын. Ендеше кеттік. Алғашқы қаламыз «Көңілді сандар» деп аталады екен.

Біз шашылған сандармыз,

Орнымызды табамыз.

Көңілді боп күлейік

Енді санап көрейік.

-Қәне, сандарды ретімен орналастырып шығуға атсалысып отырайық. Мен кімге допты лақтырамын, сол бала қажетті санды атап, допты өзіме қайтарады.

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,

Кері санау.

9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.

«Көңілді сандар» қаласымен қош айтысып, келесі қалаға аяқ басайық.

Бұл қаланың тапсырмасы 9-дан кейінгі санды табыңдар дейді. Қәне, кім біледі?

10 саны туралы түсінік беру.

10- екі таңбалы сан.

10 саны 2 цифрдан тұрады.

-Міне. Біз осылайша жаңа санмен таныстық. Олай болса, біз тоқтаған қаланың аты да «Жаңа сан» екен.

10 санын жазу бізге таныс. Өйткені оның құрамындағы 1 және 0 сандарын жазып жүрміз. Ал 10 саны осы екі цифрдан тұрады.

Әліппе дәптермен жұмыс.

«Суреттер» қаласының тапсырмасы.

  1. Суреттегі заттарды санап, санын анықтау керек.


Бас киім - 6

Етік - 3 ұптастыра санаймыз)

Киім ілгіш - 7

Қолғап - 3

Политра - 1 (бояу тақтасы)

Қылқалам – 7

Стакан - 7

Қолшатыр - 7

Жейде - 6

Бояу - 8

Доп - 7

Қуыршақ – 8

Кітап - 7

2 тапсырма «Пішіндер» қаласы.

-Мына тақтайшаларда не орналасқан?

Барлық тақтайшадағы дөңгелектер саны бірдей ме?

Осы дөңгелектерді қажетті түспен бояп, жасырын санды анықтауымыз қажет.

4+3

2+?

1+?

?+4

  • Балалар, осылайша «Сергіту» қаласына да келіп жеттік. Бұл қала тосын сұрақтарға толы екен. Олар:

1 Иненің неше көзі бар?

2 Қоянда құлақ нешеу?

3 Бағдаршамда неше көз болады?

4 Машинада неше дөңгелек бар?

5 Бір қолда неше саусақ бар?

-Қәне, бәріміз орнымыздан тұрып, саусақтарымызды көрсетейікші.

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ.

5-ті 5-ке қосқанда

Болды менде 10 саусақ.

-Осы сандарға байланысты кім санамақ біледі?

-Жарайсыңдар. Біз осы елдегі ееең улкен қала «Есептер» қаласына да келіп жеттік. Бұл қаланың ортасында улкеен «Тілек ағашы» бар екен. Сол ағашқа жету үшін есептерді шешуіміз керек.

1 «Көршісін тап»

? 3 ?

? 6 ?

? 9 ?

-Балалар, тілек ағашының жанында аңдар толып жүр екен. Олар бізді әрі қарай жібермей тұр. Өйткені олар жемтіктерін жинай алмай жатыр екен. Ал олардың үйшіктеріне 10-нан артық жемтік сыймайды. Ендеше осы аңдарға көмектесейік.

1 Аю 5 банка бал жинапты. Оған тағы неше банка керек?

2 Қоян 6 сәбіз жинапты. Оған тағы неше сәбіз керек?

3 Маймыл 7 банан жинапты. Оған тағы неше банан керек?

4 Тиін 8 жаңғақ жинапты. Оған тағы нешеуі керек?

5 Торғай 9 дән теріпті. Оған тағы неше дән керек?

Мінеки, балалар, көптеген тапсырмаларды орындай отырып, көөөп қиындықтарды жеңе отырып тілек ағашына да келіп жеттік.

Осы тілек ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді айтып, алдағы күнге деген тілектерімізді білдірейік.

Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқандарыңыз үшін рақмет.

Балалар қажетті құралдарын түгендеп, сабаққа әзірленіп отырады.














Сандарды рет ретімен атайды. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,

Керрі санайды.

9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.




  • 9-дан кейін 10 саны тұрады.







10 санын жазумен танысады.






Заттардың санын анықтайды.


6

3

7

3

1

7

7

7

6

8

7

8

7


-дөңгелектер орналасқан.

-барлық тақтайшадағы дөңгелектер саны 7.



4+3

2+5

1+6

3+4




-1

-2

-3

-4

-5


Жаттығуды бәрі бірге орындайды.




Санамақ айтып жарысады.







2 мен 4

5 пен 7

8 бен 10







-Аюға 5 банка бал керек.


-Қоянға 4 сәбіз керек.


-Маймылға 3 банан керек.


-Тиінге 2 жаңғақ керек.


-Торғайға 1 дән керек.



Әр оқушы тілек ағашымен тілдеседі.