Ашык сабак Дауыссыз дыбыстар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Қордай ауданы Жамбыл ауылы [pic]

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.

Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.

Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна

Сабақтың тақырыбы: Күз.Адамдардың күзгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты:1.Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру

2.Өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.

3.Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітап.

Сабақтың барасы:1. Ұйымдастыру.

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақ өту.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындалу.

Психолологиялық сәт:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жазда гүлдер тереміз,

Қыста шангы тебеміз,

Көктемде құрып серуен,

Күзде егін жинаймыз.

Думандатып өңірді,

Демаламыз көңілді.

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ біз бүгін күзгі далаға саяхатқа шығайық.

Бізге балалар ол үшін автобус керек.Балалар біз автобус алу үшін үй жұмысын сұрайды. Үйге қандай тапсырма берілді. Үйге:Көкөніс және өсімдіктердің көбеюі.Балалар мен сендерді үш топқа болейн.

[pic]

1-топ

Тапқырлар

Біз тапқыр баламыз,

Жақсыдан үлгі аламыз.

Ән шырқаймыз баримиз,

Бирге шыркаймыз баримиз.

2-топ

Зеректер

Біз зерек баламыз,

Әдепті баламыз.

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайнаймыз.

3-топ

Алғырлар

Біз алғыр балалар,

Білім жолын таба алар.

Біз білімді баламыз,

Жақсыдан үлгі аламыз.

Балалар енді үй жұмысын сұрайық.

1-топ:

Өсімдіктер қалай көбейеді?

2-топ:

Өскін дегеніміз не?

3.Өсімдік қалай бұтақтан көбейту?

1-топ:

Көкөніс дегеніміз не?

2-топ:

Көкөністерді қалай күтеміз?

3-топ:

Жылы жай дегеніміз не?

1-топ:

Көкөніс туралы жұмбақтар шешу.

Жылы киімди ұнатады,

Шешіндірсен жылатады.

(пияз)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыр киген тоы бар.

(орамжапырақ )

2-топ:

Көк лағым көгенде жатып семірді.

(қарбыз)

Бақшада бари өседі,асханаға келгенде, дәрумен боп келеді.

(дәрумендер)

3-топ

Аспай піскен, қайнамай түскен.

(жемістер)

Жерде жатқан алыста,

Құйрығы қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып ,

Әкелді әкем бір күні.

(Сәбіз)

Балалар енді біз саяхатымызды ары қарай жалғыстырайық.

Біз күзгі ағаштардын тапсырмасын орындайық.

[pic]

Жаңа сабақ өтейік.

Жаңа сабақ: Күз. Адамдардың күзгі еңбегі.

Тақырыпты түсіндіру.

Оқушыларға түсіндіру түсінік беру.

1-топ

Күз айы нешеге бөлінеді?

2-топ

Алғашқысы қалай аталады?

3-топ

Соңғысы қалай аталады?

Құстардың тапсырмасы:

1-топ

Күз дегеніміз не ?

2-топ

Күзде астықты не істейміз?

3-топ

Көкөністерден не жасалады?

Жануарлардың тапсырмасы:



[pic]

Сергіту сәті:

Жайдары күз,

Жарқын күз.

Аяулы күз,

Алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дарьядай шалқып жүр.

1-топ

Күзде көрністер қандай болады?

2-топ

Күздегі еңбекті кімдер жасайды?

3-топ

Диқан еңбегін қалай түсінесің?

Құстардың тапсырмасын орындайық.

Енді балалар мына соңғы тапсырманы орындайық.

[pic]



Құстар қайда кетеді?





Көкөніс піседі. Жапырақ сарғаяды.

Күз



күн бұлттанады



Астық орады.

Жемістер піседі.





Күзгі көрністерді бейнелеп суреттейік.

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

Әр топқа тапсырмалар беремін содан соң бари бірге күз өлеңмен аяқтау.

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық-алтын тау.

Балалар біз бүгін қайда бардық ? Күзгідалаға саяхатқа шықтық .Бұл күз

жазира даланың дархан дастарханы. Күз береке , күз мереке



[pic]

[pic]