Ашық сабақ Қыстап қалған торғайлар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


« [pic] Жұлдыз-ай » Тамды бөбекжай-

балабақшасының әдіскері











Тақырыбы: «Қыстап қалған торғайлар».

Мақсаты: Қыстап қалатын торғайлар туралы түсінік беру. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, ақыл- ойын дамыту. Торғайларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі: (Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектерімізді білдірейік. Күніміз нұрлыы болсын!)

Таңертенгі жылы сәлемдесу. Жылулық шеңбері.

[pic]

Мөлдір таза ауада

Табиғаттың бәрі оянады.

Оян сенде бар бала,

Қайырлы таң балалар!

Құстардың дыбысы.

Ғажайып сәт: Балалар бізге торғай қонаққа келген. Ол бізге тапсырмалар алып келді. Балалар қанеки тапсырмаларды орындап көрейік.

[pic]

  1. Тапсырма. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс

  • Қыс айларын атаңдаршы?

  • Желтоқсан,қаңтар, ақпан.

  • Қыста қандай өзгерістер болады?

  • Қар жауады, боран борайды, аяз болады, күн қатты суық болады, т.б.

  • Сендер қысты ұнатасыңдар ма?

  • (Балалардың жауабы)

  1. Тапсырма. «Торғайларға жем жинап берейік» ойыны.

[pic] [pic]

  1. Тапсырма. Айырмашылығын тап. (суретпен жұмыс)

[pic]

  1. Тапсырма. Жұмбақ шешу.

[pic] [pic]

  1. Тапсырма. Логикалық ойын есеп.

[pic]

Сергіту сәті.

1, 2, 3 - Торғай болып ұш.

4, 5, 6 - Торғай болып қалқы.

7, 8, 9,10 – Торғай болып қон.

[pic] [pic] [pic]

Құстар туралы тақпақтар айту.

Торғай.

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып-ап.

Бөтекесі бұлтиып,

Шиқ- шиқ етіп отырмақ. Нұрасыл.

Қарға.

Мынау қарға қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Тамақ тапса қарқылдап.

Топпен ұшар жалпылдап.

Сауысқан

Ала қанат сауысқан,

Жауыр көрсе жабысқан.

Ойжа жауыр көрінсе,

Ойбайлатқан сауысқан.

Қырда жауыр көрінсе,

Қаңқылдаған сауысқан.

Тәрбиеші:

  • Қыстап қалатын торғайлар жайлы не айтуға болады? Олар қысы- жазы өз мекенінде тіршілік етеді.

  • Торғайлар қыста немен қоректенеді деп ойлайсыңдар? Ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді.

  • Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді? Адамдар оларға жем шашар жасап, оған нан қоқымын және жем шашып береді.

Суретпен жұмыс.

[pic] [pic]

Қорытынды.

Балалар бүгінгі сабағымызды торғайды құрастырумен қорытындылайық.

[pic] [pic]

[pic]

Балаларды мадақтау.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.