Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Ербатыр» ересектер тобы
Білім беру саласы;Қатынас. Әлеументтік орта.
Бөлімі; Көркем әдебиет
Тақырыбы;«Бала-біздің болашақ» (өлеңді жаттау)
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың «Бала-біздің болашақ» өлеңінің мазмұнын ашу:
өлеңнің әр шумағын дауыс ырғағын келтіре отырып қайталау, жаттау;балалар
мерекесі туралы айтып жеткізу;мерекелік көңіл күйін ояту; балаларды
достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер,қажетті құралдар:, мерекеге арналған шарлар,жалаушалар,
слайд.
Сөздік жұмыс|: болашақ, шалқиды.
Билингвальді компонент:балалар-дети; болашақ-будущее;жаз-лето;бақытты-
счастливый.
Шаттық шеңбері Бала,бала, баламыз
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру-ізденушілік.
Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады;
Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңісте
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Жаз мезгілі несімен ұнайды?
-Жаз мезгілінің бірінші күні-«Балаларды қорғау күні».
-Балалар-болашақта елімізді, жерімізді қорғайтын азаматтар.
-Балалар, ол сендердің мерекелерің,
-Бүгін біз ақын Қасым Аманжоловтың «Бала-біздің болашақ» атты өлеңімен танысамыз.
Бала-біздің болашақ,
Сүйсінеміз, сүйеміз.
Бұл болашақ тамаша-ақ,
Болашаққа иеміз.
Сөздік жұмыс
Болашақ сөзі алдағы уақыт деген мағынаны білдіреді
Билингвальді компонент:
Балалар-дети:
Болашақ-будущее;
Жаз-лето;
Бақытты-счастливый.
Сергіту сәті
-Таңертең тұрғанда жазда нені көресіңдер?
-Күнді көргенде қалай қуанасыңдар?
-Күн бізге не шашады?
-Қане,алақанымызды күнге созайық.
Сұрақ-жауап
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Өлең шумағын қайталайық.
Дидактикалық ойын:
«Не болар еді?»
-Күн жоқ болса,не болар еді...
-Ауа жоқ болса, не болар еді...
Балалар өз ойларын толықтыра отырып,жұмбақтың жауабын айтады.
Жауабы; жаз мезгілі.
Балалардың жауаптары.
-Жаз мезгілінде күн ысиды.
-Әдемі гүлдер өседі.
-Көбелектер шығады.
-Суға шомылып, күнге қыздырынамыз.
-Жайлауға, ауылға,қалаға, ата-әжелерімізге қыдырып барамыз.
Балалар мұқият тыңдай отырып, өлеңді жаттап алады.
Болашақ-алдағы уақыт мағынасын білдіреді.
Қайталайды:
Балалар-дети;
Болашақ-будущее:
Жаз-лето:
Бақытты-счастливый.
Қимылмен көрсете отырып жасайды.
-Күнді.
-Алақай!
-Жылуын шашады.
Балалар қолдарын Күн жылуына тосады.
Өлең шумақтарын қайталайды.
Балалар шеңберге тұрып,педагогтің қойған сұрағына жауап беріп,сөйлемді аяқтайды.
Рефлексивті-түзетушілік
-Мереке сендерге несімен ұңайды?
-Мерекеде қайда бардыңдар?
Балалар өз ойларын айтады.
-Мерекеде саябаққа қыдырамыз.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: өлең шумақтардын мәнерлеп айтады.
Түсінеді: болашақта үлкен азамат болып өсетіңдерін түсінеді.
Қолданады: мереке туралы өз ойларын айтады.