11ден 20ға дейінгі сандар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 0 «Ә»

Күні:22.04.2016ж.

Пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру


Тақырыбы: 11-ден 20-ға дейінгі сандар


Мақсаты: Балаларды 20-ға дейінгі сандармен таныстыру; 20 көлемінде реттік санауға үйрету, кері санауды және тура санауды ,

Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету,ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

Балаларды адамгершілікке,ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік,логикалық есептер.

Сабақ көрнекілігі: сызба қағазы, цифрлар, сиқырлы кесте, геометриялық фигуралар.

Оқу іс – әрекетінің барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Кәне бәріміз тұрып амандасайық.

1. Балалар хормен:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барлық жанды құрметтеп

Бас иеміз біз.

2. Балалардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. Қане, балалар кімде дөңгелек пішіндес заттар , сол балалар «ДӨҢГЕЛЕК» тобы, кімде төртбұрыш пішініне ұқсас заттар солар «ТӨРТБҰРЫШ» тобы, кімде үшбұрыш пішіндес заттар сол балалар «ҮШБҰРЫШ» тобы болады. Әр топты мына жұлдызбен бағалап отырамыз. Сабақ соңында қай топтың жұлдызы көп, сол топ жеңіске жетеді.

2.Қызығушылықты ояту.

1, 2, 3

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз!

Балалар , біз өткен сабақтарда 1-10, 11-20 ға дейінгі сандарды тура және кері санауды үйрендік , солайма. Ал енді мен үш топқа тапсырма беремін. «ДӨҢГЕЛЕКТЕР» 1-10 ға дейінгі сандарды тура және кері санап береді, «ҮШБҰРЫШ» тобы 11-20ға дейін тура және кері санап бере қойың. Ал, «ТӨРТБҰРЫШ» 1-20ға дейін тура санап береді

Жарайсыңдар

. [pic] [pic]

Балалар бүгінгі математика сабағы ерекше болмақ.Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік

[pic]

Балалар,мысықпен бірге тапсырмаларды орындап,мысықтың қатықты табуына көмектесуіміз керек.

Ендеше сендерге сәт сапар!

[pic]

Мысықпен бірге сиырдың дайындаған тапсырмасын орындаймыз.

Бос орынға тиісті пішінді сал

[pic]

Ағаштың тапсырмасы:

«Кім білгіш» ойыны.


[pic]

Қыздардың тапсырмасы:

III. Сергіту сәтін орындау


[pic] IV.Дәптермен жұмыс:

Дүкеншінің тапсырмасы:

2 тапсырма. Әр қатардың суретін толықтыру [pic]

Алдарына берілген 11, 14, 12, 15 сандары жазылып, гүлдер салынған суретті толықтыру

. [pic]

«Тауықтың тапсырмасы:

3 тапсырма. Әр қатарды осы топқа жататын заттың суретімен толықтыру

Оларды бір сөзбен ата. Гүлдер, жемістер, жәндіктер екенін айту, қалған суреттерді жапсыру.

[pic]



«Тышқанның тапсырмасы»

4 тапсырма. 19-20 сандарын жазу.

[pic]

[pic]


V.Бекіту

Сұрақ-жауап әдісі арқылы 20-ға дейінгі санау туралы алған білімдері пысықталады.топқа «Адасқан сандар» тақтаға кесте ілінеді, 11-20 арасындағы сандар жоқ. Сол сандарды қойып шығады.

Оқушылардың білімдерін тексеру. Әр топқа ретсіз жатқан сандар беріледі. Сол сандарды ретімен орналастыру.

Балаларды мадақтау.