Қазақ тілінен Отбасы тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектепалды даярлы тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:___

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: _ Отбасы

Ана, әке, ата, әже, аға, іні, сіңлі, қарындас яғни тақырыпқа байланысты сөздерді,өз отбасының мүшелері туралы айтуғаүйрету.

Сөздік қорларын молайту, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру, кім деген сұраққа жауап беруге дағдыландыру.

Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.Балаларға үйрету.

Қажетті құралдар: Суреттер, ақ қағаз бен бояу қарындаштар

Сөздік жұмысы\Билингвальді компонент: Ана- мама, әке- папа, ата -дедушка, әже- бабушка, аға -старший брат, әпке- старшая сестра, іні- младшкий брат, сіңлі- младшая сестра, қарындас -младшая сестра по отношению старшему брату.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен амандасу:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қалдарың жақсы ма?

Балалар бүгін бізде қонақта сендердің достарың Әлия.

Ол сендерге өзінің фотоальбомын ала келіпті.

Менің көргім келіп тұр, сендердің ше?


Педагогпен амандасады.

Сәлеметсіз бе!

Жақсы.





Иә.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Балалар, Әлия өз фотоальбомында өз отбасының суреттерін жапсырыпты.

Қанеки, танысалық.

Сөздік жұмысы.

Тыңда, қайтала.

Ана-мама, әке-папа, ата-дедушка, әже-бабушка, аға-старший брат, әпке-старшая сестра, іні -младший брат, сіңлі-младшая сестра, қарындас-младшая сестра по отношению старшему брату.

Әр сөзді жеке-жеке таныстыру.

Жалпылай қайталату.

Жекелей сұрау.


Бұл кім? Мақсаты: Жаңа сөздерді есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шарты: Балаларға бір-бірден карточка таратылып беріледі. Балаларға қолдарындағы суретін Бұл-...деп толық жауап берулері қажет.


Сергіту сәті:

Бас бармағым атам,

Балан үйрек әжем.

ортан терек әкем,

Шылдыр шүмек анам.

кішкентай бөбек мен.

«Менің отбасым»

Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс.

Балаларға отбасы мүшелерінің суретін салуды тапсыру. (2-3 минут)

Сөздік жұмысын жүргізу.

Мынау- менің атам-это моя дедушка, әжем-моя бабуша, әпкем-моя сестра, қарындасым-моя сестренка. Оның аты-его зовут.

-жақсы, жарайсыңдар. Балалар енді мен сендерге салған суреттеріңді өткізулеріңді сұраймын.

1.Отбасы мұражайын жасау.

2.Балаларды сұрақтар қою және соларға жауап беруге үйрету.

Мынау кім?

-Мынау- менің-атам. Мынау- менің әжем. Мынау- менің ағам.

3. Балаларды кезекпен мұражайға шақырып өз отбасы жайлы айтуды сұрау.


Саяхатқа кімді аласың?

Мақсаты: Менің отбасым тақырыбын пысықтау.

Шарты: Балалар саяхатқа бірге барғысы келетін отбасындағы адамдарды атайды.

-Балалар сендерді Әлия Алматы қаласына қонаққа шақырды. Қонаққа поезбен барамыз. Қонаққа өздеріңмен бірге қалаған отбасы мүшелерін алып баруға болады. Қанеки ойланыңдар кімді аласыңдар, сол адамды вагонға орналастырыңдар.?









Жаңа сөздерді үйренеді.

Әр жаңа сөзді хормен және жекелей айтады.






Суреттер бойынша жаңа сөздерді айтады.

-Бұл-ана.

-Бұл-әке.

-Бұл- ата.

-Бұл- әже.

Бұл отбасы. т.б.





Өлең жолдарын қайталап, саусақтарымен қимылдарды жасайды.


Балалар ақ бетке өз отбасыларының суреттерін салады.



Сөйлемдерді қайталап айтып жаттығады.













Өз отбасы туралы әңгімелеп айтады.













Балалар поезд вагонына отбасы мүшесіндегі қалаған адамның суретін жапсырады, атап айтады.


Рефлекциялық-түзетушілік

А) Сұрақтар:

Балалар, бүгін біз сабақта не жайында үйрендік?

Ә) Кімге бүгінгі сабағымыз ұнады?

Осымен сабағымыз аяқталды. сау болыңдар!

Сұрақтарға жауап береді.



Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Отбасы туралы, отбасы мүшелері туралы түсініктері бар.

Ана, әке, аға, іні, қарындас, әпке, сіңлі, ата, әже сөздерін игерді.

Өз отбасы жайлы әңгімелеп айтуды меңгерді.