Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет «Сенсорика әлеміне саяхат».

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру облыстары: Таным, Денсалық, Қатынас, Шығармашылық.

Бөлімі: Сенсорика, мүсіндеу, дене тәрбиесі, тіл дамыту.

Тақырыбы: «Сенсорика әлеміне саяхат».

Мақсаты: Балаларда заттық – жабдықтық әрекетті қалыптастыру: таяқтың көмегемен түрлі түсті заттарды өзіне қарай жылжыту; Өткен тақырыптарды қайталау, бекіту.Ұсақ қол моторикасын жетілдіру; ауызекі сөйлеуде тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұзындықтары 30 – 35 см таяқшалар, қалындығы 0,5 см ден 1см ге дейінгі түсті сақиналар (пластикалық пирамидаларды қолдануға болады), ойындарға керекті құралдар.

Сөздік жұмыс: сақиналар, таяқша.

Билингвальді компонент: сақиналар – колечки.

Әдіс тәсілдері: әнгімелеу, дидактикалық ойындар, суреттер, слайд.

Мотивациялық қозғаушы:

Сәлемдесу:

Алдымыздан кезекпен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсізбе, балалар?

Сәлеметсізбе апайлар?

Шаттық шеңбері:

Біздің топта ұл, қыздар

Тату тәтті ойнаймыз.

Айналаға бар адамға

Тек мейірім сыйлаймыз!

Қонаққа Маша қыз келеді, балаларды орманға қонаққа шақырып, көмек сұрайды:

Сәлеметсізбе, балалар? Мені танып тұрсыз ба? Мен сіздің досымыз Машамын. Біздің орманымызда барлық аңдар көңілсіз, ренжіп жүр. Менімен орманға барып, аңдардың көңілін көтерейікші. Барасыңдар ма?

Әрине барамыз Маша.

Ұйымдастыру – ізденушілік:

Оманға кедергі жолдармен бару.

Тыныс алу жаттығулар.

1. Тиіндарға көмектесу.

Д. ойын: «Сақинаны ал»

Шарты: балалар кезекпен сақиналарды таяқшамен 30 – 35 см таяқшалар, қалындығы 0,5 см ден 1см ге дейінгі түсті сақиналар (пластикалық пирамидаларды қолдануға болады) бейнеленген жерге дейін жылжытады.

Билингвальді компонент: пирамида – пирамида, сақиналар колечки

Сөздік жұмыс: сақиналар, таяқша.

Д.ойын: «Пирамиданы толық жина»

Шарты: ең үлкен сақинаны назарларына ала отырып, балалар пирамиданы көлемі бойынша толықтай жинайды.

2. Қонжықтарға көмектесу.

Д. ойын: «Түстер бойынша айыр»

Шарты: балалар конструкторды сары және жасыл түсі бойынша айырып, жинайды.

3. Иттерге көмектес

Д.ойын: «Үлкен – кішкентай»

Шарты: Иттерге көлемі бойынша заттарды орналастыру.

4. Қояндарға көмектесу.

Д.ойын: «Көкөністер»

Шарты: балалар кияр және қызанақтарды пішіні, түсі бойынша айырады.

Кедергі жолмен топқа келу.

Машаға сыйлыққа моншақ жасап беру.

Шарты: балалар үлкен және кішкентай моншақтарды жипке кезекпен өткізеді.

Рефлексиялық –түзетушілік

Машамен қоштасу.

Біз орманға бардық,

Жан – жағымызға қарадық.

Қоян шықты секіріп,

Түлкі шықты майысып,

Қасқыр шықты ырылдап,

Аю шықты қорбаңдап.

Тып – тыныш боп қарадық

Тобымызга қайттық.

Балалар, біздерге қонаққа бүгін кім келді? Біздер қайда бардық? Нелерге көмектестік?

Қол ұстасып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескенше күн жақсы

Сау саламат болайық!















Мәртөк ауданы, Саржансай ауылы, №5 «Балбөбек» бөбек – бақшасы.

Бекітемін:_______________

меңгеруші Шакбитова К.М.



Ашық сабақ

«Балапан тобы»

Тақырыбы: «Сенсорика әлеміне саяхат»

Тәрбиеші:Журунтаева Ж.К.



[pic]

2016 оқу жылы.