Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Нуркубаева А
Күні: 04.09. 2015ж.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімдері: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі,жұптасып жүру»
Мақсаты: Саптағы және саптағы қозғалыстағы жаттығуларды орындау арқылыбалалардың жаттығу жасау қабілеттерін арттыру. Бірінің артынан бірі сап түзеп жүріп келе жатып жүру, секіру, жүгіру түрлерін орындай білуге үйретуді жалғастыру. Жаттығулардың жасалу техникасын түсіндіре отырып, берілген жан - жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы, дәлме - дәл орындай білуге, орындау кезінде денені әрқашанда түзу ұстап, сергек те жинақы, белсенді бола білуге үйрету.
Дәлел - ояту
Балаларды ұйымдастыру. Бірінің артынан бірі сапқа тұрып, тізбектеле жүруге үйрету. Сабаққа қызығушылықпен қатысуға жағдай жасау.
Балалар сап түзеп әуен ырғағымен залды айнала жүреді, түзу қолды жанынан жоғары көтеріп жүру; шапалақтау, түсіру; қолды артқа сермеу, алға, артқа айналдыру; қолды белге қойып аяқ ұшымен жүру; қолды желкеге қойып өкшемен жүру; қолды белге қойып тізені бүгіп жүру; теріс қарап жүру;
Ұйымдастыру-іздену
Сапқа тұрғызып өткенді естеріне түсірту.
жан - жақты дамытатын жаттығулар:
1. Қалыпты жағдай, аяқ бірге арқан төменде
1 - басты оңға ию, 2 - қалыпты жағдай, 3 - солға ию, 4 - қалыпты жағдай;
1 - басты оңға бұру, 2 - қалыпты жағдай, 3 - солға бұру, 4 - қалыпты жағдай;
1 - жоғарыға қарау, 2 - қалыпты жағдай, 3 - төменге қарау, 4 - қалыпты жағдай;
2 рет қайталау
Негізгі қимылдар: Басына құм салынған қалташаны қойып, арқан үстімен табанды түгел тигізе отырып тепе - теңдік сақтап жүру
Доға астымен жерді ұстамай бір қырындап өту
1. «Өз жұбыңды тап»
Ойын шарты: Балаларға екі түсті жалауша таратылады, әр бала бір жалаушадан, музыка ойналады, балалар алаңда жүгіреді, музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады, жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар:
Перизат, Перизат
Аузыңды ашып құр қалма
Серігіңді тез таңда, - дейді
Ескерту: Жүгірген кезде балалар жалаушаларды жоғары ұстауы тиіс. Бірінші жұп қайталанбауы керек.
2. «Жер, су, ауа»
Ойын шарты: Дөңгелене тұрған балаларға бастаушы допты лақтырып жіберіп,»жер» десе жануардың, жәндіктердің атын атауы керек, «су» десе балық, «ауа» десе құс атын атауы керек. Жауаптан шатасқан бала айыбын өтейді.
Ескерту: допты ұстап кідіртуге болмайды, жауабын айтып қайта тез лақтыруы шарт.
Рефлексифтік-түзету
Қорытынды.
Тыныс алу жаттығуларын орындату. Релаксациялық жаттығулар орындату.Балаларды шеңберге тұрғызып, мақтау.
Ойыннан соң балалар сап түзеп залдан шығады
Күтілген нәтиже:
Білу: Бірінің артынан бірі сап түзеп жүріп келе жатып жүру, секіру, жүгіру түрлерін орындай білу
Меңгеру: негізгі қимылды сапалы, дәлме - дәл орындай білуге, орындау кезінде денені әрқашанда түзу ұстап, сергек те жинақы, белсенді болуды