Қызықты математика
Мақсаты:
Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдету,геометриялық пішіндерді тануға,тура және кері санауға ынталандырып,тапсырмалар арқылы ықпал ету,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Шаттық шеңбер
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрек жылуымызды
Қонақтарға сыйлайық.
Армысыздар,апайлар,
Армысыздар ,балалар!
Апта туралы
Дүйсенбіде доп ойнадым далада,
Сейсенбіде серуен құрдым қалада.
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім, әндетіп
Жұма күні жидектерім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым демалдым
Осылайша өте шықты бір апта
Тышқанның тапсырмасы
Сандарды тура және кері сана
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
Бақаның тапсырмасы
Салынғын пішіндерді жалғастырып аяқта
Қоянның тапсырмасы
Қасқырдың тапсырмасы
Бір дегенде тұрайық
2,3,4-алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Бір жүгіріп алайық
5 дегенде асықпай
Орнымызды табайық
Түлкінің тапсырмасы
Суреттерді санап тиісті санын қой
[pic] [pic] [pic] [pic]
[pic]
Аюдың тапсырмасы
Санамақ
Бір дегенім-бесік шықтым одан өсіп
Шықтым одан өсіп
Екі дегенім-елім,
Дала, тауым, көлім
Үш дегенім-үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт
Жұмбақ есептер
Ойын:
«Неше болса,сонша»
Шарты:
Балалар алдарыңдағы дискіні алып,онда қандай сан көрсетілсе,сонша
қыстырғышты ұыстыру керек.
Ойын:
Дұрыс таңда
Шарты:
Сылдырмақтың соғылуын тыңдап,неше
рет соғылғанын санап айтып беру керек.
Түрлі-түсті тамшылар
Шарты:
Балалар, шашылып жатқан түрлі –түсті тамшыларды теріп,қандай
түс екенін ажыратып айту керек.
Қорытындылау.