Күні : ___________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі : Мүсіндеу
Тақырыбы :Үлкен және кіші санырауқұлақтар
Сабақтың мақсаты: Пішіні домалақ және көлемі әр түрлі заттарды илеу дағдысын бекіту
Міндеттері:
1. Балалардың өздеріне таныс бірнеше бөліктен тұратын заттарды мүсіндей білу дағдыларын бекіту
2. Жұмыстың нәтижесіне жетуге қызығушылығын арттыру
3. Саңырауқұлақты мүсіндеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың қажетті құралдары: : ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар, сүлгі, үлгі суреттер.
Билингвальдік компонент: Саңырауқұлақтар -грибы _____________
І.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңберге тұрғызады .
Сәлеметсіндер ме , балалар! Қалдарын қалай? Қазір біз сендермен күз мезгілін еске түсіріп, саяхатқа шығамыз.
Балалар шаттық шеңберге тұрып шаттық шеңбердің тақпағын қимылмен қайталайды.
ІІ. Ұйымдастурышылық –ізденістік
- Біз бұл саяхатқа қандай көңіл күймен барамыз? Көңілді, қуанышты болсын деп, күннің өзіде күлімдеп сәт сапар тілейді!
- Мына соқпақ жол бізді орманға апарады (тақтада күзгі орман көрінісінің суреті). Күздің салқын, самал желі есіп түр, аққайыңдардың бұтақтары қозғалып, жапырақтары бір-бірімен сыбырласып тұрғандай.
- Кәне, бәріміз қайыңдар тәрізді теңселіп көрейікші.
Ал, енді міне саңырауқұлақтар өсіп тұрған алаңға да келіп жеттік (тақтаға тағамға пайдаланатын және улы саңырауқұлақтардың суреттері ілінеді).
-Біз қандай саңырауқұлақтар жинасақ екен?
-Олардың исі бар ма? Саңырауқұлақтар әр түрлі жерлерде өседі, кейде топ-топ болып топталып өсетіндері де кездеседі. Олардың ішінде улы саңырауқұлақтар да бар, біз оларды алаңда қалдырамыз, жинамаймыз.
Орманда осындай саңырауқұлақтар көп өседі екен. Олардың ішінде топ-топ болып бірі үлкен, бірі кіші болып өсетіндері де кездеседі. Мұндай саңырауқұлақтарды "отбасылық саңырауқұлақтар" деп те атайды. (Тәрбиеші осындай саңырауқұлақтардың суретін көрсетіп, сұрақ қояды).
- Саңырауқұлақтар қалай орналасқан?
- Екі кішкентай саңырауқұлаққа қараңдаршы, олардың айырмашылығы бар ма?
Билингвальдік компонент: Саңырауқұлақтар -грибы _____________
Сергіту сәті:
Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,
Кейде оны жұлуға да қимаймыз.
Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,
Шын жүректен аналарға сыйлаймыз
Жұмысқа кірісу
Тәрбиеші саңырауқұлақтарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді ( үлгіге қарап талдау жасайды).
1. Алдымен ермексаздың бір кесек бөлшегін алып оны шұжық тәрізді алақан арасына салып есеміз, ол саңырауқұлақтың сабағы болады.
2. Келесі кесек бөлшекті алып алақан арасына салып немесе тақтайшаға қойып айналдырып домалақтаймыз да оны шеттерін саусақтармен басып жалпақтаймыз. Бұл - саңырауқұлақтың қалпағы.
3. Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз.
Балалар пайдалы саңырауқұлақтарды жинап , улы саңырауқұлақтарды қалтырады.
Сергіту сәтіндегі тақпақты бірнеше рет қайталап, қимылмен көрсетеді.
Балалар тәрбиешіге қарап қайталайды.
Алдымен шұжық тәрізді сабақ жасайды. содан кейін қалпағын жасайды. бөліктерді біріктіреді.
Балалар жұмыстарын аяқтауға тырысады.
ІІІ. Рефлексиялық қозғаушылық
Балалар жұмыстарын талдау.
Жұмыс аяқталғанда алаңдағы өсіп тұрған көп саңырауқұлақтарды тамашалап, ең жақсы жасалғандарын ерекше атап ету Орындалу мәнеріне назар аудару.
Күтілген нәтиже
Біледі: Орманға саяхат жасау.
Игерді: Саңырауқұлақтардың қасиеттерін.
Меңгерді: Саңырауқұлақты мүсіндеу.