Сценарий к утреннику 22 марта

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Жыл басы - Наурыз»
Мақсаты:
балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т. б. с

Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.
ІІІ. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.
1 - Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
2 - Халық әндерімен билерін тамашалау.
3 - Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
4 – Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау ) наурыз көже ішуден сайыстар.
5 – «Достығымыз жарасқан» Ұлттық билерден сайыс. ( әр ұлт өкілдерінің киімін киген б
үлдіршіндер билейді ) Би «Шашу» орындайтын: ортаңғы топ Жанкарина Анель
Жүрісі:
жүргізуші:
Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп» қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.
Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.
Нұрбек ағай сіз білессіз бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
жүргізуші:
Иә, иә, менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді.
«Қызыр Ата» келеді бата береді.
жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Ән « Наурыз – думан»
жүргізуші:
Ұлыс оң болсын!
Ақпан кетті араз боп Наурызбенен.
Наурыз жүр жоғалған бағын іздей,
Көктем жетті көрісіп жанын іздей
(көтеріңкі көңілмен дабырласып көріседі, көрінісі көрсетіледі) Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем қылып, ал бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады да Наурыз көже ұсынады.
1 жүргізуші: Нұрбек Бекбауов
Наурыздау, ауыл аралап көрісу қазақ даласында үш күнге созылған (22 - 24 наурызда). Осы күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы болған.
22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.
Ән: « Қош келдің - Наурыз»
Ер жігіттер арасынан Наурыз көже ішуден сайысымызды басталық. Қане аулымыздың жігіттері қайда. Ортаға 4 –
бала шығарылады.
жүргізуші:
Кезекті әнге берелік «Сәукелелі ару қыз»
(Осы жерде қазақ киім киген қыз балалар сән үлгісін көрсетуі арқылы шығады, қазақы қол өнерлерін алып көрсетеді ).
жүргізуші:
«Тұсау кесер» рәсімін жіберейік «Шілдехана әні» орындалып тұрады. ( Тұсау кесілгеннен кейін ) «Тәй – тәй» әнін әжелер орындайды.
Ендігі кезекте
«Теңге алу» ойынна кезек берелік.
жүргізуші:
Келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге арналған
«Арқан тарту» кезегіне берелік
жүргізу
ші:
Осымен
Ортаңғы «Бауырсақтар» тобымен ұйымдастыруымен өткен «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.

















ЖШС «Раиса» балабақшасы











[pic]



Ересек «Баурсақтар» тобы







Тәрбиеші- практикант:

Темиртаева Л.З









Ертіс ауданы 2016жыл