«Балабақша қызметкерлерімен психологиялық портреті» (тренинг)
Мақсаты: Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мәлімет беру.
Қажетті құралдар: суреттер, магнитофон, нақыл сөздер, тренинг ережесі, шар, маркер, ақ парақ.
Тренинг барысы:
Психологиялық бағыт беру ( жайлы әуен ойнап тұрады)
-Сәлеметсіздер ме, құрметті балабақша қызметкерлер.
Әрбір адам өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?!
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым-қатынас жасай білу-үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.
Адамның қарым –қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы.
І бөлім.
Осы мақсатқа жету үшін, мен мынандай 5 қадам жасар едім:
Көзқарас. Қалай ойлайсыздар, көзқарас қарым-қатынас үшін қажет пе? Әрине қажет, адам біреумен танысу үшін, тілдесу үшін –алғашқы қадам көзқарастан басталады, махаббаттың өзі алғашқы көзқарастан тұрады. (Мысалдар келтіру)
Сөз. Адам тілдескенше дегендей , сөз қатынас құралы, сөз арқылы адаммен тілдесіп, жаңа дос тауып, қарым-қатынас жасаймыз.Ол адамға кішкене көңіл білдіріп, комплимент айтсаң, көңілі жадырап, танымаса да сізбен тілдесіп кетеді. (мысалдар келтіру)
Тақырып. Екі адам тілдескенде тақырып ортақ болса, қарым-қатынас жасауға жеңіл бодады. Ой бөлісу, бір-бірімен тіл табысу осы тақырып арқылы өрбиді
Іс-әрекет. Досыңның іс-әрекетіне, қарым-қатынасына, сенде ілесіп, сондай қимылдар жасауға тырысуың керек.Сонда ғана қарым-қатынас жүзеге асады.
Ары қарай қарым-қатынасты жалғастыру, ол адаммен тілдесіп, сөйлесіп, кездесіп тұру қажет. ( педагогтар пікірін тыңдау)
ІІ бөлім.
Құрметті әріптестер қазір мен Сіздермен кішкене жұмыс жасап жіберейін Тапсырма: Зейінді болыңыз. Бір қаладан екінші қалаға автобус айдап келе жатырсыз. Автобуста ешкім жоқ. Бірінші аялдамада автобусқа 5 адам отырды,келесі аялдамада тағы да 6 адам отырып, 3-уі түсіп қалды. Сосын автобусқа 9 адам отырып, 2-уі түсіп қалды, тағы да 3-уі отырып, 8-і түсті. Соңғы аялдаманың алдындағы аялдамада автобусқа 6 адам отырып, 1-уі түсіп қалды.
Сұрақ: Автобуста қанша адам келе жатыр, жолда неше аялдама болды, жүргізуші қанша жасты, оның аты кім?
( Педагогтар жауабы)
ІІІ бөлім.
Соңғы бөлімде мен сіздерге Сьюзен Делинггер әдісі : «Психогеометриялық тест» жеке тұлғаны пішіндер арқылы зерттеу жұмысын жүргіземін.
Мақсаты: Психогеометрия – жеке тұлғаны анықтауға арналған ең ыңғайлы жүйенің бірі. Ол арқылы әр адамның жеке мінезін, қабілетін, ерекшелігін анықтауға болады.
Жүргізілу барысы: Мына төмендегі геометриялық фигуралардың біреуіне қарап «Бұл – мен!»- деп айта аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз , онда осылардың ішінен сізге қайсысы ұнайды, соны таңдап белгілеуге болады.
Ол үшін дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, зигзаг пішіндері қолданылады.
Геометриялық фигуралардың ерекшеліктері.
Төртбұрыш – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, бөлшектерге, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты т.б
Үшбұрыш –көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш т.б.
Шеңбер – қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоциональды, сезімтал, сенгіш т.б.
Қорытынды: Қатысушылар тренинг барысында өздерінің алған әсерлері туралы айтады.
Сонымен, тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген сөзімен аяқтай отырып, тренингімізге қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет айтамыз
[pic]