Сабақтың тақырыбы: §4. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: §4. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: автоматты бөлшектеу және жинақтау ретінде түсіндіру;

Дамытушылық: автоматты бөлшектеу және жинақтауды үйрету оған қабілеттілігін арттыру және дамыту; Тәрбиелік: еліңді, жеріңді сүюге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, Отан қорғауға дайын болуды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне деген құрметке, батылдыққа және патриоттыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, АК-74, автоматты бөлшектеп жинақтайтын арнайы стол немесе ақ мата Өтетін орны: кабинет Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Взводты үш лекке тұрғызу, Взвод басшысының мәліметін қабылдау, Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын, тазалығын, әскери және спорт киімдерін тексеру. Үй тапсырмасын тексеру Автоматтың қолданылуы мен ұрыстық қасиеті. ҚРҚК-де қандай автоматтың түрлерін пайдаланылады? 1974 ж дейін кеңес жауынгерлері қандай қару қолданып келеді. Жаңа сабақ Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. Автоматты бөлшектеп және жинақтау үшін арнайы стол немесе ақ мата үстінде шашып жинайды. Автоматты 45-60 градуста ұстап, оқ бар ма жоқ па тексеріп көреді. Автоматты бөлшектеудің екі түрі бар: Толық бөлшектеу; Толық емес бөлшектеу. Толық бөлшектеу – автоматты көп уақыт жаңбырдың, қардың, құмды жерлерде немесе ұзақ сапарда болғанда толық майлау, жөндеу кезеңінде болады арнайы мамандар жасайды. Жартылай бөлшектеуді оқушыларға, курсанттарға, әскер қатарындағы сарбаздарға рота старшинасы бөлімше командирлері үйретеді. Сарбазавтоматты тазалап, майлап тұруға өзіне бекітілген автоматтың ұңғысындағы нөмірін білуге тиіс. Автоматты АКМ, АК-деп қысқартып айтуға болады, уақытпен тездетіп бөлшектеп қайтадан жинау үшін орындайтын арнайы нормативтер мына төмендегідей: Бірінші жаттығу: Бөлшектеу үшін: жалпы әскерлік «Үздік» - АК – 74 13 сек; «Жақсы» - АК – 74 14 сек; «Қанағат» - АК – 74 17 сек; Екінші жаттығу: Жинақтау үшін: жалпы әскерлік «Үздік» - АК – 74 23 сек; «Жақсы» - АК – 74 25 сек; «Қанағат» - АК – 74 30 сек; Оқжатарды жарақтау: Оқжатарды жарақтап, автоматқа қосу. Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі: Оқжатарды бөлектеу; автоматты 45-60 градуста ұстап, оқтың бар жоғын тексереді. Жабдығымен пеналды дүм ұясынан шығарып алу. Сүмбіні алу. Ұңғылы тежеуіш компенсаторды алу. Ұңғы қорабының қақпағын алу. Қайтармалы механизмді алу. Газ поршенді бекітпе жақтауын алу. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Ұңғылық жабуы бар газ түтігін алу. Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібі: Ұңғылық жабуы бар газ түтігін қосу. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Газ поршенді бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. 4. Қайтармалы механизмді қосу. 5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. 6. Шүріппені ұрыстық қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. 7. Автоматқа ұңғылы тежеуіш компенсаторды қосу. 8. Сүмбіні қосу. 9. Жабдығымен пеналды дүм ұясына қосу. 10. Оқжатарды автоматқа қосу.Оқушылар үшін сайыс жаттығулар Автоматты ұстау тәртібі, автоматтың бөлшектерін аттарын атау. Автоматты бөлшектеу және жинақтау уақытқа. Оқжатарды жарақтау уақытқа. Қорытынды. Сабақты қорытындылау. Түсінбегенін сұрау, жауап беру. Үйге тапсырма. Автоматты бөлшектеу және жинақтау Взвод басшысы: пәрмен береді: взвод «Тұрыңдар», «Тік – тұр!». Әскери жетекші: «Сау болыңыздар ұландар!» Оқушылар: «Сау болыңыз, аға лейтенант мырза!» Әскери жетекші: «Еркін тұр!» Взвод басшысы: «Еркін тұр, тараңдар!»