Күні:
Пәні: аппликация
Тақырыбы: Тауыс.
Мақсаты:
1) Түстерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру.
2) Қол, саусақ қимылдарын дамыту .
3) Өз жұмыстарын бағалай білуге,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі : жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: суреттер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың зейінің сабаққа аудару.
II Мақсат қою кезеңі.
Бөлме гүлімен таныстыру.
III Жаңа сабақ
-Бөлмеде үнтаспадан әртүрлі құстардың дауыстары естіледі.
-Балалар, бұл ненің дауыстары?
-Жүріңдер көрейік!
-Ал мына құсты Тауыс деп атайды .
[pic]
Тауыс құсы ыстық жақты мекендейді. Бұл-Қызыл кітапқа енгізілген, өте сирек кездесетін құс. Бұл құстың бір ерекшелігі-қанаттары мен құйрықтары түрлі түсті, өте әдемі болады.Тағы бір ерекшелігі-ол құйрығын жазады.Сонда ол тіпті әдемі болады. Хайуанаттар бағында оларды арнайы күтушілер қарайды.Оларға су, жем береді.
[pic] [pic]
Сергіту сәті.
Он қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
Болып шықты он саусақ.
ІV Түсінгендерін зертеу кезеңі.
-Сендер мұндай құсты көрдіңдер ме?
-Құстың басқа құстардан қандай ерекшеліктерін көріп тұрсыңдар?
-Тауыс қандай құс?
V Бекіту кезеңі
-Балалар біз қандай құсты жапсырдық?
-Енді, осы Тауыстарымызды ұшырып апарып, «орманға » қондырайық.
VI Балаларды мадақтау.