Презентация по казахскому языку на тему «Тіл ел тірегі»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Тіл ел тірегі» ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. 
Өткізілетін күні:
 
Білім беру саласы: Қатынас
 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
 
Тақырыбы:Тіл ел тірегі»
 
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
 
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.
 
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
 
Шаттық шеңбері
 
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.
 
Т: Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
 
Б: Қазір жылдың күз мезгілі.
 
Т: Күз айларын атаңдаршы?
 
Б: Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша.
 
Т: Бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
 
Б: Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
 
Ана тілі-адам болып жаралғннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.
 
Т: Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
 
Нұрислам:Ана тілің-арың бұл
 
Ұятың боп тұр бетте,
 
Өзге тілдің бәрін біл,
 
Өз тіліңді құрметте
 
Алибек: Ана тілім бал тілім
 
Өзің барда шалқыдым
 
Өз тілімде ән шырқап
 
Термелетіп балқыдым
 
Дина: Ақыл ойын дананың
 
Ана тілден аламын
 
Ана тілім ардақты
 
Ақ сүтіндей анамның.
 
Мұрагер: Тілім барда мақтанам.
 
Тілім менің аппақ ән
 
Бірлігімді бүгінгі
 
Ана тілім сақтаған.
 
Толғанай: Өсірген ой білімді
 
Сүйем туған тілімді
 
Мақсат етем әр сөздің
 
Мәнін терең білуді
 
Саяра: Ана тілді білмесем
 
Шат-шадыман күлмес ем
 
Жер бетінде сайраңдап
 
Қазақ болып жүрмес ем
 
Айзере
 
Ана тілің біліп қой
 
Еркіндігің, теңдігің
 
Ана тілің біліп қой
 
Мақтанышың, елдігің
 
Т:Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.
 
Дидактикалық ойын: «Кім зерек»
 
Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.
 
Т: Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
 
Жансая: Өнер алды қызыл-тіл.
 
Айша: Тіл қылыштан өткір.
 
Ақсана: Тіл тас жарады
 
Тас жармаса бас жарады.
 
Қарлығаш: Басқа пәле тілден.
 
Қорытындылау
 
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу іс-әрекетіміз өз мәресіне жетті
 
Бағалау және мадақтау.
 
Күтілетін нәтиже:
 
Біледі: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
 
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.