Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:21. 04. 2016ж.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Лақтыруға үйрету»

Мақсаты: 1.Лақтыру тәсілдерін үйрету.

2.Күштілік, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл қасиеттерін дамыту.

3.Көзбен мөлшерлей білу қасиеттерін дамыту.

Құрал жабдықтары:әр балаға жалаушалар, доптар, қапшықтар, кегльдер, ойыншықтар,нысаналар.

Сапқа тұру.Сәлемдесу.

Жүру;

-әдеттегі жүріс;

-Тізені жоғары көтеріп жүру;

-Аяқтарын артқа қарай лақтырып жүгіру;

-Табанның ішкі қырымен;

-сыртқы қырымен;

-аяқтың ұшымен;

-аяқтың өкшесімен;

- жартылай отырып жүру.

Жүру мен жүгіру ауысып тұрады.

Қолдарын түрлі қалыпта ұстап жүреді. Педагогтің нұсқауын мұқият тыңдап , айтқандарын орындайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1.Жалаушалармен орындалатын ЖДЖ:

Бір сапқа тізіліп, жалаушаларды қолға ұстап жүру; педагогтің белгісі бойынша балалар қолға арналған жаттығуларды орындайды.

Б.қ.:негізгі тұрыс, жалаушалар төменде . 1- жалаушаларды алға созу; 2- жалаушаларды жоғарыға көтеру; 3- жалаушаларды екі жаққа созу; 4- бастапқы қалып.

.Б.қ.: иықтың деңгейінде аяқтың тұрысы, кеуде тұсында жалаушаларды ұстау.1-оңға бұрылу, оң қолды бір жаққа созу; 2- бастапқы қалып.

Б.қ: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде.1-2 отыру ,жалаушаларды алға қарай созу;

3- б.қ.

Б.қ: иықтың деңгейінде аяқтың тұрысы , жалаушалар төменде.1-жалаушаларды екі жаққа созу; 2- сол аяққа алға қарай иілу; 3- екі қолды екі жаққа созу, тік тұру; 4- бастапқы қалып.

Б.қ: негізгі тұрыс,жалаушалар төменде. «1-8» дегенде екі аяқпен секіру , шағын кідіріс , одан кейін қайтадан секіру.

Б.қ: негізгі тұрыс,жалаушалар төменде.

1-2 оң аяқты артқа созып , еденге ұшын тигізу, жалаушалар жоғарыға көтеріледі; 3-4 бастапқы қалыпқа оралу .Дәл солай сол аяқпен жасау.

2. Екі қолмен допты жеткізу.

3. Допты нысанаға дәлдеп лақтыру.

4. «Мерген» ойыны.




6-8 рет жаттығуларды қайталау.





Жаттығулар өз бетінше орындалады.
























.










Қабырғада шеңбер салынған.Балалар бірінен соң бірі сапқа тізіліп тұрады. Кезекпен балалар допты нысанаға лақтырады.

Рефлексифті- түзетушілік

Зеректілікке арналған жаттығу.

Балалар көздерін жұмып тұрады.Белгі бойынша балалар бір қадам алға басады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жүрудің түрлерін;

Түсінеді: негізгіжаттығуларын орындай білу шарттарын;

Қолданады: нысанаға допты лақтыруды.



Тәрбиеші: Ермекова Ж.Т.

Тексерілді:__________________________