Тақырыптық күн. «Жолда жүру ережелері»
1.Қабылдау.
Балаларды жылы жүзбен, мейірімді сөзбен қабылдап, қалай демалғаны жайлы ата-аналармен әңгіме жүргізу.
2.Таңертеңгілік жаттығу.
Мақсаты: балалардың дене мүшесін шынықтыру, көңіл-күйлерін көтеру. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Тақырыптық күн. «Жолда жүру ережелері»
Тақырыбы: «Жолда жүру ережелері»
Мақсаты: Жолда жүру белгілерін ажырата білу;
Білімділік: Балалардың жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру;
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту,еркін сөйлеуге,әңгімелеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Абайлап жүруге тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: Жиек жол, жаяу жүргіншілер
Қолданылатын көрнекіліктер: Көліктердің суреттері, белгілердің бағдаршам суреттері.
Билингвальды компонент: Көше-улица, тәртібі-поведение, бағдаршам-светафор.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе :
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала ..
ІІ. Негізгі бөлім:
Жұмбақтар шешу:
1.Жол тәртібін нұсқаған.
Адам тасып аялайды. -Автобус
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Тәрбиеші : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Әкежан : Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Диана : Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Азамат: Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау : Балалар кәзір ойын ойнаймыз: «Сиқырлы бағдашам»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Сергіту сәті:
Бип-бип дейміз
Жолдан былай кет дейміз
Мысықты басуға болмайды болмайды
Машина Бип-бип
Тыныс алу жаттығуы :
«Гүлді иіскеу» «Қаздар ысылдайды»
Балалар бүгінгі ҰОІӘ не туралы болды?
Бағдаршамның неше көзі бар? Жақсы жауап берген балаларды мақтап мадақтау.
Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетін қорыта келе Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп