«Білімнің бастауы – балабақшада»
(Ертеңгілік)
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар!
Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады.Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Ән «Тәрбиеші гимні.»
Тәрбиеші;
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады
Тәрбиеші; Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаны!
ӘН;« Мұғалім » Сейіт Інжү
«Кел балалар оқылық» Көркем
Біздің топта балалар
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды Інжү
Сәлем саған балабақшам,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие,
Ой санама еккенің. Анель
Балабақшам – айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, Елдос
Өзіне қайтарамын.
Мақал : Білім арзан, білу қымбат
Балабақша анамыз,
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін.
Быз балдырған боламыз! Кәусар Есімбек
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Құанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойымыз! Серікжан Інжү
Жаңа оқу жылы, кел, төрлет
Дүбірлі думан басталсын
Жүректерді ән тербеп
Шапалақ ұрсын асқар шың.
Мақал-мәтел ,;Күш- білімде, білім-кітапта.
Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды. Асылжан
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп, Кәусар Әлен
Өсіруде бақшамыз.
Бұл - екінші үйіміз, Мерей
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.
Тәрбиеші;
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Айгөлек» биімен
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын. Елдос
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы Бағашар
Біз - сүйкімді баламыз!
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген Маруа
Өмір қандай тамаша
Ән ; «Біз бақытты баламыз» хор
БИ; « Танец маленьких утят»
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де Амина
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін Раяна
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге! Ерхан
..2016-2017 жылы жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу сәті де келіп жеткен сияқты.
Несі бар? Онда көп ойланбай алғашқы қоңырау соғу құрметін кішкентай бөбектеріміз................................. (ұл мен қыз) сеніп тапсырайық!
Қоңырау соққан бала шығады.
Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының
алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.
Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы бүлдіршіндер!
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз
қутты болсын!
Болашақтарыңыз жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпіз.
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам.
Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!
«Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы.
(Ертеңгілік)
«Құлыншақ» тобы
[pic]
Тәрбиешілер; Тулпаисова Гульмира
Молдабекова Асем
2016-2017 оқу жылы
Басши ауылы