Жаңа Жыл мерекесіне арналған ертеңгілікКелді міне,Жаңа Жыл!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы”Келді міне, Жаңа жыл!”



Мақсаты:Жаңа Жылдық мереке жайлы түсінік беру арқылы ой-өрісін дамыту.Берілген өлең - тақпақтарын нақышына келтіріп айту арқылы мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Балалардың бірлесе еңбектенуін және өзара достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.

Сахналық қойылым кезінде өзін-өзі ұстауға,достыққа,ұйымшылдыққа,

белсенділікке тәрбиелеу.



Көрнекілігі:Жаңа Жылға арнап безендірілген жасыл жасыл шырша

Жүру барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Кіріспе құттықтау сөз

3.Жаңа Жылдық Аяз атамен,Ақшақарды қарсы алу

4.Балалардың дайындаған сахналық қойылым

5.Балалардың базарлығы

6. Қорытынды









Құрметті ата-аналар және бала-бақша ұжымы!Бүгінгі «Айжан» балабақшасының балалары дайындаған,«Келді,міне,жаңа Жыл!»атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!Бәріңізді де Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймыз!Сіздерге отбасылық бақыт пен шығармашылық табыс тілейміз!



Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,

Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды

Мен келдім есіктерді ашыңдар деп,

Жаңа Жыл күллі әлемге жар салады.



Жүзімде-қуаныш

Әр көңілде-жақсы үміт.

Келе жатқан жаңа жыл,

Әкелсін көп жақсылық!



Бүгінгі шыршамызға қатысқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз! (барлық бала түгел киінген.)







Жаңа Жылда алдағы,

Көңіл өсіп көбейсін

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін!

Оқ атпасын ешкімде,

Өмір деген тым ыстық

Жұмыр жердің үстінде,

Бұзылмасын тыныштық!-деп Жаңа жылдық тілек тілей отырып,бүгінгі біздің Жаңа жылдық кешімізге қатысып отырған бала-бақша меңгерушісі Клара апайға құттықтау сөз кезегін береміз!



Балалар,мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой.Кәне,сиқырлы сөздермен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді таңырқат,шамдарыңды жарқырат!(3 рет)



Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілге жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

(Музыка ойналып,ескі жыл келеді)

Ескі жыл(Жылқы жылы-Ерхан):

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат!

Алдыңғы сапта боларсың

Келер жыл саған аманат!

Сау болыңдар,балалар!



Аяулы да құрметті жылқы жылы!Сен құтты жыл болдың,біз саған ризамыз,ескі жыл!сен бізден қуанышың мен қызығыңды аяған жоқсың!біз сенімен қоштасқалы тұрмыз,қош бол,жылқы жылы!



Балалар ескі жылды ортаға алып “Шырша жырын”жырлайық!



Ән”Шырша жыры”



Қаққан есік бір айналып Жаңа жыл,

Қуанышы барша жұрттың бола біл.

Қапастағы ғажап ғұмыр аңсаған

Халықтарға туды жаңа заман бір.




Тәрбиеші:.Ал,балалар, бүгінгі кешіміздің қонағы Аяз ата мен Ақшақарды шақырамыз!


Арқасына қапшығын асып алып,

Ақшақарын мәпелеп қасына алып,

Келді Аяз атамыз бақшамызға,

Сізді көріп бар бала мәз болады.


Аяз ата:

Құтты болсын,балалар

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз- ұлдарың


Өткен жылы келіп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем.

Аяз ата сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз,енді отырып демалыңыз.Біздің сізге арнаған жаңа жылдық тартуларымыз бар соны қабыл алыңыз!


Ән:« Қыс келді.»орындайтындар:Алмаз Т,Айару,

Асел,Қайсар,Айсана,Нұрарыс,Бақытжан,Бейбарыс


Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді

Сұңғақ бойлы бір сұлу

Табыңдаршы,аты кім?


Балалар: Ақшақар

Ақшақар Айсель:

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін,жырмын,тақпақпын

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық


Нұрхан:Әсем шырша сәнденген

Өз аңдарын күтеді

Жаңа жылмен бірге біз

Орманға кеп жетеді.



Дина:Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз


Нұрхат:Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса



Нұрарыс:Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап


Қайсар:Аяз келіп қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай сақалы




«Жақсы көрем»әні орындайтындар:Ерхан,Арсен,Наурызбек,Нұрбақыт,Дана.


«Кішкентай гномдар»биі орындайтындар:

1-ші топ:Айару-Наурызбек

Нұрғиса-Айсель

Бердібек-Айсана (Даулетжан)


2-ші топ:Рысгүл-Ерхан

Арсен-Нұрхан

Нұрхат-Дана(Нұрбақыт)



Алмас Қ: Аяз шымшып алады

Боранмен жел болады

Туған жердің ақ қысы

Ақ құшағын жаяды.


Бейбарыс:Сықырлаған аязда

Шымыр біздің денеміз

Шаңғы теуіп ақ қарда

Құстай ұшып келеміз


Айсана:Қырау қатып жағаға

Аяз бетен өбеді

Бірі мініп шанаға

Бірі шаңғы тебеді.




Нұрасыл: Көше бойы омбы қар

Жиналамыз топтала

Деммен бетім домбығар

Соғамыз зор аққала


Асел: Ақ моншақты тағайық

Сауық сайран салайық


Балалар,кішкене ойын ойнап жіберейік,мен бастайын,сендер аяқтаңдар ойынды.Жауапты бәріміз

бірге хормен айтумыз керек.

-Қарға мүлгіп далада тұр,келе жатыр...

-Жаңа Жыл!

-Қызыл мұрын,ақ мұртты білсең атын тез ата,келеді бізге...

-Аяз ата!

-Шырша бүгін әдемі,сендер бәрің ...

-Әдемі!

-Көңілсіз бір бала жоқ,ойын-күлкі таралсын!Құтты болсын...

-Жаңа Жыл!(3 рет)



Музыка ойналып,Жаңа Жыл(Қой жылы-Рысгүл) келеді.


Жаңа Жыл(Рысгүл):Балалар,мені шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет!Өзіммен бірге жақсылығымдыала келдім.Жаманды жөнге салар,жақсының жақсылығын танытар,халқыма тыныштық,көршілес елдермен тату болар құтты жыл боламын!


Айдын:Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл,жаңа жыл

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны



Алмас Т: Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.



Айсель:Бізбен бірге жайдары

Аяз ата жайнайды

Жарқырайды шыршамыз

Би билейік баршамыз



Бақытжан:Тақпақтарды жаттадық

Би де үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп



Нұрбақыт:Әкелді жыл,ырыс-құт

Әлемде той тыныштық

Ән салайық тамаша

Би билейік жаңаша

«Жаңа жыл-жаңа жыр» әні орындайтындар:Нұрғиса,Рысгүл,Арсен,Дина,Бердібек

Бізге біреу қонаққа келіп тұрған сияқты.Қане,қарайық.

Шыршаның артынан қоян секіріп шығады.



Қоян(Нұрғиса):Биші батыр қоянмын

Ноян десең ноянмын

Ер болған соң кеш жатып

Елден бұрын ояндым



Секіріп жүрген қоянның алдынан аю шығады,қоян сасқалақтап қалады.



Қоян: Амансың ба,аю паң!



Аю(Наурызбек): Алып батыр балпақпын

Ақ ниетті-дарханмын



(Аю мен қоян қол ұстасып тұрады).Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.



Түлкі(Арсен)Қоянжанға бір сәлем,Аюжанға бір сәлем!

Күлімдеген түлкімін

Мен бар жерде ойын бар

Мендегі ойын күлкінің

Қызығына тойыңдар



Қасқыр(Бақытжан):Аю сені қолдаймын

Арман ниет болмаймын

Қадірлі аңдар достасам

Қастандықпен оңбаймын



Аңдар қосылып: Жаңа Жыл құтты болсын!

Достығымыз мықты болсын!

Орыс биі:Бейбарыс-Айсана

Нұрарыс-Дина

Бақытжан-Асел(Алмас Қ)

Алмас Т-Айсель

Рысгүл-Қайсар

-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешуін кім тез табар екен?

Аяз қысып,өрнек сызып

Терезені торлайды

Қарға омбығып,сырғып жастар ойнайды

Кейде ұлып,кейде ысқырып

Ұйтқып боран соғады

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?(қыс)



Тісі жоқ,тістеп алады,

Қолы жоқ сурет салады(Аяз)



Суға салсам батпайды,

Отқа салсам жанбайды.(мұз)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қол тоңады (қар)

Жаздай тынығады,

Қыстай зымырайды(шана)

Дана:Жасыл шырша жамылған

Асыл мионшақ тағынған

Келді сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Бердібек: Жасыл шырша жанында

Көңілдімізбәріміз

Тақпақ айтып,ән айтуға

Әрқашанда дайынбыз.

Рысгүл: Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күтіп сағынып

Даулетжан:Кел билейік,сенімен

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен

Наурызбек:Бізді байтақ далада

Асқар тауда қалада

Биыл ғажап іс болды

Таңғажайып қыс болды.

«Табиғат сыйы» әні орындайтындар:Наурызбек,Нұрхан,Нұрхат,Даулетжан,

Ерхан

Арсен:Бір топ бала сырғанап

Би-билейік зырлайық

Қалды артта қар алып

Іздерінен қар ұшып



Айару:Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті



Нұрғиса:Жаңа жылмен,Жаңа Жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді,анамызды

Қонақтардың бәрінде!



Ерхан:Сәтке қарап тұрмайсың

Көңілді еді қыс қандай

Шаңғыменен зырлайсың

Қанат бітіп ұшқандай

«Жасыл елка жанында» хор

Барлық жандар бір тілеке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт,ағайын!-деп бүгінгі балабақша бүлдіршіндері дайындаған “Келді міне,Жаңа Жыл!”атты жаңа жылдық ертеңгілігімізді аяқтаймыз!