«Өнегелі отаудың өрісі кең» Ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


МКҚК «31 "Еркемай" бөбекжайы » [pic]




Бекітемін:

МКҚК «№31 «Еркемай" бөбекжайы»

директоры:_____Кожабергенова Г.А.









«Өнегелі отаудың өрісі кең»

(мектеп алды даярлық топ)





Тәрбиешілер:Досжанова Т.С.

Искалиева Ж.Т.

Оразалиева А.Н

















Ақтау- 2016 ж


Тақырыбы:«Өнегелі отаудың өрісі кең»

Мақсаты: Жанұядағы туыстық қарым-қатынасын нығайту. Мейірімді болуға, ата-ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт дәстүрін, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу

Мазмұны:

  1. «Шаңырағым шаттығым» (топтың ұранын айту, таныстыру)

  2. «Ата өнері- балаға мұра» (атадан балаға қалған өздерінің қолдарынан жасалған бұйымдармен таныстыру)

  3. «Өнер- өнерліге ғана оңай» (ән, күй, таппақ айту, би)

  4. «Ойлы болсаң, озып көр» (салт дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беру, мақалдың жалғасын айту)

  5. «Менің отбасым» (портфолио, отбасы суреттері)

  6. «Ойнайықта ойлайық, қатардан қалып қоймайық»

  7. «Ұлттық киімдер сән үлгісі»

  8. Әділ қазылар алқасынын қорытындысы. Сыйлық номинациялар беріледі.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар әріптестер бүгін 31 «Еркемай» бөбекжайының мектепалды даярлық тобының ата-аналарымен бірлесіп өткізілмек болған «Өнегелі отаудың-өрісі кең» атты сайысына қош келдіңіздер!

Әділдікпен баға берер ортада

Әділдікпен қара қылды қақ жарған

Әділқазы алқаларын сайлайық

Нағыз мықты таңдап бүгін алуға.


Әділқазы мүшелерін таныстыру.

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Балалы үй базарлы жанұямыз

Сайысқа қатысуға енді

Топтарды ортаға шақырамыз


«Салем сөздің атасы»- деген сөзбен бастайық. Кішкентай арулар, аналар, әжелер келіп жетті танысуғаБойындағы бар дарынды танытуға.

Сайысымызды бастайық,

Отырған жұрт қолды соғып тастайық.

Сайымыздың бірінші бөлімі «Шаңырағым шаттығым» әр топ өздерін таныстырады, ұран айтады.

Сайысымыздың екінші бөлімі «Ата өнері- балаға мұра» атадан балаға қалған өздерінің қолдарынан жасалған бұйымдармен таныстыру. Кім жасағаны, неден жасағаны, атауын және не үшін пайдаланылатынын айтып толықтай мағлұмат беру.

Сайысымыздың үшінші бөлімі.

Асыл сөздің атасы

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер білім еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

«Өнер өнерліге ғана оңай» кезеңіне де келіп жеттік. Ата-аналар өздерінің өнерлерін көрсетеді. (ән, би, мәнерлеп оқу т.б)

Сайысымыздың төртінші бөлімі «Ойлы болсаң озып көр» бұл сайыста салт дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беру, мақалдын жалғасын айту.

Сайысымыздың бесінші бөлімі «Менің отбасым» портфолио тапсыру.

Кел, кәнекей келіндер!

Тамашаны көріңдер!

Бізде қызық ойын бар,

Барлығың ден қойыңдар.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойнайықта ойлайық, қатардан қалып қоймайық»

Сайыстың шарты: Немере доппен белгіге дейін секіріп барады, және жүгіріп келіп, анасына немесе әкесіне эстафетаны береді. Ана немесе әке арқан үстімен жүріп, тепе-теңдікті сақтайды. Ал атасы немесе әжесі кеглидін арасынан жүру арқылы эстафетаны жалғастырады.


Құрметті қонақтар келесі сайыс «Ұлттық киімдер сән үлгісі» одан бұрын біздің балабақша бөбектерінің өнерін тамашалаңыздар.


Келесі ұлттық киімдер сән үлгісі көрсету.


Құрметті қонақтар «Өнегелі отаудың -өрісі кең» -атты сайысымыз өз мәресіне жақындады. Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

Әрбір топқа бағасын бағалады

«Үлгілі отбасы»

«Өнегелі отбасы»

«Сымбатты отбасы»- атты номинация мен сыйлықтар беріледі.