Әулиекөл ауданының әкімдігінің Әулиекөл «Айгөлек» балабақшасы МҚҚҚ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Ересек «Ә» тобы Күні: 13.01.2016
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Татар ұлтының Үш қыз ертегісін оқу,сахналау».
Мақсаты: Көркем әдебиет шығармаларымен таныстыруда мінез-құлық этикеті мен мәдениеті дағдыларын бекіту.Балаларды шығарманы тыңдап,оның мазмұнын дұрыс жеткізуге бағыттау.Ата-анаға деген сүйіспеншілікке,махаббатқа,сұлулықты таный білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Суреттер,дыбыстар.
Сөздік жұмысы:аяулы жан,қайырымдылық.
Қостілдік компоненті:Тиін-белка,тасбақа-черепаха,өрмекші-паук,ара-пчела.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
-Балалар,жаң-жақтарына қарандаршы.Сендерді көруге қаншама қонақтар келіп қалыпты.Енді олармен амандасайық!
-Ал енді бір-бірімізбен амандасайық!Ол үшін «Сәлемдесу» ойының ойнаймыз.Бастаймыз деген белгі берілген кезде мен қалай амандасу керек екендігін айтамын,сонда сендер бір-бірлерімен тез-тез амандасасындар. (Көзбен,қолмен,иықпен,тіземен,өкшемен,арқамен)
Балалар үш тілде амандасады.
Ойынды барлықтары қызықтап ойнайды.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Артикуляциялық жаттығу:
-Балалар,тыңдандаршы.
Біреудің дыбысы шыққан сияқты ғой!Бұл кім болды екен?
-Сәлеметісіндер ме,балалар!
Мен сендерге сонау ертегі әлемінен келіп тұрмын.Бос қол келмедім,сендерге арнап қызықты ертегіні алып келдім.Бірақ ол ертегі мынау сандықтың ішінде жатыр.Ол сандық жайдан-жай ашыла салмайды.Оны ашу үшін маған өздерін білетін тақпақ,мақалдарынды айту керексіндер.
Балалардың тақпақтары:
«-Жарайсындар,балалар!
-Ал енді сандығымыз ашыладыма екен!»
-Балалар,шынымен де бұнда өте қызықты ертегі бар екен. Ертегіні оқымас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын:
Жұмбақ:
Өмірдегі ең жақын,аяулы жан кім?
-Ең аяулы жан – ол ана.Анамызды сыйлап,айтқанын орындап,ренжітпей жүруіміз керек.Анамыз ауырып қалса оны күтіп,дәрі-дәрмектер беруіміз керек.
-Сонымен қазір танысатын ертегіміз татар халқының «Үш қыз» ертегісі.
Ертегіні мәңерлеп оқып беру.
-Балалар,ертегі қалай аталады?
-Бұл ертегі не жайында?
Сұрақ-жауап тәсілі қолданылады.
Сөздік жұмысы: Аяулы жан сөзі өмірдегі ең жақын,ең қымбат деген мағынаны білдіреді.
Қайырымдылық деп қиын кезде көмек көрсетуді айтамыз.
Қостілділік компоненттер: Тиін-белка,тасбақа-черепаха,өрмекші-паук,ара-пчела.
Слайдтар арқылы көрсету.1-2 балаға әңгімелету
-Ал енді шаршаған боларсындар.Сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Mummy, mummy I love you
Come to me, when I call you
Give me a kiss, when I ask you
Mummy, mummy I love you
-Балалар,енді осы ертегіні өз бетімізше сахыналап корейікші.
-Жарайсындар!
-Балалар сендерге бұл ертегіде қай қыз қайырымды болып көрінді?Ертегі ұнады ма?
-Олай болса алғыс ретінде феяға арнап сыйлық жасап бермейміз бе?
-Мен көрсетемін сендер мұқият қарап,тыңдандар.
-Енді саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Аз қимылды ойын:
«Жаңбыр»
Мақсаты:Балалардың қол моторикасын дамыту.Жақсы көңіл-күй қалыптастыру.
Балаларды бақылап жүру,қажет болса көмек беру.
Фея:
-Рахмет сендерге , менің де сендерге арнаған сылықтарым бар.
Фея қоштасып кетеді.
Балалалар тыңдайды.
-Бұл фея
Балалар амандасады.
Балалар феяны мұқият тыңдайды.
1.Мади
Мен бақшаға барамын,
Ойнаймын ән саламын.
Тәрбиеші апайлар,
Досы барлық баланың.
2.Наргиз
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді біздерді.
3.Аида
Балабақшам базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
4.Нұрдаулет
А – деген ол аналар ғой ардақты,
Ә – деген ол әкелер ғой салмақты,
Б – деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сондықтан да алшақ кетпей расында,
Тұрады олар – алфавиттің басында.
-Ол ана.
Балалар тәрбиешіні тыңдайды.
Ертегіні мұқият тыңдап отырады.
-Үш қыз ертегісі.
Балалардың жауаптары.
Балалар тыңдайды.
Балалар сөздерді қайталайды.
Сергітуді орындайды.
Балалар ойынды ойнайды.
Балалар роза гүлін музыка әуенімен жасайды.
Балалар гүлдерді феяға сыйлайды.
Қоштасады.
-Балалар,ал сендер ана туралы тақпақтар білесіндер ма?Кім маған айтып береді.
Жақсы,белсенді қатысқан балаларды мақтау.Сөйлемеген,бұзық болған балаларға ескерту жасау.
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ анам
Анам,анам,ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды:Татар халқының «Үш қыз» ертегісін.
Түсінеді:Ана баласы ауырса әрдайым жанында болатын аяулы жан екенін және бала да анаға қамқорлықпен қарау керек екендігін.
Қолдана алады:Тақпақтарды айтып,өз беттерінше роза гүлін жасауды.
Тәрбиеші: Жамелова А.Е.