Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қоянды орта мектебі
Шидерхан Таня
Білім беру саласы: қарым-қатынас.
Бөлімдері: Қоршаған әлеммен таныстыру.
Тақырыбы: Дастархан басында жасалатын бата.
Мақсаты: Бата-тілек туралы түсінік бере отырып, дастархан басында жасалатын батаның мазмұнын түсіндіру, дастархан басында бата жасауға, мәдениетті тамақтануға үйрету.
Көрнекіліктер: бауырсақ (оның түрлері, құймақ, құрт, ақ ірімшік т.б.)
Сөздік жұмыс: бата, ата, дастархан.
Іс-әрекет белгілері: Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Ынталандыру, сезімді ояту (Мотивациялық қозғаушылық).
1) (Балалар жартылай шеңбер жасап отырады).
Балалар, бүгін ерекше күн, біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонаққа ата келеді. Олай болса қонағымызға сәлемдесейік
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, кәнекей, бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
Балалар атамен амандасады. Төрге отырғызылады. Ата балаларға бата жөнінде түсінік береді. Ал балалар бата ұғымын қалай түсінесіңдер?
2) Бата – көненің көзіндегі қастерлі ғұрып. Әрбір адам дастарханда берілген батаны құрметтеу керек. «Батамен ер көгерер» дейді дана халқымыз. Бата-ақ тілек, ақ ниет. Ол адамгершілік қасиеті бар адамға ғана беріледі.
Үлкеннен, елге сыйлы кісіден бата алған баланың келешегі жақсы болады. Менің әжем өзінің анасы, яғни менің үлкен нағашы әжемнің берген бір батасын әлі күнге айтып жүреді. Ол мынадай:
Шалқыған елің бай болсын,
Көргенің қызық той болсын!
Қораң толы қой болсын.
Дос кетпесін қасыңнан,
Бақ кетпесін басыңнан.
Қолыңды жай, қарағым,
Берген батам-сол болсын! Әмин.
Міне осылай ақ батаның арқасында менде ата болып сендерге өз білгенімді
айттым. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет дейді.
Сергіту сәті: Үлкенге сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Ата. Балалардан кімде атасы, нағашы атасы бар екенін сұрады. Тәрбиеші нағашы ата, аналарының әкесі екенін балалардың есіне салады.
3) Алдын ала дайындалған дастарханға ата мен балаларды шақырады.
4) Тәрбиеші балаларға дастархан басында дұрыс тамақтану мәдениетін түсіндіреді (тағамдардың атын айтқызу).
- Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды.
- Тамаққа үлкен адамдардан бұрын қол созба.
- Нанды екі қолмен үзіп жеу керек.
- Тамақты асықпай ішіп үйреніңдер, асығып ішкен тамақ ас болмайды.
5) Барлығы дастархандағы тамақтан ауыз тиеді. Тәрбиеші тамақ ішіп болған соң дастарханға бата жасайтынын түсіндіріп, атадан бата сұрайды. Бата жасағанда қол жаю керектігін айтады. Ата бата береді.
Дастарханға береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін.
Әмин!
6) Балалар, атаға рахмет айтып қоштасады.
Тәрбиеші: Қанеки балалар бата, дастархан ұғымын қалай түсінесіңдер?
Кім бата айта алады?
Достарыңа берер баталарың бар ма?
Дос жолдасың көп болсын!
Қас дұшпаның көп болсын!
Достарыңа адал бол!
Қайда жүрсең, аман бол!
Бір Аллаһ сені қолдасын! т.с.с
Астан кейінгі бәріне ортақ бата.
Дастарханның байлығын,
Деннің саулығын берсін!
Әмин!
Нені білуі керек: Бата, дастархан мәдениеті туралы түсініктерін арттырады.
Қандай түсініктерді игерді: Бата ұғымы арқылы үлкенді құрметтеуді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дастархан басында отыру, тамақтану ережесін меңгерді.
Білім беру салалары: қатынас,танымдық.
Бөлімдері:көркем әдебиет,құрастыру.
Тақырыбы:Киіз үй жабдықтары және оны құру.
Мақсаты: Балаларға ата-бабаларымыздың қандай үйде тұрғанын,ертеде үнемі көшіп-қонып жүргендіктен тігуге (құруға) және жығуға (көшетін кезде үйді бөлшектеуге) ыңғайлы етіп жасаған. Киіз үй деп аталуын түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Киіз үй,шаңырақ,уықтар,кереге,бақан есік,т.б.
Мотивациялық-
қозғаушылық
-Балалар киіз үйді білесіңдер ме?
Ол қазақ халқының ең алғашқы баспанасы.
Дөңгеленіп тұрамыз,
Уықтарды құрамыз.
Айналамыз,айналамыз,
Киіз үйді құрамыз.
-Киіз үйді қалай тігу керектігін білесіңдер ме? Киіз үй құрамыз (тігеміз).
1) кереге (дөңгелете жаяды).
2) шаңырақ (бағанмен дәл ортадан жоғары көтеріп ұстап тұру).
3) Уықтар (бір-бірден шаншып кереге басына байлайды).
Иә, білеміз.
Орындарынан тұрып бірге айту.
Жоқ немесе Ия
Киіз үй жиһаздарына:кілем,
сырмақ,кебеже,адыра (әбдіре)-киім салатын,
сандық-зат салатын оюлы,
сырты темірмен қапталған
төртбұрышты үй мүлкі
жүкаяқ-сандық астына қоятын. Қазына
қобдиша-сандықтың кішкене түрі! Адалбақан киім ілуге арналған. Керует (төсек) ағаштан жасалған, түскиіз, алаша көрпе, көрпеше – бір адам отырады.
Ұйымдастыру-іздестіру
4) Есікті (орналастырады) Алдымен туылдырықты, содан үзікті, сыртынан ою-өрнек тігілген ақ көшкі жабады, шаңыраққа түндікті орналыстырады.
Желден, дауылдан сақтау үшін берік арқандармен үйді бастырып жердегі қазыққа байлайды.
Күндіз түндікті жартылай ашып қояды.
Балалар:
Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керілер.
Уықтары шаншылып
Өрлей, өрлей.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Балалар киіз үйді қай мезгілде құрамыз?
Олай болса, Жұмбақ жасырайық.
Жаз (мезгілінде)
(Шешуін айтады)
Киіз үй
Сергіту сәті. «Киіз үй»
Жаз (мезгілінде)
Шешуі: Киіз үй
Рефлексивті-түзетушілік
Балалардан түсінбеген сұрақтарына жауап беру, олардың қателігін түзетуге көмектесу.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, мақтайды.
Басқа балаларды келесі сабақта белсенді болуға шақырады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Қандай түсініктерді игерді:
Меңгерген дағдылары: