Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық карта Білім саласы:Шығармашылық. бөлімі: Сурет салу. Тақырыбы: Қолшатыр не үшін қажет? (акварель)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық карта №14


Білім саласы:Шығармашылық.

Сала бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қолшатыр не үшін қажет? (акварель)

Мақсаты: Трафарет бойынша таңба басуға жаттықтыру; сезу ырғағын дамыту; біріккен көркем іс-әрекеті арқылы қанағаттану сезіміне тәрбиелеу.

Қолданатын жабдықтар: гуашь құйған ыдыс, қолшатыр суреттерінің трафареттері, таңбаға арналған поролон тампоны, гуашь.

Билингвалдық компоненті:зонт – қолшатыр, печать – таңба, трафарет – трафарет.


Балаларды саяхатқа шақырады.

Қолшатыр көрінісі

ұйымдастрылған.

-Балалар, қолшатыр не үшін қажет?

-Қолшатыр қандай болады?

-Одан неге су өтпейді?

Қолшатыр әр түрлі болады: ер адамға, әйел адамға және балаларға арналған. Арнайы матадан жасалғандықтан одан су өтпейді.Неге су домаланып ағады? Өйткені оның формасы дөңгелек.

Біз кішкентай балдырғанбыз,

Қорықпаймыз жаңбырдан біз.

Қолымызда қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.

-Оны жаңбар жауғанда ұстайды.

-Үлкен, кішкентай болады.

-Өйткені ол дөңгелек.


Қолшатыр түрлерін қарап шығады.

Іздену -ұйымдастыру

Б [pic] алаларды жұмыс орнына шақырады.

1.Кез-келген қолшатырдың бір бөлігін таңдап алуға рұқсат етеді.

2.Сурет салу әдісін еске түсіреді: Параққа трафарет қойып, орнынан қозғамай пороллон томпонын қолданып, басып шығарады.

Жұмыс барысында балалрдың қателіктерін түзетіп отырады.


[pic]

Сергіту жаттығуы: Алтын сары күз келді, (екі қолды жоғары көтеру)

Жел мен жаңбыр алып келді. (қолды жоғары шайқап, екі жанға сілку)

Тырс,тырс,тырс, (қолды шапалақтау)

Жел мен жаңбыр алып келді. (қолды жоғары көтеріп шайқап, екі жанына сілку)

Балалар жұмысты қызыға орындайды.

Рефлексивті - коррекциялаушы

[pic] Балалардың суреттерін қорытындылап көрме жасайды.

-Балалар, біз ненің суретін салдық? Қандай құралдар қолдандық?



- Біз қолшатрдың суретін салдық. Трафарет, гуашь, тампон.

Күтілетін нәтиже:

Қолшатырдың қажеттілігін білуге тиіс. Сурет салу қабілеті болу керек. Тақпақты жатқа білу керек.




[pic]