Сергіту жаттығулары
№1. Бала, бала,баламыз, бақшамызға барамыз,
Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.
Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз,
Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз.
№2. Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік!
№3. Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.
№4. Атамның алып күрегін
Ауланың қарын күредім
Әжеме құдықтан су әкеліп беремін
Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.
№5. Біз қандаймыз,қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
№6. Ормандағы аю, қонжық ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды,солға бұрды.
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді
Оңға бір, солға бір ағаштарды байқап көрді
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.
№7. Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық
№8. Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз
Міне біздер қандаймыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз.
№8. Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
№9. Алма баққа барамыз
Алма теріп аламыз
Ең үлкенін алманың
Анамызға сыйлаймыз.
№10. Торғай торғай торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың.
№11.Нан қоқымын баспаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
№12.Солға, оңға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
№13. Адал жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тілеп
Жарып шыққан жүректі
Сөздің бәрі ақ тілек
№14. Достар тату-тәттіміз
Болса қолда тәттіміз
Біз бөлісіп жатамыз
Бәріміз дәм татамыз
№15. отырып –ақ орнымда
Айдын көлді кешемін
Сен білмесең егерде
Былай ескек есейін
№16.Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Солға-солға түзу тұр
Оңға-оңға түзу тұр
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.
№17.Ал, қанеки, ойнайық
Ойнайық та ойлайық
Байлап қойып көзіңді
Қоршап тұрмыз айнала
Атыңды атап шақырған
Арамызда қай бала?
№18.Бала-бала, балақан
Қане қайсы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат
№19. тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
№20. Топ-топ етіп басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса жарқын күн
Жаса-жаса алтын күн
№21. Жел соқты гу-гу
Жаңбыр жауды тырс-тырс
Жаңбыр басылды
Күн ашылды.
№22. Ұзын қанат инелік
Инелікке тимелік
Ұшақты біз жасадық
Инеліктен үйреніп
№23.Биік болып өсеміз
Елкалардай жайқалып
Табиғатты сүйеміз
Шетімізден шеберміз
Денемізді бос ұстап
Билеп-билеп аламыз.
№24.Бір, екі ,үш
Жинап алдық күш
Төрт,бес алты
Бой жазамыз мықты
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Көрсетілген үлгіге
Әдемі етіп жазайық.
№25.Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алсам
Қанатымды бір қағап
Гүлдей болып жайқалам.
№26. Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеткендер
Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Иіліп сәлем береміз
Әдепті боп өсеміз
№27. саусақтарым бір-бірімен амандасайық
Саусақтардан гүл ашайық
Саусақтарды ашып-жұмып
А-ә,г-ғ,ү-ұ,н-ң,к-қ,о-ө
Дыбыстарын дұрыс айтайық
№28.Қыздырайық денені
Кел балалар, кел бері
Қыздырайық денені
Орнымыздан тұрып-ақ
Жүгірейік бір уақ бір,екі,үш
Екпіндей түс
Аяқты алға созайық
Тік көтеріп қозғайық!
№29.