Занятия по развитию речи старший группе на тему Қыс қызығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Лекенова А.К.

Ересек тобы үшін білім барысын ұйымдастырудың технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін  әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге ,дем алу жаттығулары арқылы уф-уф,гу-гу дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету;

Суретке сай өз шығармашылық ойын дұрыс сөздермен және сөйлемдермен байланыстыра жеткізуге тәрбиелеу.Табиғаттағы әсемдікті көре білуге тәрбиелеу;

Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Екі-үш сөзден тұратын сөйлем құрастыру дағдыларын ары қарай дамыту;

Сөздік жұмыс:қыс,аққала,шана,шаңғы,коньки,қар домалағы;

Құралдар:қыс мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттер,қыс мезгілі туралы тірек-сызбалар

-Қонақтармен амандасу.

Сюрприздік сәт.

Балалар қараңдаршы кім бұл тығылып отырған?


- Ол бұл жерге қалай келді екен,ол қыс мезгілінде не істеу керек еді?

-Қонжықтан сұрайықшы ұйықтамай бұл жерде не істеп жүр екен?

Қонжық: Менің ұйықтағым келмейді .Мен қыс мезгілінде не болатынын білгім келеді.

- Сендер маған көмектесіңдер ме?


- Сәлеметсіздер ме!

-Балалар таңғалып қарап отырады

-Тығылып отырған ол -қонжық



-Қыс мезгілінде қонжық ұйықтау керек еді.


-Қонжық сен неге ұйықтамайсын?


-Қонжыққа қызығушылықпен қарап отырады

-Әрине көмектесеміз

-Балалар қонжыққа көмектесуге келіседі.

Ұйымдастыру - іздену

Тақтада сурет. Онда қыс мезгілінің суреті бейнеленген.

-Балалар олай болса қонжыққа қыс мезгілі туралы айтып берейік.

-Жарайсыңдар, балалар. Енді тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

Тіл дамыту жаттығуы

«Ыстық – суық»

Балалар күн ыстық екен.


Күн аяз, суық, жел соғып тұр




Балалар қар ұшқындарын ұшырамыз.

-Жарайсыңдар балалар!

Дидактикалық ойын.«Қыстың қандай қызығы бар?»

Балалар айтыңдаршы қыстың қандай қызықтары бар?

Тақтаға тірек-сызба ілінеді.Сурет бойынша 5 бала шығады.Тірек-сызба бойынша әңгімелеп айтып береді.












-Балалар жарайсыңдар!Балалар сендерге қонжыққа қыс мезгілі туралы айтуды ұсынамын.Суретке қарап өз шығармашылық ойларымен әңгіме құрастырады

-Балалар бір-біріңнің әңгімелеріңді қайталап айтуға болмайды.Әр бала әр түрлі айту керек.

-Қонжық,сен қыс мезгілінде ұйықтау керексің,ал балалар саған қыс мезгілінде қандай өзгерістер болатынын,қандай ойындар ойнайтынын айтып берді.

-Қонжық:

-Мен енді қыс мезгілі білетін болам.Рахмет сендерге.Ал мен сендерге сыйлыққа домалақ қарларды әкелдім.

-Балалар қарды жеуге болама?

-Неге?

. (Аю ренжіп қалады)

-Ренжіме,біздің балалар Аяз атаның сиқырлы сөзін біледі.Қазір біз сол сөздерді айтамыз.

-Ақалай,мақалай

Қар домалақтары тәттіге айнал


-Қар домалақтары тәттілерге айналып кетеді.

-Сағанда рахмет қонжық,енді сенің орманға оралатын уақытың болды,көктемге дейін ұйықтай ғой.

-Қонжық балалармен қоштасып кетіп қалады.

-Суреттерге қызығушылықпен қарап отырады


-Сурет бойынша 2-3 бала қыс мезгілі туралы айтып береді


-Балалар қуанады

 -Балалар бір – біріне қарап күлімдеп ойнап жүреді.

-Демдерін ішке тартып үф – үф – үф дейді.

-Балалар өздерін аязда тоңып отырғандай сезінеді. Гу – гу – гу дейді.

-Демдерін ішке тартып үф – үф – үф дейді.

-Балалар қуанады





-Қыста шаңғы,шана,коньки тебеміз,қар атамыз,аққала жасаймыз

-Мысалы 1 балаберілген суреттен .Схема бойынша суретті таңдап алады.Суреттегі заттардың атын айтады,не үшін керек екенін,не үшін пайдаланатынымызды содан соң сол сөздерді қатыстырып,сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастырады.Мысалы:мынау шаңғы Шаңғыны аяғымызға киіп қардың үстінде шаңғы тебеміз.Менде қызыл түсті шаңғы бар .


-Суретке қарап балалар қыс мезгілі туралы өз шығармашылық ойларын айтып береді.

-1бала шығып сурет бойынша өз ойын айтады.

-тағы 1-2 бала шығып өз ойын айтады.


-Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.




-Балалар қонжықты мұқият тыңдап отырады.

-Қызығушылықпен қар домалақтарына қарап отырады.


-Қарды жеуге болмайды

-Өйткені ауырып қаламыз


-Балалар қонжықты уайымдап қалады


-Барлығы бірге сиқырлы сөзді айтады

-Балалар таң қалып отырады.

-Қонжыққа тәттілер үшін рахмет айтады.


-Тәрбешіні мұқият тыңдап отырады



-Балалар қонжықпен қоштасады

Рефлексивті -түзетуші


-Рахмет сендерге балалар.

Суреттерге қарап қыс мезгілі туралы өз ойларыңды толық,дұрыс айта білдіңдер.

Маған барлықтарыңның әңгімелерің қатты ұнады.

Ал сендерге кімнің әңгімесі ұнады?

-Балаларды мадақтау

-Қонақтармен қоштасамыз.

-Балалар мұқият тыңдап отырады


-Тәрбиешіні қызығушылықпен тыңдайды


-Әркім өздеріне кімнің әңгімесі ұнағандары туралы айтады

-Балалар қуанады

-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін

Түсінеді: өз ойларын толық сөйлеммен айтуды

Қолданады: тірек-сызба бойынша сөз тіркестерін,сөйлем құрай білуді