Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу.
Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу.
(Балалар қолдарында бәйшешек, қызғалдақ гүлдер, музыкамен кіріп, билейді.)
(Күн мен түн ортаға шығады)
Күн: Сәулесі мол күнмін.
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Екеуі: Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал ертең күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап.
Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық –дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын
Арайланған таңы болсын!-дей келе ,бейбіт заман ұрпақтарының наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдасақ.
(тақпақтар айтылады.)
Салтымен ата –бабамның
Жаңғырды қайта заманым
Жаңа –жыл басы –бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!
Ендігі кезекте балаларымыздың ағылшын тіліндегі әніне берсек.
Би: «Шөжелер» Балапан тобы
І. бөлім
Әжелерім асыл менен ақылды.
Ажыратар алыс пенен жақынды.
Үйретеді салт-дәстүрді әжелер- дей отырып ,өздерінің ойға түйгенін көрсету.
(ұлттық салт дәстүрлерді көрсету.)
1.Бесікке салу.
4.Тұсау кесу.
5.Ат қою.
Ән: «Домбыра»
«Әлқисса» күйімен қыздарымызды биге шақырамыз .
ІІ. бөлім Ертегіні сахналау
Хор : «Әжем айтқан ертегі»
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән сап береді.
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан - дей отырып, әжелеріміз бен немерелерінің өнеріне кезек берейік.
IV. бөлім Ұлттық тағамдар.
« Ас-адамның арқауы » - демекші ата аналарымызмыздың үйлерінен дайындап әкелген «наурыз көжесінен» дәм татқызу. «Көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра» , демекші осы үлкендеріміздің көрсеткенін үлгі тұтып, есімізде сақтап жүрейік.
Осыменен ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын - деп наурыздың берекелі дастарханына шақырамыз.