Қуыршақ театры
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін
қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді
түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын
арттыру.
Бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу
Автор сөзі: Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне:
Сара: Маған бауырсақ пісіріп берші,- дейді.
Күнсұлу: Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.
Сара: Әй кемпірім – ай! Сен қамбаны сыпырып қуыс – мүйісін қырна
осылайша қалған – құтқан ұнды жина.
Автор сөзі: Бауырсақ тегіс, домалақ, сырты қызарынқырап әдемі болып піседі.
Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдын қояды. Бір өзі жатып –
жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп әрі қарай домалай жөнеледі.
Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп оған қоян
кездеседі.
Қоян айтады:
Зарина: Бауырсақ, бауырсақ!
Мен сені жеймін!
Автор сөзі: Бауырсақ оған былай деп жауап береді:
Аружан: Мен атамнан, әжемнен кеткен бауырсақпын, сенен қоян кетуге аса
қуылықтын қажеті жоқ!
Автор созі: Осылайша бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Қоян оны дұрыс
қарап та үлгермей қалады.
Автор сөзі: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан
қасқыр шыға келеді.
Яша: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Аружан: Қасқыр сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қояннан кеткен бауырсақпын
Мен қасқыр сененде кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ орман ішімен
домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Төрехан: Бауырсақ , бауырсақ мен сені жеймін!
Аружан: Жоқ , аю, сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қоянан, Қасқырдан
Кеткен бауырсақпын,
Аю сенен де кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ домалап келе
жатса, алдынан түлкі шығып:
Изабелла: Бауырсақ, бауырсақ
Мен сені жеймін.
Аружан: Түлкі сен менің не айтатынымды тыңда.
Автор созі: Оған қу түлкі былай дейді:
Изабелла: Мен сенің айтқанынды тыңдар едім,бірақ қазір қартайып құлағымның
естуі нашарлап жүр, тұмсығыма отыр да, айта ғой!
Автор сөзі: Түлкінің тұмсығына отырып бауырсақ әңгімесін бастайды!
Аружан: Мен атамнан да, әжемнен де, қояннан да, қасқырдан да, аюдан да
құтылып кеткен бауырсақпын, түлкі енді сененде кетемін!
Автор сөзі: Осыны айтып үлгергені сол – ақ екен түлкі ауызын ашып, тістерін
ақситып, бауырсақты жұтып жібереді!
Осымен ертегі аяқталады да, рольдерде ойнаған балалар ортаға шығып
бастарын изейді.
[pic]
Ақмола облысы
Бұланды ауданы
[pic]
Тақырыбы:
«Бауырсақ» ертегісі.
[pic]
«Ересек» топтары.
Өткізген :Тулебаева .А.Т.
2015ж.