Ересек тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы
[а],[у] дыбыстары мен әріптерін пысықтау
Міндеттері:
Білімдік:
Дамытушылық:
Тәрбиелеушілік:
*[а],[у] дыбыстары мен А,У әріптерін қайталау; А,У әріптерін ен сөз құрап, құраған сөздін оқи білуге үйрету.
*жаттығу жасату арқылы дұрыс тыныс алуға жаттықтыру; аралар туралы мәліметтер бере отырып, дүниетанымдарын кеңейту.
*табиғатты сүйе білуге, жәндіктерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Бес магнитті ойыншық ара, құмыраға салынған гүл дестесі, қорапшадағы бұршақ дәндері, қызыл, көк түсті дөңгелектер, әріптер жазылған қатты парақша.
Жылулық шеңбер Қолдарындағы гүлді бере отырып, бір-біріне жылы, жақсы сөздер айтуды ұсынады.
Қайталау
«Дыбыстарды суретке түсірейік» дидактикалық ойыны
Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау.
-Сендер өздерінді суретшіміз деп есептеңдер. Мен бір дыбысты айтамын, сендер оны тез суретке түсіріп, маған оның суретін көрсетіндер. Дауысты дыбыс болса, дыбыстың суреті қызыл, дауыссыз дыбыс болса, суреті көк түсті екенін білесіндер.
Шеңберде тұрып, бір-біріне жақсы сөздер айтады.
Ойын шартын тындап, түсініп алады.
[т],[ж] дыбыстарын естігенде – көк, [а],[ә], [ө] дыбыстарын естігенде – қызыл дөңгелектерді көтеріп көрсетеді.
Ұйымдастыру- іздестіру
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Магнитті тақтаға жапсырылған бес араны (магнитті ойыншықтар) көрсетеді:
-Біздің бөлмемізге аралар кіріп кетіпті. Аралар нешеу екен, санайықшы.
Аралардың пайдасы туралы қысқаша айтып өтеді:
-Аралар бізге тәтті бал береді. Біздің денсаулығымызға өте пайдалы балды аралар гүлдерден жинайды. Үстел үстіне құмыраға салынған гүл дестесін қояды.
Тыныс алу жаттығуы
Қызыл-жасыл гүлдердің
Иісін-ай, иісін! (тыныс алу)
Жаңа тақырып
-Тапсырмаларды орындай отырып, араларды гүлдерге қондырайық.
1-араның тапсырмасы
«Ара» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Екпін түсіріп айту арқылы дыбыстарды кезегімен анықтатып, тиісті дөңгелектермен белгілетеді.
2-араның тапсырмасы
«Таныс әріпті тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: А,У әріптерін қайталау
Балаларға қорапшаларынан әріптер жазылған қатты парақшаны алуды ұсынады, тапсырманы түсіндіреді.
-Мына әріптердің арасынан А және У әріптерін тауып, қарандашпен айналдыра сызып, қоршап қойындар.
А Т Ж С Н У
Сергіту жаттығуы
-Аралардың пайдасымен қатар, кейде зияны да болады. Байқамасақ, олар бізді шағып алуы мүмкін.
Қалмай ұшып соңынан,
Ара қуды Муратты.
А-А-А-А-А
Шағып алып қолынан,
Досымызды жылатты.
У-У-У-У-У-У-
3-араның тапсырмасы
«Сөз құра» дидактикалық ойыны
Мақсаты: өткен әріптерден сөз құрауды, қосып оқуды үйрету.
Тақтаға алма,уық,ай суретін іледі, тапсырманы түсіндіреді.
-Мына суреттегі заттардың атының бірінші дыбыстарды анықтатады, дыбыстардың әріптерін тақтаға балалар ретімен қояды Шыққан сөзді оқытады: АУА.
4-тапсырмасы
Дәптермен жұмыс
Дәптерегі тапсырманы орындатады.
САусуқ жаттығуы
Қорапшалардағы бұршақ дәндерінен А,У әріптерінің бейнесін жасайды.
5-араның тапсырмасы
Кел, жазайық
Жазу кезіндегі отыру ережесі мен қарандашты дұрыс ұстауды естеріне түсіріп, жазу жұмысын орындайды.
Тақтадағы ойыншық араларды тамашалайды.
Араларды санайды.
Олар туралы тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Әр екі жолды айтып болған соң мұрын арқылы терең тыныс алып, ауыз арқылы шығарады. Әр тапсырманы орындаған сайын бір бала тақтадығы бір араны алып, гүл үстіне қондырады.
Бір бала тақтада, қалған балалар өз орындарынды отырып орындайды.
Алдарындағы қорапшадан әріптер жазылған қатты парақшаны алады.
Әріптер арасынан А,У әріптерін тауып қоршайды.
Алғашқы екі жолды айтқан баланың қимылын салады.
Соңғы екі жолды айтқан соң қолдарын ұстап, ауырсынған баланың қимылын салады.
Тақтаға ілінген суреттерді тамашалайды.
Сөздердің бірінші дыбыстарын анықтайды:
-«а-а-а-алма», бірінші дыбыс [а].
-«у-у-у-у-уық» бірінші дыбыс [у].
Әр дыбысты айтқан сайын әріптерін тауып қояды, шыққан сөзді оқиды: АУА.
Дәптерге тапсырмаларды орындайды.
Қорапшадағы бұршақ дәндерінен А,У әріптерін жазады.
Рефлексивті- түзетушілік
Қорыту
Гүл дестесіндегі араларды көрсетіп:
-*Міне, біз аралардың алаңсыз бал жинауына жағдай жасадық. Бірақ, жаңа айтып өткеніміздей, оларды ұстауға, оларға тиісуге болмайтынын ұмытпайық. Балалардың ақылды, мейірімді, еңбекқор екендерін атап өтіп. Сабақты аяқтайды.
Тәрбиешінің қорытынды әңгімесін тыңдайды, қауіпсіздік ережелерін қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Аралардың пайдасымен қатар, зиянды қасиетін, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын.
Қайталайды:
Әріптердің арасынан А,У әріптерін танып, көрсете білуді.