Бір теңге
(ертегі)
Қоян
Қасқыр
Аю
Қыз бала
Ұл бала
Автор
Автор: Орманда бір қоян секең қағып келе жатып жылтыраған бір нәрсе тауып алды. Қолына алып, мәз боп кетті.
Қоян: Қарным ашып тұр еді, тойып жеп алайыншы
Автор: деп тістеп қалып, тісін ауырытып алды.
Қоян: темір екен гой, тамақ екен десем
Автор: деп ренжіп, әрі қарай кетіп қалды. Аштан бұратылып қасқыр да сол жылтыраған нәрсенің қасына келіп, мәз боп кетті
Қасқыр: ОООО бұл менікі, мен өзім ғана жеймін, ешкімге бермеймін, ешкіммен бөліспеймін
Автор: деп жылтыраған нәрсені ашқарақтан бір тістеп, тістері сақ ете қалды.
Қасқыр: мен бұны жегелі жатсам, темір екен гой
Автор: деп ұнжырғасы түсіп, кетіп қалды. Ақырып аю келді, ол да көрді
Аю: Мен сені жеймін, қарным ашты, балдай татті емес шығарсың, бірақ жеймін,
Автор: деп ол да бір тістеді. Көздері шатынап ашуланды.
Аю: темір екенсің гой, тамақ екен десем мен сені
Автор: деп лақтырып жіберді де өзі жөніне кетті. Осы кезде ойнап жүрген қыз бала мен ұл бала келіп жылтыраған заттың қасына тоқтады. Ұл еңкейіп жылтыр затты алғалы жатқанда
Қыз бала: Не қыласын оны, ол бір теңге емес пе оған не күнің тісті сенің?
Автор: деп қыз бала бетін тыржитып жақтырмай қалды, сонда ұл бала:
Олай деме досым шын,
Бір теңге емес мен үшін.
Көтеремін жоғары
Елтаңбасын елімнің!
Автор: деп жылтыраған бір теңгенің бағасы бәрінен жоғары екенін көрсетті.