Сабақ: Фариза Оңғарсынованың өмірбаяны

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова ( [link] жылы туған ).

















Ұстаз жәйлі толғаныс
барады ғұмыр ағып
сан алаудың бірі өшіп, бірі жәніп...
бырақ менің әлемдей көңілімде
сен шырақсың мәңгілік нұры жарық.
көз алдымда
құйып жанға өшпейтін бір жалынды
отырушы ең айта алмас сыраларымды
айтқызбай-ақ көзәмнен ұғып алып.
болмысың, тұлғаң, арың
ашты маған дүниенің сырлы аралын,
бұралаң жол, құздарын, жылғаларын.
сен анасың-
мәңгілік құлағымнан
кетпейтін құндақ аны.
көтере алмай кейде өмір сынақтарын
мүмкін сені мен ылғи қуанпадым,
мүмкін кейде өзіңді тіңдәмәді.
осырдың қақ суындай
мөлдірлікті жаныма құйып менің,
сен нұсқадың арманның биіктерін.
мен табынып ой тұнған жанарыңа
лебізіңді тыңдадым ұйып керім.
көңіліңнен кей шықта шыға қалсам,
озымды адам сезініп биіктедім.
мейірімің, піктігің, сөзіңменен,
кейде қаталдығыңның өзіменен
сен маған сүйікті едің!
асыл бейнең -
мәңгіге кетер үлгі,
сен үйреттің сүюді мекенімді.
тауға ентігіп шыққанда ең әлдімен
саған арнап үземін жеке гүлді.
бұл күндерде
болса-дағы өз тұлғам. өз лебім,
аяз бише,
сені еске ап, сезінемін
әлі өзімнің аласа екенімді!


табылмай бір керім жігіт....
«сізге ғана құштармын», -деп,
көп жігіттер ғашық бөлді.
бір «керімін» ұстармын деп,
қыз көңілі тасып толды.
біреуінің бойы қысқа,
біреуінің мұрны жаман,
біреуі өте алып-ұшпа,
біреуі тым тұнжыраған.
сұрыптады, іріктеді,
жұмысы да тексерілді.
«маған тең жоқ жігіт»,-деді,
таба алмады еш «керімді».
орны бар жас, карінің де
сүйе білсе теңін біліп.
сол ару жүр әлі күнге
табылмай бір «керім» жігіт.

көз алмай неге қарайсың ......
көрмеген бұрын кісің бе ем,
қадалды неге жанарың?
көп жанның мынау ішінен
көз алмай неге қарадың?!

бөтен сөз ешбір айтпайсың,
кездесе қалсақ оңаша.
ойланасың да таппайсың,
жасқанған бейне балаша.

елеусіз ғана сөз айтсам,
құп алып үнсіз қостайсың.
қуанасың ғой бір қайтсам,
көрмеген көптен достай шын.

қадалса сенің жанарың
лүпілдеп жүрек... солай шын ...
айтсаңшы дал боп барамын,
көз алмай неге қарайсың?!

       Қоштасарда
қоштасу кезі келгенде
жаутаңдап маған қарадың .
«жүрмейсің бірге сен неге?»
дегендей болды жанарың.

елжіреп тұрды жас жүрек,
жеңе алмай күшін сезімнің.
кеудеме жалын түсті кеп,
жаныңдай ыстық озыңның.

перронға шықтың, қарадың,
тұрдың ба мені қия алмай.
сыр ашпай қалай қаламын,
сәулешім дер ме ем ұялмай.

айта алмай қалдым. жалынға
өртеніп кеудем тұрды-ай бір ...
қалды да қойды жанымда
жауғалы тұрған бір жәңбір .

бір сезім жанарыңда елжіреген
жанымды тұңғыш рет дір еткізді.
басармын сол дірілді енді немен-
бір арман кернегендей жүректі ізгі.

жаныма жақын тартып барады ұның,
сені айтып сыбдырлайды терек, емен.
еркелеп асыр салған балалығым
алыстап бар жатыр неге менен?

ұйқымды шәйдай ашып ұзақ түнде,
елесің көлбеңдейді неге сенің?
ойыма сөздеріңді жүз ап күнге,
күбірлеп қиялыммен кеңесемін.

сыланамын. жиіледі шашты да өру.
жанымда майлап алдың, санамды ұрлап.
қайғы ма, қуаныш па жақсы көру
баласын бөтен үйдің?
маған жұмбақ..




       сағындым
жырымды алғаш тыңдаған
ауылымды сағындым.
қош айтып қол бұлғаған
бауырымды сағындым.

ақша бұлты жарасқан
аспанымды сағындым,
қуыршақ ойнап таласқан
достарымды сағындым.

еркелеткен жасмнан
ағаларды сағындым ,
мейірім төккен асыл жан-
жан анамды сағындым.

таң нүрімен даланың
жәйнағанын сағындым,
аншы құстар таң әнін
сайрағанын сағындым.

жазғы кеште тербеткен
самалымды сағындым,
кеше ғана сенде өткен
бала күнді сағындым.


            Диялог
-сенсіз қалай күнелтем -
үйленейік, жүр, еркем !
-мен сүймесем, не етеміз?
-алы-ақ сүйіп кетеміз,
үйренісіп күні ертең!

сүймей, күймей,зар қылмай
өмір құру-бір қайғы:
сыиласудан тағдырдай
шын махаббат тумайды.

      не деген ғажап еді
тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың,
көп мезгіл жылылығын ұға алмадым.

мен саған үміт артар сөз бермедім,
сонда да ынтық болдың, өзгермедің,

мен болып жүректегі жыр, арманың,
бейнемді көңіліңнен шығармадың.

жанымның өзге болды ұнатқаны,
өмірлік жүрегімде ол тұрақтады.

көз тартар болмаса да ол дана жігіт,
сол ғана бақытым деп жанады үміт.

сан қилы тағдар жолын сезбеген ем:
мен жүрмін ой-қиялым өзгеменен.

сен жүрсің ынтық болып күлкіме бір,
не деген ғажап еді шіркін өмір!...





                          ағалар

ағалар асқар тауым ғой асқақтап тұрған көк тіреп,
жабықтырғада дауылды ой маңдайымнан менің өпті кеп,
ағалар барды демеген, бәрінен биік шоқтығым,
еркелеп өстім неге мен әкенің сезбей жоқтығын?
жолаушы кетсе, тұнжырап апамнан сұрай беріппін,
алдынан шықтым құлдырап, лағындай боп еліктің.
білінбей жоқтық, кем-кетік, елдей ем өзім рулы,
«беремін,-дейтін, - жеңге етіп саған ұнаған сүлуді».
отып зулап жылдарым, кетіпті тулап күндерім,
сусын ғып әлі жүр жаным мейірімнің сонау күн демін,
бар екен жерде тамыздар, қабақтар шашқан қар-ызғар
өтелмей жүрген парыздар, берілмей жүрген қарыздар.
тосар ма қайғы кемірген, солқылдар нәзік денем де,
ұмтылам бырақ сеніммен ағалар барда мен өрге.
ағалар барда нұры айбын, құздай сынға да шыдаймын,
сынбаймын, өзім күн, аймын
؛ нұрымын дала жаңарар
көк мөлдір көгім -ағалар!





           ұстаз
заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
дәрігер болсаң түрлі емің-
сиқалы жанның бағы шын.

ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол-озын арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

жақсы адам-елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

сан жастың қамыне шертесің,
тағдырын ойлап толғанып,
ар үйдің бір-бір ересін
үйреттің өзің қолға алып.

үстәссіз жанда сөнбек күн ,
шәкіртсіз өмір -сусіз жер.
көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.

жүректе тұрар жалқы үнің,
жанамнан жалын, жігер күт.
ұстазым, сенің әр күнің,
ар сәтің тұрған бір ерлік!

      қыз сыры
жігіттердің жүрегін
ұрлай бергім келмейді,
сұйдым деген тілегін
тыңдай бергім келмейді
кез-келгенін ғашық қып,
алғашқы арман тілекті
әлек еткім келмейді.
аз күндік жәй машық қып
және де өткім келмейді.
бірді сүйген жүректі
көпке ұсынғым келмейді