Барақ батыр негізгі орта мектебі.
Шағын орталық
«Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Тәрбиеші:Егізбаева Д.А
2013-2014оқу жылы
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз.
Мақсаты:Отан туралы түсініктерін кеңейту,патриоттық,мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.Балалардың тілдік қорын байыту.
Білімділік:Тәуелсіз мерекесі және оның маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық:түсініктерін дамыта түсу,ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Көрнекілік:Ұран сөздер,стенд-газеттер,буклет.
Жүргізущі:
Құрметті ата-аналар сіздерді алда келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!1991ж 16желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған.Міне содан бері бұл күн айтулы мереке ретінде тойланып келеді.
Тәуелсіздік қазақ еліне оңайлықпен келген жоқ.1986ж қазақ халқы қазақ елінің басшысы қазақ азаматы болуын талап етіп үлкен көтеріліске шыққан.
Қаншама қаракөз қыздарымыз,ержүрек ұлдарымыз құрбан болды.Қазіргі ұрпақ өте бақытты,өйткені тәуелсіз елде тұрып жатыр.Олар аға-апаларының еңбегін бағалай білуге,оларды ұмытпауға,егеменді еліміздің берік тірегі болып өсуге міндетті.Осыған байланысты шағын орта тәрбиенушілердің «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Нұрзат
Еліммен бірге тілегім
Өзің деп соғар жүрегім
Жатқа айта білемін
Елімнің гимнін
Гимн орындалады
[pic]
1.Ақбота
Он алтыншы желтоксан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше болып мәңгілік
Ел жадында қалған күн
2.Дильназ
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік ұлы той
3.Еркеназ
Өзіңдікі-елің де
Өзіңдікі-жерің де
Тәуелсіздік төрінде
4.Нұрзат
Тәуелсіздік төрінде
Шаттық сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән мен күй
Ұлдар тобы «Көк тудың желбірегені»ұлдар тобы.
[pic]
«Айгөлек биі» Дильназ,Арна,Қаламқас,Ақерке, Ақбота
5,Ерке
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем
6,Ақбота
Алтын күнің астында,
Желбіреді туымыз
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз
[pic]
7, Дильназ
Тәуелсіз Қазақстаның
Көк туын әлем таныған.
Халқы –жомарт,жері-кең,
Қазақстан мәңгі турағым.
«Қошақан» орындайтын Ерке,Шолпан,Еркеназ
8. Азамат
Асырып ойын ғарыштан ,
Бағытты болжар алыстан,
Санасы сара көреген ,
Нұр –ата білгір данышпан.
9, Арна
Жағасында Есілдің
Жарқырайды бір қала
Қамын ойлап елінің
Ел басқарған Нұр-ата
10.Ерке
Би өнерін сүйемін
Атлас көйлек киемін
Мың бұралып билеген
Мен қазақтың қызымын
«Испан биі» Дильназ
«Үйшік» ертегісі Арнұр, Азамат, Ерке, Арна, Ерсұлтан, Қаламқас
[pic]
11.Шолпан
Астанамнан арайлы
Күн сәулесі тарайды
Жас қалама таңырқап
Бүкіл әлем қарайды
12. Дарын
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
13. Арнұр Құшағын кеңге жайып қанатының
Жаңғырып жатыр бүгін ана тілім
«Гүлдер биі» Шолпан,Ерке,Ақбота,Еркеназ,Аяла,Гүлг [pic]
14. Аяла
Көжегім тұршы4
Бетіңді жушы
айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Сабағыңды оқышы
[pic]
15.Гүлгүл
Бала,бала балақан
кәне қайсы алақан
саусақтарың әйбат
былай-былай ойнат
16.Тасқын
Балабақша есігін
үшке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз
Сұрақ-жауап
1.Сендертұратын мемлекет қалай деп аталады?
2.Қазақстан Республикасының президенті кім?
3.Біздің қандай мемлекеттік рәміздерді атай аласыңдар?
4.Тудың түсі және не бейнеленген?
5.Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
[pic]
17,Нұрзат
Қазақстан-елім менің
Қазакстан-жерім менің
Саған арнап айтылады
Асқақтаған әнім менің.
«Әрқашан күн сөнбесін» Хор
Жүргізуші:Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет аттанды.
Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан-жылға көркейіп жаңарып өсіп
өнуде.Кішкене бүлдіршіндеріміз бұл үлкен мерекеге өздерінің тақпақтармен, өлең жырларымен шашу шашып өз үлестерін қосуда.
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.-дей келе мерекелік концерттік бағдарланы аяқтаймыз.Назарларыңызға рахмет.