Викторина-ойын «Қазақшаң қалай, балақай?»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Алматы облысы

Жамбыл ауданы

МҚК «Күншуақ» балабақшасы




«Қазақшаң қалай, балақай?»

(Викториналық ойын)

[pic]

Мектепалды даярлық «Бөбек» тобы



Тәрбиеші: Абдримова Р.А.













\





«Қасиет пен құт дарытқан ана тілі»



Мақсаты: Балалар өз ана тілін дамытуға ,таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету, қазақ тілінің мәртебісін көтеру,балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ой толғау, мақал- мәтел айту, түсіндіру, мәнерлеп өлең оқу. [pic]

Әділ қазылар алқасымен таныстыру: Балабақша меңгерушісі Жунусбекова Г.Ж, Әдіскер Джауимбекова Н.А.қазақ тіл маманы Омарова М.Л.

Бүгінгі сайсымыз 6 кезеңнен тұрады:

1-кезең-«Топтарды таныстыру»

2-кезең-«Кім жүйрік?» сұрақ жауап.

3-кезең-«Сөз көркі-мақал»

4-кезең –«Мәнерлеп өлең айту»

5-кезең- «Екі тілде сөйлей білейік»

6-Кезең-«Жұлдызды сәт» (Жеңімпаздарды анықтау)

Ал ,енді сайысымызды бастайық.

1-кезең Таныстыру (Әр топ өздерін таныстырып , топ аттарын атап,кеуде белгісін тағады)

«Ұлан» тобының топ басшысы Мұрат Ерасыл [pic]

«Айбын» тбонының топ басшысы Тюзелбаев Арсен



1-кезең топ басшысы таныстыру: «Ұлан» тобы Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр.

Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр.



«Айбын» тобы

Белгісі болса-жолдан жаңылмас,

Білімі болса-сөзден жаңылмас.





2-Кезең «Кім жүйрік?» 1. Елбасының аты –жөні кім?

2.Елордамыз қай жерде орналасқан?

3.Қай мемлекетте тұрамыз.?

4. Мемлекеттік рәміздердің аттарын ата?

5.Бәйтерек қайда орналасқан?

6. Мемлекеттік тілді ата

[pic]

3-кезең «Сөз көркі мақал» сайысына көшейік.

  1. Ең тәтті де-тіл (Жасмин)

Ең ашты да тіл

  1. Тіл тас жарады (Алибек)

Тас жармаса бас жарады

.

3)Өнер алды қызыл тіл (Ерназар)



4) Тұған тілдей тіл болмас, (Нурик)

Тұған елдей ел болмас.

5)Тоғыз бәленің бәрі тілден. (Стеша)

6)Сөйлей,сөйлей шешен боламыз. (Мерей)

Көре көре көсем боламыз.

7) Тіл жүйріктенде озады. (Абдусалам)

8) Тіл жүйрік емес ой жүйрек. (Айғаныш)

9) Басқа бәле тілден. (Мансұр)

10) Тілдің көркі сөз. (Марлен)

4-кезең «Мәнерлеп өлең айту»

Абулхайыр: Мейірі мол балаға,

Бар әлемде анаға

Басымызды иеміз.

Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп,

Ана тілін,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз!

Алидар: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз.

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Ана тілін,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз!

Ерасыл: Туған тілім – тарих тілі,

Тағдыры Отан анамның,

Ұлтымның тыныс тірлігі,

Сөздігі ғажап даламның.

Аружан: Анамның тілі болмаса,

Жалындап, лаулап жанам ба?

Өседі өз тіліммен,

Танымым, түйсік, санам да.

Жасмин: Қайратты тілдің қуаты

Күш берсін кең далама.

Жүректің құрал-сайманы

Қызмет етсін балама.

Алибек: Сүйсең Отан анаңды,

Сүйерсің ана тіліңді

Қадірлесең халқыңды

Білерсің баба тіліңді.

Мерей: Сыйласаң ұлы ұлтыңды

Құрметтерсің тіліңді

Ұнатсаң дәстүр салтыңды

Ұмытпассың тіліңді.

Арсен: Іздесең оқу, білімді,

Бағаларсың тіліңді.

Таңдасаң өнер-ғылымды,

Тастамассың тіліңді. [pic]

5-кезең «Екі тілде сөйлей білейік»

Буква-әріп

Неделя-апта

Загадка-жұмбақ

Сентябрь-қыркүйек

Октябрь-қазан

Ноябрь-қараша

Ручка-қалам

Книга-кітап

Тетрадь-дәптер

Доска-тақта

6-кезең «Жұлдызды сәт» (Жеңімпаздарды анықтау)

Өлең : хормен «Ана тілім тұғырым»

[pic]
















Күні,айы: 01.10.2014 жыл.

Тобы: «Бөбек» тобы

Сайыс барысы


«Ұлан» тобы


«Айбын» тобы



1.Топтарды таныстыру










2. «Кім жүйрік?» сұрақ жауап










3. «Сөз көркі мақал»










4. «Мәнерлеп өлең оқу»










5. «Екі тілде сөйлей білейік»








6. «Жұлдызды сәт»

Жеңімпаздарды анықтау.