Тақырыбы : «Біріншіге барамыз»
Мақсаты :Мектеп , мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру.
Айжан: Ерхан :
Қолыма гүл аламын Ботақандай бөбек деп
Дайын дәптер,қаламым Еркелеткен ұл –қызын
Таңғалдырып достарымды Анамызды ерекше
Біріншіге барамын Қуантамыз біз бүгін
Даулетжан : Бердібек:
Қуанамыз сыйлаймыз Біз сабақты бастаймыз
Қуаныштың мың гүлін Қайталаудан аспаймыз
Дайындықты қимай біз Есептен де қашпаймыз
Қоштасатын күн бүгін Жазуды енді бастаймыз
Асылай : Темірлан :
Ана тілін ардақтап Оқимыз ,білім аламыз
Ата салтын біз көрдік Болашақ жолын табамыз
Сурет салып , ән жаттап Дайындықпен қоштасып
Оқып,жазып үйрендік Біріншіге барамыз
Испан биі орын : Дана,Айару
Іңкар : Ердаулет:
Үлкендердей тап-таза Құшағында жарқылдап
Жазамыз бормен тақтаға Өтті сәби күндерім
Үлгілі бала боламыз Би биледім, ән тыңдап
Жүретіндей мақтана Алаңдауды білмедім
Ән: «Бала тілегі» орын : Ерхан.Ақарыс.
Айару : Нұрай:
Жеті жасқа толамыз Бізге тәртіп үйреткен
Әдепті бала боламыз Ән салдырып билеткен
Қуантып ата-ананы Таныстырған ең алғаш
Біріншіге барамыз Әріптермен ,суретпен
Тәрбиеші апамыз
Асылжан : Нұрәлі:
Жақсылыққа құмармыз Біз бақытты баламыз
Жақсы адам боп шығамыз Оттай лаулап жанамыз
Таза сәби жүректен Үміттерді біз ақтап
Қабылдаңыз мың алғыс Біріншіге барамыз
Ән: «Ақ көгершін» орын : Жанару
Дана : Аянат:
Ойыншықты жинаймыз Біріншіге барамыз
Бөбектерге сыйлаймыз Үлгілі оқушы боламыз
Оқу білім үйреткен Жақсы оқып сабақты
Өзіңізді қимаймыз Кілең бестік аламыз
Жеті жасқа толамыз
Қуантып ата –ананы
Біріншіге барамыз
Ән : «Оқуда озат боламын»
Үздік : Аделья :
Нағыз білім ырыс бақ Біз мектепке барамыз
Дүниені тұр ұстап Қолға қаламаламыз
Енді біздер сабаққа Кітапты да оқимыз
Кірісеміз дұрыстап Суретті де саламыз
Жанару : Жанайна:
Даярлық сынып қош енді Тәрбие берген ұямыз
Әр кез аман бол деймін Тәртіпті бала боламыз
Тәрбие берген ұямыз Қоштасып даярлық топпенен
Тәртіпті бала боламыз Біріншіге барамыз
Ақарыс : Нұрғиса :
Ән салайық бас қоса 5 болсын алар бағамыз
Даярлықпен қоштаса Білімнен бақыт табамыз
Қалам,дәптер ,өшіргіш Өнер,білім көп тоқып
Кітаптармен қоштаса Өсе берсін санамыз
Ән : «Қошақаным» орын :
Марсель : Аяулым :
Жүзімізге қараңыз Әліппеден әріп танып,
Бал күлкілі баламыз Алғаш рет оқимыз
Бізге қымбат күншуақ Тәрбиеден тәлім алып
Көкке қанат қағамыз Санамызға тоқимыз
Ерхан Т: Нұрсаят :
Қуан ,шаттан алақай Біз сабақты бастаймыз
Қуанатын күн бүгін Қайталаудан аспаймыз
Бұл қуаныш себебін Есептен де қашпаймыз
Бізге қарап ұғарсың Жазуды енді бастаймыз
Ер жетті деп бөбегім
Ата-анамыз қуансын
Ернар :
Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз
ІІ бөлім «Біз білімді боламыз»
Балалар біз мектепалды даярлық сыныбында қандай пәндерді өттік ?
1.Сауат ашу пәні бойынша :
-Алфавитте неше әріп бар ?
- Дыбыс нешеге бөлінеді ?
- Қандай дыбыс?
-
2.Математика пәні бойынша ?
1-ден 20-ға дейін сана ?
-Мына пішіндерді ата?
20-дан 1-ге дейін сана?
3. Тіл дамыту пәні бойынша ?
-Біздің еліміз қалай аталады ?
- Біз қандай мемлекетпіз ?
-Елбасымыз кім ?
-Елордамыз қай қала ?
4. Орыс тілі пәні бойынша ?
1-ден 10 –ға дейін орысша санау?
Аңдардың атын орысшаға аудару?
Орысша тақпақ айту?
5.Ағылшын пәні бойынша ?
1-ден 10 –ға дейін ағылшынша сана ?
Берілген суретті ағылшынша ата ?
Осымен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет.
Хаттама
2016 жылдың 20 мамыр күні Дина Нұрпейісова атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының І тобында «Біріншіге барамыз» тақырыбында ертеңгілік болып өтті.
Жиналыс басшысы : Амирова Г.
Жиналыс хатшысы : Ишангалиева А.
Қаралатын мәселе :
1.З.Галиденованың «Біріншіге барамыз» тақырыбында өткізген ертеңгілігін талқылау.
Тыңдалды : Мектепалды даярлық сыныбының І тобының тәрбиешісі Галиденова Зульфияның ертеңгіліктің мақсатын , жүру барысын таныстырып өтті.
Сөйлеушілер:
Психолог: Газизова Ж.
Бүгін мектепалды даярлық тобында «Біріншіге барамыз » атты ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік өз мәресінде өтті. Балалар бір жыл ішінде алған білімдерін көрсетті. Өлеңдер ,тақпақтар айтып , би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Күні кеше кішкентай бүлдіршіндер енді бірінші сыныпқа барады. Қадамдарына гүл бітсін. Сабақтарын 5- ке оқып , еліміздің үлгілі азамат, азаматшалары болсын . Ата – аналар сіздерге де рахмет.
Ата-ана : Мусагалиева Г.
Бүгін қызымның мектепалды даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне қатысып отырмын. Ертеңгілік жақсы өтті. Балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Бір жылдың ішінде балалар көп зат үйренген. Әр пән бойынша сұрақтарға жақсы жауап берді. Апайына рахметімізді айтамыз ата-аналар атынан.
Ата-ана : Қойшекенова А.
Бүгінгі өткізіліп отырған қоштасу ертеңгілігі жақсы болды. Балалар бір жыл ішінде алған білімдерін көрсетті. Өлең,тақпақ ,билері тамаша. Апайларына шығармашылық табыс тілеймін.
Қаулы :
Мектепалды даярлық сыныбында Галиденова Зульфияның «Біріншіге барамыз» тақырыбында өткізген ертеңгілігі үлгілі деп танылсын.
Хаттама
2016 жылдың 21 қаңтар күні Дина Нұрпейісова атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының І тобында Тіл дамыту сабағынан
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
Жиналыс басшысы : Амирова Г.
Хатшысы : Ишанғалиева .А
Жиналысқа қатысқандар саны : 12
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселе
З.Галиденованың Тіл дамыту сабағынан Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі тақырыбында өткен ашық сабағын талқылау.
Сөйлеушілер :
Амирова Г.
Бүгін мектепалды даярлық сыныбында Тіл дамыту сабағынан ашық сабақ болды. Тақырыбы Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.
Тәрбиешінің сабақ түсіндіруі жақсы. Көрнекіліктер жеткілікті.
Балалар қойған сұрақтарға толықтай жауап берді.
Сабақ өз мақсатына жетті.
Бастауыш сынып мұғалімі : Исатаева Г.
Бүгін мектепалды даярлық сыныбында Тіл дамыту сабағынан ашық сабақ болды.Бірінші өткен сабақ жөнінде балалардан сұрақ-жауап арқылы сұрады. Сабақ жақсы өтті. Балалар жаңа сабақты жақсы түсінді деп ойлаймын. Жануарлар туралы жұмбақтарды ойланып дұрыс жауап берді.
Ишанғалиева А.
Тіл дамыту сабағынан ашық сабақ болды. Сабақ жақсы өтті. Балалар сабаққа жақсы қатысты.Көрнекіліктер жақсы. Балалар жаңа сабақты дұрыс тыңдай білді. Тәрбиешіге шығармашылық табыс тілеймін.
Қаулы :
Мектепалды даярлық сыныбында Галиденова Зульфияның Тіл дамыту сабағынан Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі тақырыбында өткізген ашық сабағы қанағаттанарлық деп танылсын.
Жиналыс басшысы : Амирова Г.
Хатшысы : Ишанғалиева А.
Тіл дамыту. Білім беру саласы : Қатынас
Тақырыбы : Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.
Мақсаты :
1.Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Сөздік жұмыс : суыққа дірдектеп, айдын.
Көрнекілігі : жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер.
Ынталандыру сезімді ояту
Негізгі бөлім
Рефлексивті
түзетуші
1. Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздерме
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Өткен сабақты пысықтау.
Жаңа сабақ
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.
2.Кіріспе бөлім
Сұрақ –жауап әдісі арқылы балалардан жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салу.
-Балалар ,аңдарды қыстың қатты суық аязында не қорғайды ?
-Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді ?
3. Негізгі бөлім
Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.
-Қыста аңдар немен қоректенед
Сөздік жұмысын жүргізу.
Суыққа дірдектеп – қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.
Айдын – жайылып жатқан су алабы.
Дәптердегі тапсырманы орындау.
Ә.Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату.
Сергіту сәтін өткізу
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып –ытқып жүгірді
4.Оқу іс –әрекетін қорытындылау
а) «Ақ аю»өлеңін 1-2 балаға жатқа айтқызу.
ә)Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдерін сұрақ –жауап әдісі арқылы пысықталады.
Қандай жануарлар қысқа азық жинайды ?
Ал қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?
Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?
«Қандай жануар?» дидактикалық ойыны
Балаларды мадақтау.
Жылы үлпілдеген жүні,індері,апандары.
Аңдардың суретінен көрсетеді.
Балалар суретке қарап әңгіме құрастырып айтады
Балалар қайталап жаттайды
Балалар қимылмен орындайды
Балалардың жауаптары