Ашық сабақ «Мен шыншыл баламын»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен шыншыл баламын»

Мақсаты: «Шыншылдық» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу

Міндеттері:1.-адалдық, шыншылдық туралы түсінік беру. 2.-балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.3-шыншылдыққа адалдыққа тәрбиелеу

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Мотивация-лық кезең




Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі

































Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:-Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып,бір-бірімен амандасады.Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет,

Адамдыққа сенемін!

Әңгімелесу

-Балалар, бүгін біз «шыншылдық» қасиетімен танысамыз.

- «Шыншылдық» деген сөзді қалай түсінесіндер?

-Шыншылдық – ол адалдықты, әділдікті білдіретін адамның бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Осы қасиеттер жүрегіміз арқылы беріледі.Шыншыл адамның жүрегі жылы, мейірімді болады.Біз бір-бірімізге өтірік айтпауға, ешкімді алдамауға, тек шын сөйлеуге, шыншыл, әділ болуға уйренеміз.

Әңгімелеу

«Төгілген қаймақ»

  • Мереке мен Дүйсен шындықты айта алды ма ?

  • Мереке анасына өтірік айтқаннан кейін қандай сезімде болды?

  • Мереке мен Дүйсен енді өтірік айтады деп ойлайсындар ма ?


Дәйексөз

Тәрбиеші «Шыншыл бала – батыл бала» нақыл сөзін сабақтын дәйексөзі ретінде түсіндіреді .


Ойын «Айна»




Тыныштық сәті


Дәптермен жұмыс

-Әңгіме мазмұны бойынша сурет салыңдар.Әңгімелеп беріңдер.

Ғажайып сөздер

Шыншыл бала – батыл бала.

Өтірік өрге баспайды.

-Біз бүгін сабағымызда өтірік пен шындық жайлы білдік. Өтіріктің жаман қасиет екенін, одан аулақ болуды,өтірікші баланы ешкімде жақсы көрмейтінін білдік. Шындықтын ен жақсы қасиет екенін түсіндік.

Жүректен жүрекке

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары,

Күліп өмір сүрейік!




-бірге қайталайды.






-Балалардың жауаптары








-балалар зейін қойып тыңдайды


-Балалардың жауаптары






-ойын шартымен танысып,ойынды ойнайды.


-қимылмен көрсетеді



-сурет салады










-бірігіп қайталап айтады.




Білу: шыншылдық туралы түсіну.

Игеру:жақсы қасиеттерді дамыту.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.