Құстар күніне арналған ертеңгілік Құстар біздің досымыз!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Құстар-біздің досымыз!

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Балалар «Көктем вальсі» әуенімен залға кіреді.

Тәрбиеші: Қайырлы күн құрметті қонақтар және кішкене бүлдіршіндер! Бүгін көрікті көктем мезгілінде келетін біздің қанатты достарымыз – құстардың мерекесі.Балалар біздің елімізде құстардың 500 дей түрі кездеседі. Осы құстарымыздың таиғаттағы орны ерекше.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: -Көктем мезгілі

-Ең алдымен көктем мезгіліне арналған әнімізді айтайық.

Хор: «Көктем»

-Көктемде бізге жылы жақтан нелер ұшып келеді?

Балалар:-Құстар ұшып келеді

-Балалар қандай құстарды білесіңдер?

Балалар: -Қаз, үйрек, аққу, тырна, торғай, көкек.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, құстардың түрлері өте көп.Құстар ағаштарды жәндіктерден қорғайды.Ал балалар айтыңдаршы біз құстарға қалай қамқор болуымызға болады?

Балалар: -Құстарға ұя жасап береміз. Суын, тамағын береміз

-Айтыңдаршы көктемде ең алғаш қандай құс ұшып келеді?

Балалар: -Көкек ұшып келеді

-Енді осы көктемнің жаршысы көкекке арнап ән айтайық?

Ән: «Көкек» Орындайтындар: Айша, Айғаным

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, егер сол жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар бізге қонақ келеді.

Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

Балалар: -Қарлығаш

-Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше адамдарды досы –қарлығашты қарсы алайық. (Әсем әуенмен қарлығаш ұшып келеді)

Қарлығаш: -Мен қарлығашпын,

Мен адамның тұрағын,

Мекен етіп тұрамын.

Ел аузында мақтаулы,

Қарлығаш боп қонамын.

-Амансың ба, адамзаттың адал досы, табиғаттың қорғаушысы – қарлығаш, жақсы келдің. Мерекеңіз құтты болсын.Енді өзіңізге арнап Гүлмариям қызыңыздың әнін қабыл алыңыз.

Ән: «Құйшы жаңбыр» Орындайтын: Гүлмариям

Қарлығаш: -Жарайсыңдар балалар.

-Қарлығаш, енді біздің балалар құстарға арнап тақпақтар айтады, сіз балалардың сәлемін достарыңызға жеткізіңіз.

Айғаным: Өтті күндер боранды,

Аязды күн жоғалды.

Көктемді ертіп соңына,

Жыл құстары оралды.

А.Кәусар: Келші қара торғайым,

Жем берейін қорғайын.

Өзіңе арнап жасаған,

Ұяң әне дап-дайын.

Ұлдана: Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан

Бір тамырдан тамырға,

Секен-секен ауысқан.

Аружан: Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді.

Бақшамызға қонбайды.

Д.Кәусар: Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Сымбат: Нұрланып күн тұрса,

Күллі әлем жайнайды.

Жер беті құлпырса,

Бұлбұлдар сайрайды.

Алдияр: Құстар-біздің досымыз,

Бау-бақшаны қорғайды.

Ұя жасап қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

Қарлығаш: -Балалар, мен сендердің сәлемдеріңді жеткіземін, достарым қуанатынына сенімдімін. Балалар мені достарым күтіп қалатын болды, мен кетейін қош сау болыңдар.

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

-Балалар, құстар біздің адал досымыз, сондықтан да біз, оларды қорғауымыз қажет. Ата-бабаларымыз ежелден балаларына құстардың аттарын қойып, батыр ұлдарына сұңқар,бүркітке, ал әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. Осымен балалар, құстар мерекесіне арналған мерекелік оқу іс-әрекетіміз аяқталды.Аспанымыз ашық, құстарымыз аспанда тшарықтай берсін.

Балалар «Көктем» әуенімен залдан шығады.