Ересек топта Ұйымдастырылған оқу іс әркетінің технологиялық картасы Сауат ашу -тақырыбы Ддыбысы мен әрпі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


13.04.16ж

Лекенова А.К.

Ересек «Көбелек » тобы үшін білім барысын ұйымдастырудың технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Сауат ашу

Тақырыбы: «Д» дыбысы мен әрпі»

Мақсаты: «Д» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. «Д» дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамыту. Оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. 72 бет

Cөздік жұмыс: доп, домбыра, дәптер, бидай, дән.

Құралдар: Суреттер, тапсырмалар, дәптерлер, қарындаштар.

Баланың іс-әрекеті


Үйлестіру-ұйымдастыру

-Қәне, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізге алғыс сөз, тілек айтайық.

-Балалар шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтады


Ұйымдастыру-іздену






-Балалар, бәрі сөздер дыбыстардан тұрады, дыбыстарды біз не істейміз?

-Егер сөзде көп дыбыс болса, ұзын сөз деп айтамыз, ал дыбыс саны аз болса, қысқа сөзді құрайды.

-Дыбыстар қай екі топқа жатады?


-Дауысты дыбыстарды қалай танимыз?


-Ал дауыссыз дыбыстарды қалай танимыз?

-Біз бүгін тағда дауыссыз топқа жататын дыбысымен танысамыз, ол «Д» дыбысы.

-Балалар, әріпті біз не істейміз?


-Қалай ойлайсыңдер «Д» дыбысы қандай дауыссыз ба, дауысты ма?

-Неге дауыссыз деп айтамыз?



«Д» дыбыснан тұратын қандай сөздерді білесіңдер?

-Енді айтқан сөздермен сөйлем құрастырамыз


-до,өд,доп, дән сөздерді балаларға оқуға ұсынамын

-«Дәптер» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

-Сөзде неше дауысты дыбыс бар?


-Сөзде неше дауыссыз дыбыс бар?


Сергіту сәті:

Жаңбыр жауса-тырс-тырс

Айтады гүл- дұрыс-дұрыс

Жаңбыр жауса-тырс-тырс

Айтады қыр-ырыс-ырыс

-Балалар, мен бір жұмбақ жасырамын, сендер «Д» дыбысы қай жерінде кездесетінін айтып отырасыңдар:

Лақтырдым да әуелеп

Қағып алып: «оп», -дедім

Жерге соқтым, секең қақты

Айтамыз оны не деп? доп

Тапсырма «Д» дыбысымен сөзді тап және төмендегі дөнгелекті боя»

[pic] [pic] [pic] [pic]



Саусақ жаттығуы

Көбелек боп ұшамыз

Көгершін боп ұшамыз

Ұшып,ұшып аламыз

Қолға қалам аламыз

«Д» әріпті дәптерде жазады, алдымен мен жазылуын тақтада көрсетемін

-Оны естиміз және айтамыз



-Балалар мұқият тыңдап отырады


-Дауысты және дауыссыз дыбыстар

-Оларда тіліміз, тісіміз кедергі жасамайды, ауа еркін шығады

-Оларда тіліміз, тісіміз кедергі жасайды, ауа еркін шықпайды

-Балалар тыңдап отырады


-Әріпті көреміз және жазамыз

-Дауыссыз дыбыс


-Өйткені тіліміз, тізіміз кедергі жасайды, ауа еркін шықпайды

-Доп, домбыра, дәптер, бидай, дән.

-Мен доппен ойнадым

-Балалар өздері сөйлемдер құрастырады

-Ұсынылған сөздерді оқиды


Балалар сөзге дыбыстық талдау жасайды

-Дәптер сөзінде 2 дауысты дыбыс бар

-Дәптер сөзінде 4 дауыссыз дыбыс бар

-Балалар сөздерді қимылмен қайталады

-Балалар мұқият тыңдап отырады








-Ол доп, Д дыбысы бірінші тұр




-Балалар тапсырманы орындайды




-Балалар сөздерді қимылмен қайталады.


-Балалар қарап отырады және дәптерде жазады.

Рефлексивті түзетуші

-Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Біз бүгін «Д» дыбысымен таныстық

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: «Д» дыбысы және оның әріп таңбасын ұғынады.

Түсінеді: «Д» дыбысы кездесетін сөздерді қатыстыруға түсінеді.

Қолданады: Жазуға қолдарын жаттықтыруға қолданады.