Білім көздері: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: «Ыы дыбысы және әрпі».
Мақсаты:
Жаңа Ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ы дыбысы бар сөздерді талдай алуға үйрету.Оқушылардың сөйлем, сөз ұғымдарын кеңейту.
Ы дыбысын дұрыс және анық айтуға дағдыландыру.
Балаларды тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.
Билингвизм: ыдыс-посуда-posuda
Іс-әрекет кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері. «Қайырлы таң!» әнін шырқау.
Қайырлы күн ұстазым!
Қайырлы күн, достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!
Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!
Good morning, good morning,
Good morning to you,
Good morning, good morning,
We are glad to see you!
ІІ. Өткен дыбыстарды қайталау.
Өте жақсы, балалар. Енді біз «Алма жинау» ойынын ойнайық. (Үлкен алма ағашының суреті, жемісімен)
Мына алма ағашында, алмалар пісіп тұр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз. Аталған сөздерге буындық талдау жасатып отыру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Оқу іс-әрекетін бейнелі сөзжұмбақ шешуден бастау.
қ а
с
ы
қ
д
о
п
қ
ы
с
к
е
с
е
[pic] [pic]
[pic] [pic]
Ы дыбысының үлкен, кіші әріп таңбасы көрсетіледі.
-Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар ?
- Демек, ы дыбысы –жуан дауысты дыбыс. Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасату.
-Алдарындағы текшелерге қарап, осы сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
Кеспе әріптермен ыдыс сөзін буынға бөліп оқимыз.
Ы-дыс.
IV. Сергіту сәті.
Көтеріліп шанырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керілір,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
V. Әліппе-дәптермен жұмыс. Ы әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру. Қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жасау. Ы әрпін үлгідегідей жол аяғына дейін жазу. сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Ы дыбысының орнын табу. Ы дыбысын қосып, буын, сөз құрау.
VI.Тіл ұстарту жаттығуы.
Ық – ық – ық
Ас ішетін қасық
VII. Қорыту. Сабақты «Дүкен» ойыны арқылы бекіту. Балаларға өтілген әріптер таратылып беріледі. Олар сол әріпке байланысты затты сатушыдан сатып алады. Мысалы: қаламсауыт, сызғыш, қуыршақ, қонжық, ыдыс. Осы сөздерге сөйлем құрату.
VIII .Мадақтау .