[pic]
Алматы облысы Еңбекшіқақа ауданы Шелек ауылы «Бәйтерек»балалар бақшасының әдіскері
Джанузакиева Гульмира Уразалиевна
Білімі: Жоғары
Еңбек өтілі: 7 жыл
Санаты : 2
Технологиялық карта
Білім беру саласы : Қатынас, шығармашылық.
Оқу іс- әрекеті: Экология, сурет.
Тақырыбы : «Бөлме гүлдерінің күтімі» (әңгімелесу), «Гүл» (далаппен).
Мақсаты : 1. Бөлме гүлдерін таныстырып, оларды қалай күту керегін
түсіндіріп, көрс
2. Гүл күтімі туралы айта отырып, тілдерін дамыту. Сөздік
қорларын молайтып, шығармашылық қызығушылығ
арттыру
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, өсімдіктерді
қорғауға, күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері, өсімдік күтуге арналған
құралдар.
Сөздік жұмыс: Суқұйғыш,суару, қопсыту, құбылыс,
тыңайтқыш, дәрумен.
Ұйымдастырушылық – оятушылық
Сұрақ – жауап:
Сергіту сәті:
Қорытынды :
Шаттық шеңбері
-Ағаштай берік бол!
-Ауадай таза бол!
-Судай мөлдір бол!
-Күндей мейірімді бол!
-Гүлдей әдемі болып,
жайқалып өс!
-Балалар,жылдың қай
мезгілі?
-Далада ауа-райы қандай?
Балалар,мына сендердің алдарыңда тұрған бөлмеде өсетін гүлдер. Бөлме гүлдерінің сан алуан түрі болады. Олар: гүлдейтін, гүлдемейтін, жіңішке және жалпақ жапырақты, тікенекті т.б.
Бөлме гүлдерінің ішінде дәрілік қасиеттері бар гүлдер де кездеседі (алоэ, герань т.б.)
Жалпы гүлдердің негізгі қасиеті- бөлмедегі лас ауаны өзінің бойына сіңіріп алып, өз бойынан таза ауаны бөліп шығарады. Бірақ бұл құбылысты біз байқамаймыз. Бөлмеде гүлдің көп болғаны өте пайдалы. Сондай-ақ, оны әсемдік үшін өсіреді.
[pic]
Балалар, осы гүлдер әсем болып өсу үшін күннің көзі қажет, себебі гүлдер күннің көзін сүйеді, сол себептен гүлдерді көбіне терезе алдына қоямыз.
Гүлдердің әдемі болып өсуіне тағы не қажет деп ойлайсыңдар?
Тағы да қандай күтім жасау керек?
( жапырағының шаңын сүрту, топырағын қопсыту).
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін!
Дәрумендер туралы айту. Мақсаты: бала өзі дәрумен жегенде денсаулығына пайдалы екенін біледі. Балалар гүлдердің басты қасиеті бөлмедегі лас, шаң ауаны өз бойына сіңіріп, өзінен таза ауаны бөліп шығарады. Гүлдер жақсы өсу үшін, бойына қоректік заттар керек, ол- тыңайтқыш. (Тәрбиеші гүлдердің түбіне тыңайтқыш салып көрсетеді)
( Балалардың өздеріне гүлдің түбін қопсытқызу). Осыдан кейін гүлдеріміз өте әдемі болып өседі. Ал енді, осы әдемі гүлдерді көз алдарыңа елестетіп көріңдерші
Елестетіп болсақ, алдымыздағы ақ параққа гүлдің суретін далаппен әдемілеп салып шығайық.
(Тәрбиеші тақтада үлгі нұсқаны көрсетіп, бағыт – бағдар береді) Балалар, далаппен жұмыс істегенде өте мұқият болыңдар! Себебі, киімдеріңе тисе оны жуып кетіру оңай болмайды.
Сабақ соңында жұмыстарды жинап, көрме жасап, мадақтау.
-Ал,балалар, бүгінгі сабақта не туралы айттық?
-Бөлме гүлдеріне қандай күтім керек екен?
-Не себепті гүлді күннің көзіне қояды екенбіз?
-Гүл жақсы өсу үшін тағы не қажет?
-Біз ненің суретін салдық?
-Немен салдық?
-Сендерге сабақ ұнады ма?
Балалардың іс - әрекеттері
Балалардың жауаптары
Балалардың жауаптары.
Балалар гүлдердің түбіне су құяды
Балалар көздерін жұмып елестетеді.
Балалар далаппен сурет сала бастайды.
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже :
Білу керек: Бөлме гүлдері жайлы жалпылама білуі, бояуды.
Болу керек: Шығармашылық қызығушылық, өсімдіктерге деген сүйіспеншілік.
Үйрену керек : Бөлме гүлдерін қалай күтуін, далаппен ұқыпты бояй білуді.