Қордай ауданы Жамбыл ауылы Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп. Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі. Абдуллаева Света Тиловбаевна Тіл дамыту Сабақ тақырыбы: Менің отбасым Сабақ мақсаты: Отбасы құндылығының маңыздылығын ашу. - Отбасы туралы тү

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic]

Қордай ауданы Жамбыл ауылы

Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.
Абдуллаева Света Тиловбаевна

«Қызықты математика» 
Сабақтың тақырыбы : «Ойлан , тап !»
 
Сабақтың мақсаты :
 
Білімділігі : оқушылардың сандардың құрамы және сандарды қосу , азайту туралы білімдерін тапсырмалар орындата отырып тиянақтау; өрнектердің мәнін қатесіз шығара білуге машықтандыра түсу ;
 
Дамытушылығы : тез есептеу , есте сақтау , ойлау , өз бетінше және жұппен тапсырма орындау қабілеттерін дамыту ;
 
Тәрбиелігі : пәнге деген қызығушылығын артырып тапқырлыққа,ізденімпаз болуға, оқушыларды қоршаған ортасымен ізгілік қарым – қатынаста болуға , қамқорлыққа тәрбиелеу;
 
Сабақтың түрі : ойын сабақ
 
Сабақтың типі :өткен материалды бекіту сабағы
Сабақтың әдісі : іздену, жұппен жұмыс,түсіндіру ,өз бетінше жұмыс,
 
семантикалық карта , ойын , интерактивті тақта .
 
Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру кезеңі
 
- оқушылардың назарын сабаққа аудару ;
 
- психологиялық дайындық
 
Қайырлы күн , ұстаз !
 
Қайырлы күн , достар !
 
Бүгінгі күн ,міне ,
 
Сәттілікке толсын .
 
Біздің алар бағамыз,

Кіл бестіктер болсын! 
II .Ой қозғау
 
- Ауызша санау ( бірнеше сұрақтарға жауап алу )
 
( қарапайым түсініктер туралы білімдерін еске түсіреді )
 
III . Жаңа сабақ
 
- Балалар, бүгінгі қызықты математика сабағының тақырыбы : «Ойлан , тап !» Бүгінгі сабағымызда әр түрлі тапсырмалар орындаймыз .Берілген тапсырмаларды әр бала жеке орындайды және жұппен орындаймыз.
 
Бүгінгі сабақ ерекше болмақ , өйткені , біз хайуанаттар бағына серуенге барамыз. Барлығың да серуенге барғыларың келеді ме? Олай болса барлығымыз автобусқа отырамыз.(балалар орындарынан тұрып қимыл жасайды)
 
Міне , хайуанаттар бағына да келіп жеттік.Бақта аңдарды арнайы торда ұстап,күтіп бағады .Ал , енді балалар мұнда ең қызығы хайуанаттар бағына келген балаларға аңдар тапсырма береді екен.Ол тапсырманы орындамасақ аңдар ренжиді.
Қалай тапсырмаларды орындаймыз ба ? 
1.Арыстанның тапсырмасы:

[pic]

Сандарды санау тура және 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 – тура санау

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0 – кері санау

Өздерің білетін санамақ айтыңдар!
1 дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала.
2 дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3 дегенім орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
4 дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
5 дегенім үздік баға,
Оқимыз тек үздік қана.

Алты дегенім алғыс,

Жеті дегенім жетістік

Сегіз дегенім семсер

Тоғыз дегенім тоқу

Он дегенім оқу

Сергіту сәті:

1. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.

2 . Жолбарыстың тапсырмасы :

[pic]

Сандардың көршісін тап!
2; 6;
5; 8;
4; 7;
1; 3;
3 .Пілдің тапсырмасы : Ойланып , жаз !


[pic]

Сандарды салыстыр!
5 * 4
6 * 9
7 * 3
4 * 4
Аюдын тапсырмасы



[pic]

Жасырын сандарды тап!
... 1, 2,... 4, 5,... 7,... 9,...
 
Сергіту сәті
2. Бiр, екi, үш

Бойға жинап күш.

Жаттығуды жасаймыз

Шынығуды бастаймыз.

 4. Түлкі тапсырмасы :



[pic]

Сәйкестендіру кестесі 
3 + 4 8 1 + 7 4+3
8 – 0 7 7 10 – 4
4 + 5 3 5 + 5 8
 
0 + 3 9 2 + 4 10
 
5 . Қоянның тапсырмасы:



[pic]

Фигураларды атау
















Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

6. Қасқырдын тапсырмасы:





[pic]



Жапырақтар жинайық

7 – 2=  4+5= 9-2=
2 + 4=
  3+5= 6+4=
1 + 3=-
  10-5= 9-3=
6 - 5
 = 6+2= 7-3=
10 - 7
= 9-5= 8-3=

Мұғалім : -Қандай аңдардың тапсырмасына жауап бердік ? 
-Енді хайуанаттар бағында арыстан жолбарыс , піл ,түлкі , аю, қасқыр,қояннан басқада аңдар өмір сүреді .
IY .Сабақты қорытындылау
 
-Бүгінгі сабақ ұнады ма ? Неліктен ?
 
Y .Оқушыларды мадақтау