Технологиялық карта Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек – үйшік ертегісі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек – үйшік ертегісі.

А.Орынбекова,№ 30 «Ұрпақ» балабақшаның тәрбиешісі

Ақтөбе қаласы

Мақсаты: балаларды санауға жаттықтыру,геометриялық фигуралар (дөңгелек,шаршы,ұшбұрыш) жайлы балалардың бәләм деңгейін анықтау. «Бір және көп» деген ұгымдарды ажырата алу қабілеттерін ныгайту.

Сөздік жұмыс:

Қостілдік компонент: шаршы.ұшбұрыш.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң,балалар,

Қайырлы таң, қонақтар.

Тәрбиеші:

-Балалар,сендерге балабақша ұнай ма?

- Балабақшадан не үйрендіндер?

- Балабақшаға бір аптада неше күн келесіндер?

Мен бүгін сендерге қызықты ертегі айтып беремін.

Ертеде ормагнда бір үйшік тұрыпты. Шаршы келе жатып үйшікті көреді. Үйшікке жақындап келіп есікті қағады:

-Бұл үйшікті кім тұрады?

Үшіктің ішінен бір ерекше дауыс шығады:

-Егер сен балалармен ойын ойнасаң, үйшікке кіргіземін.

Шаршы ойланып тұрып, балаларға мынадай бір ойын ұсынады.

Дидактикалық ойыны: «Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Мақсаты: көкөністер мен жемістерді ажырата білуге ,атауларын дұрыс айтуға үйрету.

Ойынның шарты: үстел үстінде жемістер мен көкөністердің суреттері араластырып қойылады. Бір баладан шығып, қолынан алған суретте не салынғаны туралы айтып, көкөніс болса, себетке, жеміс болса, вазаға салу керек.

Ойын ойналып болған соң, шаршы үйшікке кіріп жайғасады.

Біраз үақыттан кейін Үшбұрыш келеді. Ол да есікті қағады.

-Бұл үйшікте кім тұрады?- деп сұрайды.

Дидактикалық ойын: «Біреу және көп».

Мақсаты: біреу және көп ұғымдарын ажыратуға үйрету.

Ойынның шарты: тәрбиеші балаларға суретті ұсынып, оның арасындағы бір немесе көп затты қалай тапқандығы жайлы айтуы керек (санау немесе беттестіру тәсілі арқылы).

Ойын аяқталған сон. Үшбұрыш үйшікке келіп жайғасады.

Сергіту сәті:

Жасыл жапырақ, сары жапырақ

Ойып, қиып, кесіп ал,

Сары жапырақ, жасыл жапырақ,

Билеп-билеп алайық.

Ертегіні ары қарай жалғастырады.

Шаршы мен Ұшбұрыш үйшікке жайғасып тату- тәтті өмір кешіп жатқанда, үйшікке Дөңгелек келеді. Ол да үйшәкке кіргісі келіп, есікті қағады.

Үйшіктің ішінен әлгі бір сиқырлы дауыс тағы да үн қатады:

-Егер сен балалармен ойын ойнасаң, үйшікке кіргіземіз!- дейді

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»

Мақсаты: балаларға геометриялық пішіндер бойынша түрлі түсті бауларды пайдаланып,соған сай орнын таба білуге үйрету.

Ойынның шарты: әр баланың алдына лабиринт үлгісінде жасалған суреттер таратылады. Суретте қоян, түлкі, аюдың көлікте келе жатқан бейнелері салынған. Әр көлікте геометриялық пішін мен бейнеленген белгілер бар.

Балалар түрлі түсті жіптердің көмегімен осы аңдардың үйлерін табуы тиіс.

Сонымен қатар қандай ерекшеліктеріне қарай тапқандығын айтулары керек.

Ойын аяқталған соң, дөңгелек үйшікке келіп жайғасады.

Қорытынды:

Геометриялық пішіндер балалардың ойынға жақсы қатысқаны үшін алғысын білдіріп, олармен бірге өздерін ұмытпауға өтініп, қайталап өтеді.

Балалар қуанып, ризашылықтарын білдіре отырып, пішіндерді қайталайды

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балалар геометриялық пішіндерді атап ажырата біледі. Бір және көп ұғымдарын біледі. Жемістер мен көкөністер жайлы білімдері болуы керек.

Қандай түсініктерді игерді: қызығушылықпен мұқият тындай білу, заттарды топтастыру, санай білу, беттестіре білуді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ойын шартына байланысты талаптарды орындай білуді меңгерді..



,

,