Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы
26.04.2016
Білім беру саласы:
«Шығармашылық»
Бөлімі:
Жапсыру
Тақырыбы:
«Достық мерекесі»
Мақсаты:
Балаларды тыңдауға, өз әсерлерін апликация арқылы бейнелеуге үйрету. Елестету, қайталанбас сюжет жасау ықыласын дамыту.Эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Билингвизм
Табиғат-природа-, жапсыру-апликация-.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар
Табиғат көрністері туралы альбомдармен таныстыру.
Әдіс-тәсілдер
Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құрал-жабдықтар:
Үнтаспа, фонограмма, қайшы, түрлі-түстң қағаздар.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Педагог балаларға бүгін олар тәрбиеші әзірлеген үлгілерді қарастырмайтынын, табиғаттың дыбыстарын тыңдауды үйренетіндері туралы айтады. Педагог балалардан еркін отырып, көздерін жұмуды және фонограмма тыңдауды өтінеді.
Тәрбиешіні тыңдайды, ыңғайланып отырады, көздерін жұмып, табиғат фонограммасын тыңдайды.
Ұйымдастыру-
іздестіру
І. –Табиғат қандай көңіл күйде?
- Естіген дыбысты бейнелеу үшін қандай түстерді қолданғыларың келеді? Неліктен?
-Сен не естідің?
-Әуенді тыңдаған соң нені бейнелегің келді?
Педагог өз әсерлерін апликация арқылы беруді сұрайды. Бұл бір зат немесе сюжеттік бейнелеу болуы мүмкін.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз
Жапырақтай жайқалып
Шетімізден шеберміз
Біз тынығып аламыз.
Әсем сурет саламыз.
ІІ.Жұмыс барысы
Оқу іс-әрекеті күрделі, сондықтан жұмыстың нәтижесі соншалықты маңызды емес. Баланың қорқасоқтамай жұмысқа кірісуі, өзгелердің жұмысын көшіріп салмай, өзі бірдеңе салуға талпынуы өте маңызды. Сондықтан барлық жұмыс жақсы бағаланады.
ІІІ. Практикалық әрекет
Өз жұмыстарын фонаграмма дыбыстарын тыңдап жүріп орындау.
Д/о: «Аудармашылар»
Табиғат –природа, жапсыру-апликация.
Не естігендерін айтуға талпынады.
Бойларын сергітіп қимыл-қозғалыс жасайды.
Өз бетімен жұмысқа кіріседі.
Сөздерді орыс тілінде қайталайды
Рефлексивті-түзетушілік
Тәрбиеші ең әдемі де ұқыпты жұмыстарды таңдайды. Балалардың өз жұмыстары туралы әңгімелеуіне мүмкіндік беру және баланың пікірімен санасу. Өйткені олардың әрқайсысы жеке-дара жасаған бұл әлем- әркімнің өзінікі және қайталанбайды.
Балалар нені бейнелегенін айтып, өз ойларымен бөлісіп, баға береді.
Күтілетін нәтиже:
Елестете білуді.
Нені игереді:
Қайталанбас сюжет жасау ықыласын дамыту.
Нені біледі:
Өз әсерлерін бейнелей білуді.