Конспект урока на тему Ер есімі-ел есінде!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Ер есімі – ел есінде!»

Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп, осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін жыл сайын, жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, Отанды сүйіп, оны қорғауға, ер жүректілікке патриоттыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Алтын таңның шуағы,

Бақыт үшін туады.

Бейбіт күннің тұрағы,

Отанымыз қырағы.

Бүгінгі ұрпақ-

Бақытты ұрпақ-

Құттықтаймыз-

Ұлы Жеңіс күнімен!


Құрметті, ата-аналар, әріптестер, бүлдіршіндер!

Бүгінгі «Күншуақ» тобының «Ер есімі- ел есінде!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

«Әнұран»

Жүргізуші: Міне, сонау жеңіске 68 жыл. Сұрапыл жылдар басталған шақта дүниеге сәбилер- бұл күндері алпыстан асқан қариялар. Әйтсе де, сол бір қайратты жылдар жыл сайын қайта жаңғырып, өткенді еске салады. Сол жаңғырықтар жеткіншек ұрпақты, бейбітшілікке, Отан сүйгіштікке үндейді.

Ұлы жеңіс күнін сыйлаған ардагерлерімізге ризалығымызды білдірейік.

Сымбат: Сарғая күткен ұлы күн,

Шұғыласы бүгін жарқ етті.

Бағына талай миллионның,

Баянды жеңіс күн жетті.


Гүлназым: Бұзып жауды қоршауды,

Жолсыз жерден жол салды.

Достары түгел, ерлігін,

Қасы да естіп, тамсанды.


Бақытжан: Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар

Көп қой батыр ағалар.

Жаттап алар балалар.


Илияс: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамды,

Тұтқиялдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.


Алдияр: Белгісіз жауынгер.

Басында от пен гүл,

Барлығы бауыр дер,

Қасынан өткендер.


Ринат: Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз батырды,

Жеңе алмады жау бірақ.


Жүргізуші: Күй нөсерін төгейік,

Жырдан моншақ өрейік.

Көңілденіп біз енді,

« Катюша» биіне кезек берейік.


Би: « Катюша»



Жүргізуші: Қазақтың батыр өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып, қаза тапты. Олар Әлия мен Мәншүк. Елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. Әлия мен Мәншүкті шығыстың қос жұлдызы деп, қос батыр деп атаған.


Алиаскар:

Әлия орыс қаласын,

Азат етіп мерт болды,

Бірақ мәңгі өлген жоқ.

Батыр қызы қазақтың.


Алихан. Сонау жылы жер көкті

Соғыс бұлтты торлаған

Сонда Мәншүк әпкеміз,

Жауды елден қорғаған.


Аяжан: Жерден, көлден, Аспаннан

Соқты жауды ел күнде.

Отан үшін от кешіп,

Жақындай түсті Берлинге.


Анель: Арпалысып ел күнде,

Аңсап талай жыл күткен-

Жеңіс күні Берлинде

Рейстагха ту тіккен.




Іңкәр: Бақытты болсын балалар,

Соғысты сүймес адамдар.

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар.


Жүргізуші: Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.


Ерболат: Қазақтың қамы үшін

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын.

Қорғаған Бауыржан.



Асанәлі: Семсердей сермеліп,

Сынған мен батырлар.

Гүл орап тербеліп,

От болып лапылдар.


Жанболат: Елімізде жерімізде,

Бүгін үлкен мереке.

Болашақтың тыныштығын,

Қорғайды жас ұландар.


Фатима: Батыр Талғат ағамыз,

Құртып талай жау мысын,

Кеудесінде қос жұлдыз,

Екі рет батыр- бір өзі.


Нұрбибі: Өр тұлғалы келбетті,

Қошқарбаев Рақымжан.

Сын сағатта ерлепті,

Ел сүйсінген батыр жан.




Жүргізуші:

Балалар, сендер де үлкен ер азамат болып өскенде отанын қорғайтын, адамгершілігі мол , елін, жерін сүйетін үлкен азамат болып өсетіндеріне сенеміз.




Хор. «Ел қорғауға әзірміз»



Жүргізуші: 1945 жыл 9 мамыр күні адамзатқа үлкен жеңіс сыйлады. Міне, осынау лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 68 жыл толып отыр. Батырларымызға, ардагер ағаларымызға, апаларымызға, Отан үшін ел үшін, жер үшін мерт болған батырларымызға мың да бір алғыс.

Еламан: Нағыз батыр – осы аға,

Арай таңмен – дос аға.

Ол күзетпен шекара,

Біздің алтын босаға.

Диас: Алақай, Алақай !

Жеңіс келді далама !

Жеңіс келді қалама !

Қуан шаттан !

Құтты болсын бұл мейрам!


Медина: Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар.

Ұмытпайды ешқашан да,

Жауынгер балалар.


Алина: Жеңіс, алақай жеңіс!

Жасасын жеңіс

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!


Роман: Сүйінші халқым, сүйінші!

Жеңіс келді ән болып

Жеңіс келді алақай,

Тоя жейтін нан болып .

Би: «Көк орамал»



Жүргізуші: Балалар бейбітшілік құсы деп қандай құсты айтамыз?


Балалар: Ақ көгершін.

  • Дұрыс айтасыңдар, бейбітшілік құсы Ақ көгершін.





Хор: Алаулап гүл жарады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса!

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса!


Жүргізуші: Балалар ендігі жерде соғыстың өз түгілі, аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлемде бейбітшілік, бейбіт өмір болсын!

Әрқашан күн сөнбесін- деп бейбітшілік құстарын ұшырайық!

( Балалар , қолдарындағы қағаз құстармен бұлғап тұрады)


Хор «Әрқашан күн сөнбесін»


Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Жеңістің 68 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ұрпақтар аман болып, аспанымыз ашық болсын. Көк туымыз көк аспанда желбірей берсін. Жеңіс күні құтты болсын. Сау, болыңыздар!



























«Айналайын» бөбекжай- бақшасы









[pic]




Тәрбиеші: Саккулова Х.Б.













Приозерск қаласы