Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Ауылда, Киіз үй

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас,Шығармашылық

Бөлімдері: Көркем әдебиет,Сурет

Тақырыбы: «Ауылда», «Киіз үй»

Мақсаты:Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелей

отырып,киіз үйдің суретін салу(гуашь) Ұлттық бұйымға деген оң көзқарасты дамыту.

Түрі: Кіріктірілген сабақ

Технология: «Тәй-тәй»технологиясы

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір.

Көрнекіліктер: суреттер,слайд,үлгі сурет,

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы



Ұйымдастыру кезеңі.

- Бүгін ауа райы қандай?

- Айналада қандай өзгерістер бар?

- Жылдың қай мезгілі?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Жазғы демалысты қайда өткіздің?

- Ауыл (қала) сендерге несімен ұнайды?

Балалардың жауаптары.


Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Тыныштық сәті: Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды және көз алдына елестетеді. Көздерін жұмады.

- Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аққиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық.

Н. Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесімен таныстыру.

- Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

- Бейбарыс кімнің қасында болды?

- Атасымен бірге не істеді?

- Шолпан кімнің қасында болды?

- Әжесі екеуі не істеді?

- Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

- Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

- Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді?

- Шолпан қайда кетті?

- Бейбарыс ше?

Сонымен қатар балаларға киіз үйдің пайдасы туралы айтылады.

Ал енді балалар екі орталықтарғы бөлінейік.

1.Ғылым орталығы:

Дәптермен жұмыс,суреттерге қарап сөздерден сөйлем құрастыру.

2.Өнер орталығы: Гуашпен ауылдағы киіз үйдің бейнесін салу.

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».

Шарты: Қаланың және ауылдың суреттері берілген.

Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.

Белгі берілгенде орталықтардағы балалар орындарын ауысып отырады.














балалардың жауаптары тыңдалып,толықтырып отырамын.


















Балалар берілген тапсырманы орындауға кірісіп кетті.






Қимылмен келтіріп бірге жасайды.






Балалар ойынды қызыға бар ынталарымен ойнады.


Қорытынды

-Балалар сендер де ауылға қонаққа барасыңдар ма?

- Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?

Өздерінің түсінгендерін айтып берді.

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: Әңгіменің мазмұнын түсіне білу.Киіз үйдің қасиеттерін ұғыну.

Талапты болу: Берілген тапсырмаларды тиянақты,ұқыпты орындауға дағдыландыру.

Қолынан келеді: Киіз үйдің суретін салды