Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлігі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Мен және қоршаған орта»
Мақсаты: Өзін-өзі тану, табиғаттағы өз орнын білуге талпынысын қолдау. Өзіне, өзінің мүмкіншіліктері мен күшіне сенуіне жағдай жасау. Белсенділігін арттыру, өзін бағалауға дағдыландыру
Билингвалдық компонент: табиғат – природа, адам – человек
Сөздік жұмыс: қоршаған орта, табиғат, өлі, тірі табиғат, қамқор болу, қорғау, адам
Көрнекіліктер: суреттер, тақпақ.
Балаларға сұрақтар қою: Сен табиғатты сүйесің бе?
Табиғат бізге не береді? Сен табиғатты қорғай аласың ба?
Балалардың жауаптары
Ұйымдастырушылық ізденіс
Балаларға адамның да табиғатқа жататынын айту. Табиғат бір-бірімен тығыз байланыста екендігін айту. Табиғат өлі, тірі болып келетіндігінен хабардар ету. Табиғат туралы кеңінен айту
Адам,табиғат жайлы әңгімелеу.
Тақпақ оқып беру «Табиғат»
Сергіту сәті
Табиғаттың адамға және адам денсаулығы үшін басты орында екендігін атап өту.
Д/о «Табиғат деген не?»
Ойын шарты: Балалар қоршаған айналадағы табиғатты айтады (күн, ағаш, гүл, өсімдіктер, ай, тау, өзен, мысық, құс, ара т.с.с. )
Тыйым сөздерді айту: Құс ұясын бұзбау, құстарға тас лақтырмау, гүлдерді, ағаш жапырақтарын жұлмау, жәндіктерді жәбірлемеу т.с.с.
Балалармен сұрақ-жауап жұмысы
Табиғат, адам жайлы түсініктерін толықтырады.
Адам, табиғат туралы әңгімеге араласады.
Балалар тақпақты мұқият тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойынға қатысады: өлі және тірі табиғатты айта бастайды.
Тыйым сөздерді есте сақтайды.
Б-р-ң жауаптары:
-Біз өсімдіктерге, ағаштарға, құстарға, жануарларға қамқорлық жасаймыз.
-Біз адамдармыз, біз айналамызда қоршаған табиғатқа қамқор болуымыз керек. -Адамдар еңбек етеді.
-Кішкентай балалар өсімдіктерді, гүлдерді жұлмайды. Құстарға тас лақтырмайды, табиғатқа зиян келтірмейді.
Рефлексивті-коррекциялау
Қорытындылау.
Балаларды мақтап-мадақтау.
Балалар өздерінің іс-әрекетке қатысып мақтау алғандарына қуанысады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Табиғаттағы өз орнын түсінебілу
Түсінеді:Өлі және тірі табиғат туралы түсінігініңболуы
Қолданады:Шамасы келгенше табиғатқа қамқор болу, оны аялауқолынан келеді.