«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті
«Золотой ключик» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
Ағылшын тілінен I-жарты жылдыққа арналған қорытынды есебі.
«Біз ағылшын тілін үйренеміз»
Ағылшын тілі оқытушысы: Кадиршинова Н.Т.
Ағылшын тілінен I-жарты жылдыққа арналған қорытынды есебі.
«Біз ағылшын тілін үйренеміз»
I hear, and I forget
I see, and I remember
I do, and I understand.
“Маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін” деп Қытай мақалында дұрыс айтылған.
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырады. Ағылшын тілін оқыту ана тілін жан-жақты меңгеруге көмек жасайды.
Ағылшын тілін үйретудің мақсаты: ағылшын тілін меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғасының жан-жақты дамуына демеу беру, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетттерін дамыту.
Міндеттері:
- Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
- Жағымды мотивациясын дамыту және баланың өз күшіне сенімділігін нығайту.
- Балалардың тілдік қабілеттерін дамыту және ағылшын тілінің дыбысталуы және ырғағымен таныстыру.
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ағылшын тілінде қарым-қатынастық тапсырмаларды өз бетінше шешуге ынталандыру.
- Ойын және шынайы қарым-қатынас жағдайларында тәрбиеленушілермен қарым-қатынас орнатуды үйрету.
- Фонетикалық естуін дамыту.
- Есте сақтауын, зейінін, ойлауын дамыту.
- Ауызша сөйлеу дағдыларының дамуы үшін негізін қалау: аудиолау және айту.
- Пәнаралық байланыстарды қамтамасыз ету.
Ағылшын тілін үйрену баспалдағы
1 жылы - Танысу.
Ағылшын тіліндегі ауызекі сөйлеуді қабылдай білуді үйрену;
Фонетикалық қырларды қалыптастыру.
2жылы - Жаңа сөздер мен дыбыстар.
Грамматикалық құрылымдарды меңгеру және шет тілі лексикасын сөздік қорымызда жинақтау.
Фонетикалық қырларды одан әрі дамыту.
3 жылы - Мектепке барамыз!
Сөздік қорымызды ағылшын сөздерімен толтырамыз,
Фонетикалық және грамматикалық қырларын дамыту.
Ағылшын тілі әліпбиімен танысу.
Жұмыс түрлері және формалары.
Мектепке дейінгі оқыту тұжырымдамаларының тұғырықты мәселелері оқыту әдістері, тәсілдері, формалары мен құралдарының кең спектрін қолдануға келіп тіреледі. Мұнда балалардың жеке-дара ерекшеліктері, сонымен бірге олардың жалпы мәдени дамуы мен отбасы ерекшеліктері ескеріледі.
Сонымен, негізгі тәсілдер:
- имитация;
- образдар құру: визуалды, музыкалық, пластикалық.
- Салдары ретінде – сабақта оқытудың вербалды емес құралдарының (суреттер, образдар, әуен, би) басымдылығы.
- оқу ойындарын қолдану;
- жұмбақтар;
- мини-қойылымдарды сахналау, ол балалардың психологиялық тосқауылдан арылуына, өзіндік сенімділігінің артуына демеу береді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде келесі жұмыс түрлері қолданылады:
-Дұрыс айтылу бойынша жұмыс жасау: «Тірі тілше» ертегісі, жаңылтпаштар, жалғастырулар, рифмалар.
- Ойыншықпен жұмыс: ойыншықпен диалог құру, ойыншықты сипаттау.
- Суретпен жұмыс: суретті сипаттау, «Не жоғалды?», «Суретті тап» ойыны.
- Тақпақтарды жаттау және мәнерлеп оқу: тақпақтар сайысы, өлеңдер жаттау.
- Қысқа әңгімелер мен пьесаларды сахналау.
- Ойындар: қозғалмалы, байыпты, шығармашыл ойындар.
- Жағдаяттық диалогтарды қайталау.
- Сурет бойынша әңгімелеу.
Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді қолданамыз. Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, оны әуенімен қоса айтқанда тәрбиеленушілердің сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика тәрбиеленушінің есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында тәрбиеленуші дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында тәрбиеленушінің көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті барысындағы әндер жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек.
Балабақшада ағылшын тілі оқу іс –әрекетінен тыс «English for kids» ағылшын тілі үйірмесі жүргізіледі. Бұл ағылшын тілі үйірмесінде дарынды балалармен жұмыстар жүргізіледі. Үйірменің мақсаты: ағылшын тілін меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетттерін дамыту. Ағылшын тілі үйірмесі «Қуыршақ» , «Балбөбек» ересек топтарында жүргізіледі.
Ағылшын тілінде балалардың даму көрсеткіштері
Дыбыстық тіл мәдениеті.
- Фонжаттығуларды қолдану арқылы дұрыс айтылуды қалыптастыру («Тіл туралы ертегілер»).
- Фонетикалық естуін қалыптастыру (дыбысты тыңдау, дыбысты тану, дыбысты айту).
- Педагог ерні мен тілінің қозғалуын бақылау.
- Педагог артынан және өз бетінше екпінді, ырғақты, интонацияны хормен айту.
-
- Педагог артынан және өз бетінше екпінді, ырғақты, интонацияны жеке айту.
Аудиолау.
- Көру немесе қозғалыс көрнекілігіне, сонымен бірге паралингвистикалық құралдарға (ым-ишара, мимика, интонация, эмоциялық қолдау) сүйене отырып, педагогтың, құрбыларының және аудиожазбадан тыңдалған мәтінді түсіне білуге үйрету.
- Күнделікті қарым-қатынас жағдайларында өзім жайлы, отбасы және жақын айналасы (ойыншықтар, жануарлар, белебақша және т.б.) туралы айтылғанда жеке қарапайым сөздерді және өте қарапайым фразаларды баяу және нақты түсінікті айтылатын сөйлеуді түсіне білу.
Сөйлеу.
Монологтық сөйлеу.
- Қарапайым фразаларды және сөйлемдерді қолдана отырып, ұсынылған тақырып туралы (3-4 сөйлем).
- Затты, тұлғаны, әрекеттерді атау, олардың сапалық және сандық сипаттамасын беру.
- Адам, жануар орындап жатқан әрекеттерді атау.
- Затты, жануарды және ол не істей білетіндігін сипаттау.
-Қарапайым рифмалық тақпақтарды, өлеңдерді жаттау.
- Рифмалық мәтінмен жаттығулар өткізу.
- Ағылшын тілінде қозғалыс ойындарын өткізу.
Диалогтық сөйлеу.
Оқытылатын тақырыптар шеңберінде құрбыларымен қарапайым деңгейде диалогтық қарым-қатынасты жүзеге асыру (2-3 реплика).
-Амандасу және сәлемдесуге жауап беру.
- Қоштасу.
- Кешірім сұрау.
- Мерекемен құттықтау.
- Бір-бірінің есімдерін сұрау және қал жағдайларын сұрастыру.
- Диалогқа қатыса білу, құрбысының сұрақтарына жауап бере білу және қиын емес сұрақтар қоя білу.
Сөйлеудің лексикалық жағы.
- Бір сәтте 4-5-тен артық сөз енгізуге болмайды.
- Енгізілетін сөздер арасында тұрақты ассоциациялық тіркеспен байланысты бірнеше жұп болуы тиіс.
- Еш уақытта балаға сөздерді «жаттау» тапсырмасын беруге болмайды. Жаңа лексика бала санасында дұрыс ойластырылған сатылай жүйеленген жаттығулардың көмегімен біртіндеп бекітілуі тиіс.
- Ортаңғы топ балалары үшін оқу жылының аяғында лексикалық қор көлемі 100-150 лексикалық бірлікті құрайды, оның ішіне 5-ке дейін санау да кіреді.
Ағылшын тілінде балалардың даму көрсеткіштерінің диаграммасы
Естияр тобының балалары (4-5 жас)
Тәрбиеленуші саны- 60 бала
Аудиолау - жылдың басы - 0%
Сөйлеу – жылдың басы - 4%
Дыбыстық тіл мәдениеті – 4%,
Лексика - 4%;
Ересек топтың балалары (5 – 6 жас)
Тәрбиеленуші саны – 60 бала
Аудиолау – жылдың басы - 39%
Сөйлеу – жылдың басы - 50%
Дыбыстық тіл мәдениеті – 41%
Лексика - 49%
Күтілетін нәтиже: оқу жылының аяғында балаларда қарапайым деңгейде жалпы және қарым-қатынас құзыреттілігі қалыптасуы тиіс. Балалар ауызша формада ағылшын тілін қолдануды үйренеді.