Сурет. Тақырыбы: Қызыл телпекті қыз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылғаноқу іс- әрекетінің технологиялық картасы 20.05.2016

Білім беру салаcы: «Шығармашылық»

Бөлімі:Cурет салу.

Тақырыбы:Қызыл телпекті қыз Мақсаты: «Қызыл телпек» ертегісі мазмұнымен таныстыру, сөздік қорларын молайту, сурет салу дағдысын дамыту, балаларды қайырымды, көпшіл болуға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:әңгімелесу,таныстыру,көрсету.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру.

Қажетті көрнекі құралдар:үлгі ретіндегі демонстрациялық материал, қарындаш,қылқалам, акварель бояуы

.Қостілдік компонент:/билингвальный/Қызыл телпек- красный шапочка.




Себепті қызығушылығын оятукезеңі.


Жағдаятты сомдау:

Қонаққа әже келеді. Әже топ балаларымен, тәрбиешімен амандасады.

Балалар әжемен амандасады.


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Әже:

-Балалар,мен үлкен жолдан келе жатырмын. Сендерге бір өтінішім бар еді. Кіші немере қызым қызыл телпекті қуыршақ әкеліп беруімді сұраған еді. Барлық дүкендерді аралап шығып, таба алмадым. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма? Тәрбиеші: -Ең, алдымен сергіту сәтін жасап алайық: Біз кішкентай баламыз Өсіп-өніп толамыз, Көкке қарап, талпынып, Күнге қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай қалықтап, Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық. Тәрбиеші балаларға әженің немересінде бір ғана емес, өте көп қызыл телпекті қуыршақ болатынын түсіндіріп, қызыл телпекті қуыршақ суретін салуды ұсынады. Тәрбиеші нұсқау ретінде қызыл телпектің үлкен етіп салынған суретін балалардың алдарына қояды. –Алдымен қызыл телпекті қызымыздың басын, денесін, қолдары мен аяқтарын салып аламыз, ең маңыздысы, қызымыздың телпегін қызыл түске бояуды ұмытпағанымыз жөн. Салынып біткен суреттерді әжеге жинап береді. Балаларға риза болған әже оларға өз қолымен жасаған құртын таратады. «Немерем қуанатын болды»,- деп балалармен қоштасып, үйіне қайтады.

Балалар әжеге көмектесуге әзір екендіктерін айтады.










Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін орындайды.








Балалар ұсынысты бірден қабылдап, қызыл телпекті қалай салатындарын ойластырады.



Балалар үлгіге қарап, қызыл телпекті салады. Балалар салған суреттерін әжеге тарту етеді. Әжемен қоштасады.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі


Сабақ қорытылады. Жұмыстың нәтижесі талқыланады.

Балалар сабақта алған әсерлерімен бөліседі, жұмыстарының нәтижесі жөнінде пікілерін айтады.





Күтілетін нәтиже: Нені біледі: мейірбан болуды, бір-біріне достық қарым-қатынаста болуды, келген қонақты ренжітпеуді біледі.

Қандай түсініктерді игереді: нұсқау бойынша өз бетімен әрекет етіп, сурет салу икемділіктерін игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:басқаларға көмектесе білуді, суреттегі кейіпкерді дұрыс орналастыра білуді, қажетті түстерді үйлестіре алуды меңгереді.



Күтілетін нәтиже:Нені біледі: қыс мезгілінің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін біледі.Қандай түсініктерді игереді: Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: