Бөлімі Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Екібастұз қаласындағы №7 “Ботақан”балабақашасының даярлық тобының Тәрбиешісі

Альменова Дария Сағынқызы

Ұймыдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Таным Бөлімі Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы 9 саны және цифры. Жай мысалдар мен есептер құрастыру.

Мақсаты: 9 саны және цифрын енгізу; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту; әдептілікке тәрбиелеу, мнемотаблица балалардың ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілі: мнемотаблица, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Құрал-жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.


Этапы деятельности

Тәрбиешінің әрекеті

Действия воспитателя

Балалардың әрекеті

Деятельность детей

Есеп/Учёт

+

-

Уәждемелік- түрткілік














Шаттық шеңбері:

Оқу-білім аламыз.

Біздер зерек баламыз

Математика пәнінде

Тапқыр, алғыр боламыз.

-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

-Өте жақсы ендеше далада не бар?

-Балалар, өткен сабақты есімізге түсірейік.

-Қандай санды өттік? Соған сәйкес заттарды табайық.

Суретке қарап, талдау.

Шаттық шеңберіне тұрып тақпақты бірге айтады.




-Қыс мезгілі.

-Қар бар.


-8 санын және цифрын.

Суреттегі цифрды айтады. Заттарды суретке қарап санайды.


Өткен сабақты қайталай отырып, жаңа тақырыпқа дайындалады.

Есеп сабағында тез емес, қиналып, көп ойлана жауап берді.

Олар: Ислам, Толғанай, Ильяс.

Үйымдастырушылық ісденістік






















Сабаққа «Жеті лақ» ертегі кейіпкерлерін шақыру.

-Біздің сабаққа неше кейіпкер келіпті, санайықшы?

Ертегідегі 8 кейіпкерлерді бір-бірден шақырып, санату.

Ал, «Жеті лақ» ертегісінде қасқырды-үлкен дөңгелекпен,ешкіні - сұр үшбұрышпен,лақтарды кіші сұр түсті үшбұрышпен белгілейміз.

[pic] [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]



-Тағы кім жетпейді?

-Енді олар нешеу болды?

-Қалайша тоғыз болды? (9 дегеніміз 8 және 1)

-Балалар, біздің бүгін өтетін тақырыбымыз: 9 саны және цифры.

-Олай болса дәптерімізді ашып, №1 тапсырмадағы шиелерді санаймыз. Санды 9 цифрымен белгілейміз. 9 цифрын табамыз.

Мнемотехникасын қолдану арқылы 9 саны және цифры туралы тақпақ оқылады:

Акробат қыз мықты

Сахнаға шықты.

Бүктеліп белі қайысты

«9» болып майысты.

Сергіту сәті:

«9» ауаға. Содан соң аяқтың ұшымен еденге жазамыз. Қарындашты алып дәптердегі тоғыз санын бастырып жазамыз.

Содан кейін №2 тапсырмасын орындау. Сурет бойынша санап, жауапты бос орынға жапсырады. 1-ден 9-ға дейін және кері санауды ұсыну. Ертегі кейіпкерлеріне қызығушылық танытады.

Кейіпкерлерді санайды.




-Қасқыр.

-Тоғыз.

-9 дегеніміз 8 қосу 1


Тапсырманы орындайды.






Тақпақты мұқият зейін қойып тыңдайды, жаттап алады.


Балалар тоғыз санын ауаға, аяқтарының ұшымен еденге, содан соң дәптерге жазады.

Берілген суреттерді қарап, ондағы заттарды санап, сәйкес санды көрсетеді.

1-9 дейін және 9-1-ге дейін кері санайды.

«9» санымен танысып, ауада жазуды үйренді.






Дәптерде жұмыс істеген кезде тапсырмаларды жақсы орындайды.









Сергіту сәтін бәрі бірігіп оырндайды.


Рефлекстік- жинақтаушы








1-ден 9-ға дейінгі сандар қатарын қаншалықты меңгергенін тексеру үшін №3 тапсырманы орындайды. Балалардан сұрақ қою арқылы бүгінгі сабақты сұрау. Ертегі кейіпкерлерін санап шығарып салу. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау.

Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Сабақ өз дәрежесінде өтті.



Қабылдай алады: 9 саны және цифры;



Түсінеді: 9 цифрының жазылуы туралы түсінікті;



Колдана алады: 9-ға дейін тура және кері санауды, 9 цифрын тануды.