Асық - ұлттық құндылық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырып: «Үй жануарлары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, балалармен асық түрлерін таныстыру.

Дамытушылық: Ауызша сөйлеу дағдысы мен тілдерін жетілдіру, балалардың ойлауын, тілін, сөздік қорларын сұрақ-жауап арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасауға, оларды құрметтеуге баулу, еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Магнит тақта, төрт түлік малдың суреттері, ойыншықтар, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.

Билингвальді компонент: Сиыр-корова, жылқы-лошадь, үй жануарлары-домашние животные.


Мотивациялық-қозғаушылық























Ұйымдастырушылық-ізденушілік






























































































































































Рефлексиялық-түзетушілік

Сабақ сәлемдесуден басталады.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме!

Балалар, сендер бүгін қандай әдемі және жақсы едіңдер! Осындай балаларды мен қазақ тілі сабағына шақырамын. Орындарыңа отыра қойыңдар. (Балалар өз орындарына отырады). Балалар, біздің бөлмеге күннің көзі сәулесін шашып тұр. Айтыңдаршы, күннің көзі қандай болады?

Балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. (Балалар өз орындарына отырады).

- Балалар, қазір көктем мезгілі. Олай болса біз көктем туралы айтып көрейік. Мен сендерге бүгін ғажайып суреттер әкелдім, осы суреттердің көмегімен көктем


туралы қызықты әңгіме айтып көрейікші. (Балалар үстелдің үстінен суреттерді алып, көктем туралы әңгімелеп береді ).




- Кәне, Нұргүл шыға қойшы, өзіңе ұнаған суретті алып, көктем туралы айта қой.

- Дұрыс, Тайыр шыға ғой. Көктемде тағы қандай өзгеріс болады?

- Жақсы, тағы не болады? Диана келе ғой.

- Дұрыс, енді кім шығам дейді? Лира келе ғой.

- Дұрыс, көктемде қандай гүлдер шығады?


Интерактивті әңгіме.

Дұрыс, ал қараңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты. (Мұғалім осы кезде Мадина болып сөйлейді, Мадинаның суретін тақтаға іледі). Балалар, сендерге қонаққа қуыршақ Мадина келіп отыр. Қуыршақ балалармен амандасып, жуырда ауылға атасы мен әжесіне қонаққа барыпты, ауылда көрген қызықтарын балаларға айтады. Ол ауылда таныс емес қызықтарды көп көрген екен.

Бірақ, Мадина шаршап, ұйықтап қалады. Таңертең ерте Мадинаны естімеген бір дауыстар оятып жібереді.(Тұяқтардың тарсылы, құстардың айқай-шуы, маңыраған, мөңіреген дауыстар). Сендер қалай ойлайсыңдар, Мадинаны таң атпай кімдер оятып жіберді?


- Кім тұяқтарымен тарсылдатты?

- Кім мөңіреді?

-Кімдер қаңқылдады?

Дұрыс, Мадина үй жануарларының дауыстарынан оянып кетті.

  • Ал, балалар сендер білесіңдер ме? осы малдардың сүйектерінен ерте


  • заманда асықтар жинаған екен.

  • Мысалы Жылқы асығы – САҚА

  • Сиырдан алынатын асық – ТОПАЙ

  • Ешкі асығы – ЕШКІМЕР

  • Қой асығы - ҚОЙЛАҚ

Балалар, кәне бір қызықты ойын ойнайықшы.

Қане, енді оларды сендерге көрсетейін.

  • Алдияр, қоржыннан бір асық алып шықшы.

  • Асық қандай?

  • Қане, балалар айтайықшы, мынау ненің асығы деп ойлайсыңдар?

Дұрыс.Балалар, бұл қой асығы

Ал қой асығы қалай аталады?

(балалардан толық жауапты талап ету керек)


  • Айсана, қоржыннан бір асық алып шықшы.

  • Асық қандай?

  • Қане, балалар айтайықшы, мынау ненің асығы деп ойлайсыңдар?

Дұрыс.Балалар, бұл ешкі асығы

Ал ешкі асығы қалай аталады?

(балалардан толық жауапты талап ету керек)


Дидактикалық ойын «Асықтарды тап» (Мұғалім балаларға түрлі үй жануарларының асықтарын көрсетеді, ал балалар асықты алып, тақтада тұрған үй жануарларының суретіне жапсыру қажет)

-Ешкі, сиыр, жылқы, қой.

Сергіту сәті.

Асық, асық, асығым!

Қоржынға асық тасыдым.

Ешкімер асық – ешкіден

Қойлақ асық – қойдан

Сақа асық – жылқыдан

Томпай асық – сиырдан

Лақтырайық асықты

Үлкен-кіші шашылған


Балалар, отырыңдар. Балалар, кішкентай Мадина үй жануарларының аттарын біледі екен, ал ол сендерге жануарлардан алатын асық туралы айтып берді.

Олай болса, Мадинаға асықпен ойналатын бір ойын ойнап берсек қайтеді?

«Бес тас» ойыны ойналады.

Ойынның мақсаты: Балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, қол мотрикасын дамыту. санауға үйрету.


Ойын барысы:

Бұл ойынға бірнеше балалар қатысады. Ойын бірлік, екілік, үштік, төрттік, бестік деген деңгейлерден тұрады. Асығын қағып ала алмаған бала сол деңгейде қалып, кезегі келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Бірлікте асықты көкке лақтырып қалғандарын бір-бірлеп қағып алу керек, солай деңгей жалғасады. Бестікте барлық асқытарды «көпірден» екі саусақтың арасынан өткізеді.

Қолданылатын сөздер: бірлік, екілік, үштік, төрттік, бестік, көпір, сенің кезегің, бес тас ойнайық.


Мұғалім мен балалар бірге: Козел, Конь, Корова, Верблюд, Баран.

Балалар, сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар. Ал, енді балалар қонақтармен және Мадинамен қоштасайық. Сау болыңыздар!


Балалар шеңбер жасап, бір-бірінің қолын ұстап ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді.

Шеңбер бойында тұру.

Қолды алға созу.

Қолды көкке созу.

Қолды қонақтарға созу.

Қолды кеудесіне қою.

Басты төмен ию.






Күннің көзі сары, дөңгелек, жарық, жылы нұрын шашады.

[pic]
[pic]
[pic]
[pic]





-Ағаш бүршік атады.

-Жасыл шөп шығады.

-Аспан ашық болады.

-Жылы жақтан құстар ұшып келеді.

-Бәйшешек гүлдейді.

[pic]



-Үй жануарлары

-Жылқы тұяғымен тарсылдатты.

-Сиыр мөңірейді.

-Қаздар қаңқылдайды.

[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]





(Балалар бірге қайталайды)



Са-қ-қ-қа (Сақа)

Топай

Ешкі-і-і-мер (Ешкімер)

Қ-қ-қ-қой-ла-қ (Қойлақ)



  • Мынау – асық.

  • Асық қатты.


- Бұл асық кішкентай, ендеше бұл ешкінің не қойдың асығы.



Қой асығы – Қойлақ деп аталады



  • Мынау – асық.

  • Асық қатты.

- Бұл асық кішкентай, ендеше бұл ешкінің не қойдың асығы.


ешкі асығы – Ешкімер деп аталады


















(балалар бірге қайталайды)


















Балалар екі топқа бөлініп, дөңгелен отырып, бес тас асық ойынын ойнайды.







Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарлары; жылқы, түйе сөздерінің қазақша атауларын естеріне сақтайды, жаңа сөздер асықтың түрлерімен таныс болады, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып үйренеді.

Игереді: тапсырылған жұмысты аяғына дейін жеткізу дағдысын игереді.

Меңгереді: суреттер арқылы үй жануарларын, олардан алынатын асықтарды ажыратып, олардың аттарын дұрыс атай біледі.



[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]


[pic]
















Қазақ тілі сабағынан «Үй жануарлары» тақырыбына түсінік хат

Қазақ тілін үйретуде алдыма қоятын негізгі мақсатым – балалардың сөздік қорларын патриоттық тәрбиені ілестіре отырып молайту, асық ойындары мен асық құндылығы арқылы балаларды ұлттық мұрамен таныстыра отырып, күнделікті сөйлеу тілін қалыптастыру, көне сөздерді қайта жаңғырту, меңгерген жаңа сөздерін күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Осы мақсат орындалған жағдайда балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі артады, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынады. Ал осы мақсатқа жету үшін балалардың ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру міндеті басты назарда болу қажет. Мен сабақты қатынас бағытында жүргіземін. Менің сабағымда ұйымдастырылған «Үй жануарлары» тақырыбы бойынша оқу іс-әрекетінде жоғарыда аталған жұмыстарды дамыту мақсатында сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрсету, түсіндіру, көрнекілік сияқты әдіс-тәсілдермен қатар, интерактивті әдіс те қолданылды. Сондай-ақ берілген тақырыпқа сай көрнекі құралдарды қолданып, әр түрлі дидактикалық ойындар ойнаттым.

Сабақта жаңа технологиялар қолданылды. Балалар үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдана білу үшін, оларды меңгерту ойын түрінде берілді. Балалар асықпен, олардың үлкен-кіші түріне байланысты қай жануардан алынған асық екендігін білді. Атауларын ұқты. Көрнекі материалдар да ересектер тобымен байланыстырылған. Ересектер тобында барлығы жиырма төрт бала. Ол балалардың барлығы сабаққа қызығушылықпен қарап, үнемі сұрақтарға толық жауап беруге тырысып отырады. Әсіресе сабақ ойын түрінде өткізілсе.

Сабаққа сәйкес «Сұрақ-жауап», «Тыңда, көрсет, қайтала», «Суреттер сөйлейді», «Есіңе сақта», «Суреттерді жина», «Бұл қандай асық» т.б ойындарды қолдандым.

Оқу іс-әрекеті барысында балалардың жасы мен даралық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілген жұмыс нәтижесінде:

-балалар мұғалімнің нұсқауларын түсініп, орындай алуға;

-жекелеген заттардың атауларын қазақ тілінде айта білуге;

-заттардың түрін, түсін, санын дұрыс ажырата алуға;

-өзі туралы қысқаша мағлұмат бере алуға;

-тақырыптар бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға үйренеді.