«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы
Мақсаты:
1.Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең, қымбат қазына мақал-мәтелдерді, балаларға үйретіп, ұғындыру.
2. Ой белсенділігін, сөздік қорын молайту.
Жоспары:
• Ойынды ашу (Қонаққа Тасша бала келеді.)
• Топтарды таныстыру
• Әділқазылармен таныстыру
• Мақалшылар сайысы
• Ұлттық ойын
• Жұмбақшылар сайысы
• Қорытынды
«Болашағы елімнің» тобының орындауларында ұлттық биі
Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар. Бүгін «Ақбөбек» білім беру орталығында ______________тобынының және
____________тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
«Мақал-сөздің мәйегі » демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал-мәтелді жиірек қолданған жөн. Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың қатысушыларын шақырайық.
Әділқазылармен таныстыру
Тосын сәт: Тазша бала кіреді: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мұнда әсем әннің дауысы шығып жатыр. Соны естіп, менде тамашалауға келдім.
Ж: Сәлеметсіз бе, Тазша бала! Біз бүгін топтар арасында білілімдерімізді сынасқалы жатырмыз.
Тазша: ой, осы кішкентай балалар бір нәрсе біледі дейсің бе?
Ж: я, әрине, біздің балалар жұмбақтарды ұтқыр оймен шешіп, мақалдарды мүдірместен айтып береді.
Тазша: ал, қанекей, көрсек көрейік.
Ж: Әр топ өздерін таныстырады.
Тасша:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кай топтың жауаптары кәдік шықты.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
- Олай болса іске сәт.
Ұлттық ойын: «Теңге ілу»
Ойын шартын Тазша бала түсіндіреді.
Тасша: Балалардың шапшаңдығын,ақылдылығын сынап көргім келіп тұр. Менің қойғам жұмбақтарымды шеше алады ма екен?!
1.Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (жуа)
2.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
3.Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт. (көгершін)
4.Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (нан)
5. Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
6. Күн ұзарып қар еріп,
Су сайларға толады,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
7. Күн ысып,
Жеміс - жидек пісіп,
Ел пішенін орады,
Бұл қай кезде болады? (Жаз)
8. Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады
Бұл қай кезде болады? (Күз)
9. Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)
10. Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары. (жапырақтар)
11. Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары. (жапырақтар)
12. Ти десем тимейді,
тиме десем тиеді. (Ерін)
13. Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?.... (Домбыра)
14. Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ. (Қант)
15. Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас. (таба нан)
16. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)
17. Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
18. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар. (Сарымсақ)
19. Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)
20. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Тазша: ой, жарайсыңдар! Мен сендердің осыншама білгір, тапқыр екендеріңді білмеппін! Ал ендеше, әділ қазыларымыз өз шешімдерін жариялағанша, балалардың күштерін сынап көрсек қайтеді.
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
Ж: Аталар сөзіменен өсіп өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған.
Даналар өсиетінен тәрбие алған
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен – деп сөзімді аяқтап уақыттарын бөліп бүгінгі сайысқа қатысуға келген балаларға алғысымыз шексіз. Бүгінгі бастамамыз әрі қарай жалғасын таба берсін. Рахмет.
«Сиқырлы әлем» тобының бүлдіршіндері Айсана мен Райянды ортаға «Ақ мамам» әнімен шақырайық