«Үш Аяз Ата»
Даярлық тобындагы жаңа жыл ертеңгілігінің сценариі
Көңілді музыка әуенімен балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он алтыншы жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
«Жаңа жыл» әні
Балалар орындарына отырады
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы шыршаның астында жатқан не екен? Бұл таяқша Аяз атаның таяғына ұқсайды ғой. (шыршаның қасынан хатты тауып алады. Ашып оқиды. Аяз Ата «Балалар мерекеге жиналғанда оны шақырып және таяқпен үш рет жерді соғу керек деп жазыпты» хатта). Балалар бұл сиқырлы таяқ шынымен де Аяз Атаныкі екен. Ендеше, балалар Аяз Атаны шақырайық па?
Музыка әуенімен Жалмауыз кемпір кіреді.
Жалмауыз кемпір: Қарайгөр өздерін, Аяз Атаны шақырады екен бұлар, ал мені болса ешкім шақырмай ма? Мен сендердің мерекелеріңді бұзамын, болмайды сендерде ешқандай мереке.
Жүргізуші: Сен кедергі жасама Жалмауыз кемпір. Бізге Аяз Атаны шақыру керек. «Аяз Ата» деп қатты айқайлап және таяқпен жерді үш рет соғуымыз керек. Ал, кәнекей бәріміз бірге!
(балалар «Аяз Ата» деп айқайлап жатқан кезде, жалмауыз кемпірде жағаласып бірдеңесін айтып жатады)
Жүргізуші: Біреу бізге кедергі жасады. Балалар байқадыңдарма?
Музыка әуенімен залға Санта Клаус келеді. Ағылшын тілінде сөйлейді.
Санта: Хо! Хо! Хо! Хэппи Нью Еа, май фрэндз!
Жүргізуші: Қараңдар, Аяз Ата, бірақ өзі бір түрлі киініп алыпты және не айтып тұрғаны түсініксіз.
Жалмауыз кемпір:(күліп) Сол керек сендерге, Аяз Аталарың келмейді. Ал мынаны түсініп көріңдер!
Санта: Ай эм из Санта Клаус! Кэн ю дэнс виз ми?
(жүргізуші Сантамен сөйлесуге тырысады бірақ ештеңе түсінбейді. Санта өзін таныстырады)
Жүргізуші:Ой, балалар, бұл біздің Аяз Атамыз емес. Бұл Санта Клаус ол өте алыста тұрады және оның елінде ағылшын тілінде сөйлеседі. Санта Клауста сол елдің балаларына жаңа жылда сыйлықтар таратады. Кәнекей, онымен амандасайық.
Санта: Дэнс, дэнс виз ми. (басын изеп балаларды ән айтуға шақырады )
Жүргізуші: Балалар ол бізбен бірге ән айтқысы келіп тұр екен. Қане бәріміз тұрып ағылшышн тіліндегі әнімізді айтайық.
Балалар шеңбер жасап тұрады.
Ағылшын тілінде 4 тақпақ
«Джингл беллс» әні
Санта: О, бьютифул! Файн!
Жүргізуші: Балалар Санта Клауска сендердің ән айтқандарың және тақпақтарың қатты ұнапты. Ал, енді Санта Клаусқа біздің шыршамыздың шамдарын жағып берсін деп айтайық.
(Санта шырша шамын жағуға тырысады бірақ жаға алмайды)
Жүргізуші: Аяз Атаны шақыру керек, шырша шамдары жанбай мерекенің сәні болмайды және Аяз Атасыз қалай жаңа жыл келеді. Қане, балалар тағыда Аяз Атаны шақырайық.
(балалар «Аяз Ата» деп айқайлап жатқан кезде, жалмауыз кемпірде жағаласып бірдеңесін айтып жатады)
Жүргізуші: Бізге тағыда біреу кедергі жасады ғой дим...
(музыка әуенімен Дед Мороз кіреді)
Дед Мороз: Здравствуйте ребята! С Новым годом вас, друзья!
Жүргізуші: Здравствуйте Дед Мороз! Балалар бұл біздің Аяз Атамыз емес. Бұл кісі Российский Дед Мороз екен балалар. Жәрайді, көңіл-күйімізді түсірмей-ақ қояйық. Одан да Дед Морозға орыс тілінде тақпағымызбен әнімізді айтып берейік.
Новый год, новый лёд, Новых песен хоровод.
Новый ветер мчится в даль.
Новый в доме календарь.
Новых звёзд волшебный свет
Посылает нам привет.
Бьют часы 12 раз
Всё исполнится у нас.
Нашу ёлку до макушки
Наряжали все подряд.
Вот игрушки и хлопушки,
Вот шары на ней висят
Здравствуй, гостья дорогая,
Ты нарядна и светла.
Целый год тебя мы ждали
Наконец-то ты пришла.
«Елочка гори» әні
Жүргізуші: Дед Морозға біздің әніміз бен тақпағымыз ұнаған сияқты. Ал енді Дед Морозға шырша шамын жағып берсін дейік.
(Дед мороз шырша шамын жағуға тырысады бірақ жаға алмайды)
Жүргізуші: Біздің Аяз атамыз келмей шырша шамдары жанбайтын сияқты. Балалар тағыда бір шақырып көрейік Аяз атаны.
Музыка әуенімен Жалмауыз кемпір кіреді
Жалмауыз кемпір: Не сендерге Аяз Аталар аз боп тұр ма? Келмейді сендердің Аяз Аталарың!
(балалар тағы да Аяз атаны шақырады, бірақ жүргізуші таяқпен жерді соқпайды. Жалмауыз кемпір тағыда кедергі жасйды)
Жүргізуші: Естідіңдерме, балалар? Мына жалмауыз кемпір екен ғой бағанадан бері бізге кедергі жасаған. Қане жалмауыз кемпірді ұстап алайық.
«Жібермейміз» ойыны
(жалмауыз кемпірді шеңберге қоршап алып шығармайды, жалмауыз кемпір шеңберден қашып шықпақшы болады бірақ шыға алмайды)
Жүргізуші: Енді бізге кедергі жасамайсыңба?
Жалмауыз кемпір: Менің де сыйлық алғым келеді бірақ мені ешкім мерекеге шақырмайды. Жіберіңдерші мені, мен енді бұлай жасамаймын.
Жүргізуші: Жіберейікпе балалар?
(Санта Клаус пен Дед Мороз жалмауыз кемпірге кәмпит береді.)
Жүргізуші: Міне, саған үлкен кәмпит.
Жалмауыз кемпір: Рахмет, мен енді бұзықтық жасамаймын. Бірақ, кетпес бұрын сендермен бір қызықты ойын ойнағым келеді.
Жүргізуші: Ал жарайд ойнайықпа балалар? (ия)
«Кім жылдам» эстафета
Ойыннан кейін жалмауыз кемпір балалармен қоштасып кетеді.
Жалмауыз кемпір: Сау болыңдар, балалар! Барып кәмпитімді жейін.
Жүргізуші: Балалар енді Аяз атаны шақырайық.
Бәрі: АЯЗ АТА!
Жүргізуші: Аяз Ата неғып келмей жатыр екен, мүмкін жолды қар басып қалдыма екен? Қане аққалар шығып Аяз Атаға жолды тазалап жіберсін.
«Аққалалар» биі
(Тағы да Аяз атаны шақырып таяқпен жерді үш рет соғады, музыка әуенімен Аяз Ата кіреді)
Аяз Ата:
Қандай жарқын жүздерің,Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,Асау жермен жарысқан
Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан
Ой! Мыналарды қара (Санта Клауспен Дед Морозды көреді). Бұлар менің бауырларым ғой. Сендер мұнда қалай келіп қалдыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата! Әйтеуір дегенде келдіңіз ғой. Бұл тағы да әлгі жалмауыз кемпірдің ісі ғой.
Аяз Ата: А-а-а түсінікті. Кездескеніме қуаныштымын.
(Аяз аталар амандасады)
Аяз Ата: Шыршамыз неге көңілсіз тұр?
Жүргізуші: Сіз жоқ болған соң, шырша шамын жаға алмадық.
Аяз Ата: Ендеше қазір мен бауырларыммен бірге шырша шамдарын жағайық, ал балалар бізге көмектессін. Бір, екі, үш, шырша, шырша, жарқыра.
Шырша шамдары жанады
Аяз Ата: Міне, бәрі орнына келді! Нағыз мереке деп осыны айт! Ал, мерекеге барлығымыз билейік, көңіл көтерейік. Ендеше ән айтайық. Санта мен Дед Мороз бірге қосылсын.
«Жаңа жыл» әні
Аяз Ата: Ән бәріне ұнаған сияқты. Ал, енді ойын ойнайықпа?
Санта: О, Ес! Ес! Конечно хотим.(на англ)
«Елочки пенечки» ойыны
Жүргізуші: Аяз Ата, сіз шаршаған боларсыз, отырып демалыңыз ал балалар сізге арнап жаттаған тақпақтарын оқып берсін.
Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Жаңа жылды қарсы аламыз
Бірге жүріп ән саламыз
От шашулар атылады,
Қызығамыз, тамсанамыз
Аяз Ата: Ыстықтап барамын. Жылы жерде көп отырып көрмегем, не істедім?
Жүргізуші: Уайымдамаыңыз Аяз Ата, қазір ақшақарлар сізді салқындатады. Қане ақшақарлар шығыңдар.
Ақшақар:
Мы - белые снежинки,
Как лёгкие пушинки
Искримся и блестим,
И к вам скорей летим.
На праздник к вам спустились
И в танце закружились.
«Ақшақарлар» биі
Жүргізуші: Аяз Ата біз ән айттық, би биледік, ойнадық. Енді балаларға сыйлық беретін кез келді ғой деймін.
Аяз Ата: Сыйлықтар? Әрине, сыйлық беретін кезде келді. (Дед Морозға қарап айтады) Ал бауырым бірінші кезек сенікі (ДМ мөшегінің ішінен шоколад тиын алып шығады)
Дед Мороз: Дарю вам золотую монету, а в ней здоровье вам на новый год!
Аяз Ата: Ал, енді сенің кезегің Санта. (Сантаға қарап айтады)
(Санта мөшегін сыйқырлап ішінен киндер-сюрприз алып шығады)
Санта: Киндер-сюрприз – веселый новый год!(ағылшынша)
Аяз Ата: (қолбағын шыршаның астына тығып, сыйқырлап оның орнына улкен қолғабын алып шығады да, ішінен шоколад аққаланы алып шығады). Ал менен сендерге мынандай көңілді аққала!
Жүргізуші: Ата, сыйлығыңыз аз сияқты емеспе?
Аяз Ата: (күліп) Аз болып тұр ма балалар? Жарайды, қане менің шаңғым қайда жүр екен?
(шананың келе жатқан дыбысы естіледі қоңыраулармен)
Аяз Ата: Міне, қазір келеді.
Жүргізуші: Балалар, Аяз Атаның шанасы бізге жеткенше біз көңілді самбо биін билейік.
«Самбо» биі
(би біткен соң музыка әуенімен залға шана кіреді)
Аяз Ата: Міне, сыйлықтарда келді. (сыйлықтарды таратады). Ал, енді біз кетейік. Аяз Аталарды басқа да балабақшада балалар тосып отыр ғой. Сау болыңдар!
(музыка әуенімен Аяз аталар шығып кетеді)